РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПТІЛІК ЖӘНЕ ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУШАҢДЫҒЫ. ӘДЕБИ ШОЛУ
Өзектілігі: Радиоактивті ластану қоршаған орта мен адам денсаулығына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Уран және оның ыдырау өнімдері адамның табиғи иондаушы сәуле көздерінің әсеріне ұшырауға әкеліп соқтырады. Радонның жоғары деңгейі, табиғи радиация көздері мен ұзақ және ірі ауқымды уран өндіру Қазақстанның солтүстік аудандарында кеңінен таралғандығы байқалады. Елдің көптеген өңірлерінде радонның жоғары деңгейі бар екеніне қарамастан радонның Қазақстан халқына әсері аз зерттелген.
Жұмыстың мақсаты: Уран және оның еншілес өнімдерінің экологиялық қолайсыз аймақтарда тұратын халыққа әсері және денсаулыққа ықтимал әсерлері туралы әдебиеттерді талдау.
Іздеу стратегиясы: Мамандандырылған Google Scholar іздеу жүйесінде, Web of Science, PubMed базасында және CyberLeninka электрондық ғылыми кітапханасында дереккөздерді іздеу жүргізілді. Іздеу тереңдігі 20 жылды құрады. Ақпараттық шолуды іздеуде келесідей түйінді сөздер қолданылды: уран, радон, қатерлі ісіктер, радиоактивтілік, халық денсаулығы (MeSH Terms: uanus, uranium contamination, human exposure, health risk, radon, cancer incidence). Әдебиеттерге шолу электронды және қол режимінде жүргізілді. Енгізілетін критерилер: Орыс және ағылшын тілдеріндегі мақалалар; толық мәтінді эпидемиологиялық және клиникалық зерттеулер. Енгізілмейтін критерилер: Анық емес тұжырымдары бар мақалалар, қайталанатын мақалалар, тезистер, ақылы қол жетімді мақалалар, газет басылымдары. Барлығы 566 дереккөз табылды, оның ішінен қорытынды талдау үшін 57 мақала таңдалды.
Нәтижесі: Барлық осы зерттеулер радонның және оның еншілес өнімдерінің сәулеленуі халықтың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін екенін көрсетеді. Радонмен сәулелену - өкпе қатерлі ісігінің екінші себебі және ешқашан темекі шекпегендердің арасында бірінші болып табылады. Қазақстанда табиғи және антропогендік жоғары радиоактивтілікке әкелетін бірқатар факторлары бар аудандар бар, оның ішінде табиғи радиоактивтілігі өте жоғары көптеген учаскелер, уран кен орындары, сондай-ақ уран кеніштері мен уран минералдануымен байланысты басқа да пайдалы қазбалардың тау-кен кәсіпорындарының ұзақ мерзімді қызметі бар.
Қорытынды: Осылайша, қауіп-қатерді бағалау және аурудың алдын алу үшін сәулеленуге ұшыраған адамдардың популяциясын бақылау қажет екендігі айқын болды. Бұл тақырып Қазақстан Республикасы үшін өте өзекті болғандықтан, уран деңгейі жоғары аудандарда тұратын халықтың онкологиялық аурулар қаупіне толық ауқымды зерттеулер жүргізу қажет.
Количество просмотров: 652
Категория статей:
Обзор литературы
Библиографическая ссылка
Ілбекова Қ.Б., Ибраева Д.С., Аумаликова М.Н., Бахтин М.М. Радиациялық қауіптілік және қатерлі ісік аурушаңдығы. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 175-182. doi 10.34689/SH.2022.24.2.021Похожие публикации:
UNDERSTANDING OF RECURRENT RESPIRATORY INFECTIONS IN CHILDREN AT THE PRESENT STAGE. REVIEW.
ГЕМОДИНАМИЧЕСКИ ЗНАЧИМЫЙ ОТКРЫТЫЙ АРТЕРИАЛЬНЫЙ ПРОТОК У НЕДОНОШЕННЫХ НОВОРОЖДЕННЫХ ДЕТЕЙ. ОБЗОР ЛИТЕРАТУРЫ
RADIOIODINE-RESISTANT DIFFERENTIATED THYROID CANCER: CLINICOPATHOLOGICAL CHARACTERISTICS, MOLECULAR GENETIC ALTERATIONS. REVIEW.
ПРЕРЫВИСТАЯ КАТЕТЕРИЗАЦИЯ МОЧЕВОГО ПУЗЫРЯ КАК «ЗОЛОТОЙ СТАНДАРТ» ЛЕЧЕНИЯ НЕЙРОГЕННОГО МОЧЕВОГО ПУЗЫРЯ У ЛИЦ, С ПОВРЕЖДЕНИЕМ СПИННОГО МОЗГА
АНАЛИЗ ОПЫТА МЕДСЕСТЕР И ФАКТОРОВ, ВЛИЯЮЩИХ НА ДОБРОВОЛЬНОЕ СООБЩЕНИЕ ОБ ИНЦИДЕНТАХ