Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАҒАЛАУ ҮДЕРІСТЕРІНЕ ҚОҒАМДЫ НЕМЕСЕ НАУҚАСТАРДЫ ТАРТУ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
Кіріспе: Денсаулық сақтау технологияларын бағалау (ДСТБ) - бұл әділ, тиімді және сапалы денсаулық сақтау жүйесін құру туралы шешім қабылдаушыларды ақпараттандыру мақсатындағы пәнаралық процесс. Идеал жағдайында пациенттердің қатысуымен ДСТБ ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету және пациенттер мен олардың медициналық қызметтері арасындағы ақпараттандырылған диалогты дамыту арқылы пациенттердің білімін арттырады. Зерттеу мақсаты: денсаулық сақтау технологиясын бағалаудағы пациенттер мен халықтың рөлі туралы әдеби шолу жасау. Іздеу стратегиясы: Әдебиеттерді іздеу PubMed, Cochrane Review of Database Systems, Google Scholar сияқты деректер базаларында жүргізілді. Іздеуді зерттеу түрі бойынша шектеу үшін әдістемелік сүзгілер қолданылмаған. Іздеу 2011 жылдың қаңтары мен 2021 жылдың қаңтары аралығында жарияланған ағылшын және орыс тілдерімен шектелді. Кілт сөздер құрамына «денсаулық сақтау технологиясын бағалау», «пациенттер мен қоғамның рөлі», «пациенттің құндылықтары», «дәлелдер мен мүдделі тараптардың пікірлері» кірді. Жарияланымдар талданып, 43 толық мәтіндік құжаттар авторлармен таңдалған тақырып бойынша әдебиеттік шолуға қолданылды. Нәтижесі: Науқастардың қатысуын қамтитын ДСТБ процедурасы пациенттерге, жеке саясаткерлер мен денсаулық сақтау мамандарына қосымша құндылық болуы мүмкін. Австралия, Шотландия, Канада сияқты әр түрлі елдердегі пациенттерге бағытталған топтардың белсенді қатысуынан және тартуынан оң динамика байқалады. Пациенттерді ДСТБ-ға едәуір қатыстыруға шақырғанына қарамастан, пациенттердің қатысуы мен пациенттерді қолдау деңгейлері Еуропада әр түрлі болып келеді, мұнда негізгі кедергілер: тиісті қаржылық қолдаудың болмауы, жеткіліксіз дайындық және қолданыстағы қатысу мүмкіндіктері туралы аз хабардарлық. Қорытынды: Соңғы онжылдықта пациенттерге-бағытталған топтың ДСТБ-ға қатысуы пациенттердің өздерін де, шешім қабылдаушыларды да, мүдделі тараптар ретінде көбірек қызықтырады, бірақ оларды ДСТБ процесіне тартудың бірыңғай моделі жоқ. Пациенттердің ДСТБ-ға қатысуы мен рөлі денсаулық сақтау жүйесінің жергілікті құрылымына байланысты. Нормативтік құжаттардың, сондай-ақ құрылымдық, процедуралық немесе әдістемелік сипатта болмауы, пациенттерді ДСТБ-ға интеграциялаудың басты кедергісі болып табылады.
Количество просмотров: 620

Ключевые слова:

Категория статей: Обзор литературы

Библиографическая ссылка

Кулембекова Л.А., Кошербаева Л.К., Төлеуғали Ш.Е., Толганбаева К.А., Төлепбек Д.М. Денсаулық сақтау технологиясын бағалау үдерістеріне қоғамды немесе науқастарды тарту бойынша халықаралық елдердің тәжірибесі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 4 (Т.23). Б. 98-106. doi 10.34689/SH.2021.23.4.010

Авторизируйтесь для отправки комментариев