Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЭНТЕРОСОРБЕНТТЕРДІҢ ФАРМАЦИЯДА ҚОЛДАНУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Кіріспе: Адам ағзасынан зиянды және уландырғыш заттарды бойына сіңіріп шығаратын энтеросорбенттерге әдебиеттік шолу жүргізу. Энтеросорбенттердің жіктелуі және емдік әсерлері қарастырылады. Табиғи тектес энтеросорбент пектин дәрілік препарат түрінде және күнделікті тамақтану рационында қолданылатын табиғи өнімнің маңыздылығы қарастырылған. Мақсаты: Фармациялық практикада қолданылатын энтеросорбенттерге және табиғи тектес пектин энтеросорбентінің маңыздылығына әдебиеттік шолу жүргізу. Іздеу стратегиясы: Ақпараттық іздеу көздері мамандандырылған сайттарда Google Scholar, Web of Science, CyberLeninka электрондық ғылыми кітапханасында, PubMed (https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/) дерекқорда әдеби көздер іздестірілді. Іздеу тереңдігі 15 жыл болды. Келесі кілт сөздері қолданылды: MeSH терминдері: enterosorbent, carbon, silicon dioxide, lignin, pectin. Қосу критерийлері: мақалалардың толық нұсқалары, метаанализдер және жүйелік шолулар; Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген зерттеулер бойынша ағылшын, орыс тілдеріндегі мақалалар алынды. Алу критерийлері: бір жағдайларды және бірқатар істерді сипаттайтын мақалалар; 2000 жылдан ерте жарияланған мақалалар; дәлелдемелік базасы жоқ материалдар, есептер тезистері, тезистер және газет басылымдары. Барлығы 4664 дереккөздер табылды, оның 60-ы одан әрі талдауға таңдалды.Қорытынды талдау үшін 10 мақала таңдалды. Нәтижелері: Фармацевтикалық практикада қолданылатын энтеросорбенттердің түрлеріне ақпараттық шолулар жасалынды. Қазақстан Респубикасында фармацевтикалық рынокта дәрілік заттарды тіркеу реестрінде 14 адсорбциялық препарат бар екендігіне анықталынды. Энтеросорбенттердің сорбциялық көлемінің ұлғаюына сәйкес сорбциялық қабілеті жағынан белсендірілген көмір негізінде жасалынған препараттар алдыңғы орында тұрғаны айқындалады. Көміртек негізіндегі препарттарды ұзақ уақыт қолдануы, асқазан ішек жолдарының шырышты қабаттарының тітіркенуіне және асқазанның ойық жараларында қолдануға болмайтынын ескеру қажет. Асқазан ойық жараларында көбінесе табиғи энетеросорбенттерді қолданған тиімді болады. Атап айтатын болсақ табиғи талшықтар, лигнин, пектин. Қорытынды: Осылайша, энтеросорбенттер медицинада өте ежелден қолданылуына қарамастан, әлі күнге дейін өзекті дәрілік препараттар болып табылады. Осы топтағы дәрі-дәрмектерді қолдану гастроэнтерология шеңберінен әлдеқайда асып түсті және жедел интоксикация мен диарея кезінде липидтер мен көмірсулар алмасуының бұзылуы сияқты әртүрлі аурулармен ауыратын науқастарға тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Количество просмотров: 599

Ключевые слова:

Категория статей: Обзор литературы

Библиографическая ссылка

Амирханова А.Ш., Жексенбай Н., Кизатова М.Ж., Искакова Г.К., Набиева Ж.С., Омаркулова Ж.К. Энтеросорбенттердің фармацияда қолдану перспективасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 4 (Т.23). Б. 75-87. doi 10.34689/SH.2021.23.4.008

Авторизируйтесь для отправки комментариев