Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
КАРДИОВЕРТЕР ДЕФИБРИЛЛЯТОРЫН НАУКАСТАРҒА ТИІМДІЛІГІ. ӘДЕБИ ШОЛУ
Кіріспе: Жүрек-қан тамырлары аурулары бүкіл әлемде өлімнің негізгі себебі болып табылады. Жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуде имплантацияланатын кардиовертер дефибрилляторы (ИКД) сияқты технологиялық жетістіктер де маңызды рөл атқарады. ИКД аномалиялық жүрек ырғағын түзете алады. Зерттеудің мақсаты - жүрек ауруларындағы ИКД тиімділігін зерттеу. Әдіс-тәсілдер:: PubMed, Cochrane Library кітапханаларында әдебиеттерді іздеу жүргізілді. Іздеу келесі кілт сөздер кірді: implantable cardioverter defibrillator, efficiency, or effectiveness, quality of life, sudden cardiac death. Әдістемелік сүзгілерге метаанализ және систематикалық зерттеулер кірді. Іздеу 2011 жылдың қаңтары мен 2021 жылдың сәуірі аралығында жарияланған ағылшын және орыс тілдерімен шектелді. Қосу критериі: 1) мәліметтер базасында бар толық мәтіндер; 2) ағылшын немесе орыс тілдеріндегі мәтіндер; 3) соңғы онжылдықта (2011-2021) жүргізілген немесе жарияланған зерттеулер; 4) метаанализ және систематикалық зерттеулер. AMSTAR 2 бақылау тізімінің көмегімен енгізілген зерттеулердің сапасы талданды. Нәтижелер: Жүргізілген зерттеулер кенеттен жүрек өлімінің, жүректің ишемиялық артерия ауруы жоқ және жүректің ишемиялық ауруы бар сол жақ қарыншалық дисфункцияның алдын-алу үшін ИКД тиімділігін зерттеуді, гипертрофиялық кардиомиопатия және қарыншалық аритмиямен ауыратын науқастардың клиникалық нәтижелері мен асқынуларын қамтиды. Қорытынды: Қазіргі уақытта қол жетімді деректер альтернативті терапиямен салыстырғанда ИКД қолдану емдеудің маңызды нұсқасы екендігін көрсетеді.
Количество просмотров: 517

Ключевые слова:

Категория статей: Обзор литературы

Библиографическая ссылка

Бегисбаев Т., Ахметов В., Хван Д., Абдиев Н., Төлеуғали Ш. Кардиовертер дефибрилляторын наукастарға тиімділігі. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 203-212. doi 10.34689/SH.2021.23.5.022

Авторизируйтесь для отправки комментариев