ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫРЛАР АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР
Өзектілігі: Жүрек-қан тамырлары аурулары (ЖҚА) әлемдегі өлімнің басты себебі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын 17,9 миллион адам ЖҚА-дан қайтыс болады, бұл бүкіл әлемдегі өлімнің үштен бірі. ЖҚА өлімінің шамамен 75% -ы төмен және орташа табысты елдерде кездеседі.
Зерттеу мақсаты: ЖҚА алдын алу бойынша халықаралық және отандық тәжірибелерді жүйелі талдау.
Іздестіру стратегиясы: Біз PubMed, Web of science, Cochrane library, e-library, электронды деректер базасынан жүйелі іздеу жүргіздік, сонымен қатар Google Scholar қосымша ақпараттық ресурсын қолдандық. Нақты зерттеуге қосу және қоспау критерийлері қолданылды. Іздеу тереңдігі 15 жылды құрады, ағылшын және орыс тілдеріндегі деректер зерттелді. Сәйкес іздеу бойынша 3779 мақала табылды. Біріншілік талдаудан кейін 57 мақала қосу критерийлеріне сәйкес келіп, қорытынды талдауға алынды.
Нәтижесі: Әдеби шолуда Еуропа, Америка Құрама Штаттары, Канада, Финляндия, Польша, Ресей, Қырғызстан, Қазақстандағы жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бойынша мемлекеттік және қоғамдық іс-шаралар жайлы жазылған.
Қорытынды: Жүрек - қан тамырлары ауруларының алдын алу ЖҚА-дан пациенттердің өлімін төмендету және жүрек-қан тамырлар жүйесін сақтау үшін өте маңызды. ЖҚА аурушаңдықты төмендетуге бағытталған үлкен күш-жігеріне қарамастан, ЖҚА дүниежүзінде өлімнің басты себебі болып қала береді.
Количество просмотров: 734
Категория статей:
Обзор литературы
Библиографическая ссылка
Мукашева Г.Д., Булегенов Т.А. Жүрек-қантамырлар ауруының алдын алу бойынша халықаралық және отандық тәжірибелер // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 6 (Т.23). Б. 151-163. doi:10.34689/SH.2021.23.6.017Похожие публикации:
UNDERSTANDING OF RECURRENT RESPIRATORY INFECTIONS IN CHILDREN AT THE PRESENT STAGE. REVIEW.
ГЕМОДИНАМИЧЕСКИ ЗНАЧИМЫЙ ОТКРЫТЫЙ АРТЕРИАЛЬНЫЙ ПРОТОК У НЕДОНОШЕННЫХ НОВОРОЖДЕННЫХ ДЕТЕЙ. ОБЗОР ЛИТЕРАТУРЫ
RADIOIODINE-RESISTANT DIFFERENTIATED THYROID CANCER: CLINICOPATHOLOGICAL CHARACTERISTICS, MOLECULAR GENETIC ALTERATIONS. REVIEW.
ПРЕРЫВИСТАЯ КАТЕТЕРИЗАЦИЯ МОЧЕВОГО ПУЗЫРЯ КАК «ЗОЛОТОЙ СТАНДАРТ» ЛЕЧЕНИЯ НЕЙРОГЕННОГО МОЧЕВОГО ПУЗЫРЯ У ЛИЦ, С ПОВРЕЖДЕНИЕМ СПИННОГО МОЗГА
АНАЛИЗ ОПЫТА МЕДСЕСТЕР И ФАКТОРОВ, ВЛИЯЮЩИХ НА ДОБРОВОЛЬНОЕ СООБЩЕНИЕ ОБ ИНЦИДЕНТАХ