Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖАРАЛАРДЫ ЕМДЕУДЕГІ ДЕРБЕС АУТОТЕРІЖАМАУДЫҢ НӘТИЖЕСІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Кіріспе. Емдеу тәжірибесінде хирургиялық жаралар кең тараған сырқаттар түрлерінің бірі болып саналады. Оларды емдеу барысында аутотеріжамауларға жүгінуге тура келеді. Зертеу мақсаты. Аутотері жамаудың хирургиялық жараларды емдеудегі тәжірибелерге сараптама жасау. Іздеу стратегиясы. 1986 жылдан 2022 жыл аралығындығы әдебиеттер базасынан хирургиялық жаралар, аутотеріжамау кілтті сөздер аясында іздестірілген. Сараптама жүргізу үшін 125 дерек көздері таңдалып алынды. Нәтижелер. Хирургиялық созылмалы жазылмайтын тері жаралармен бірге, жарақат және қантамыр жолдарының ақауына байланысты орын алатын трофикалық ойық жаралар мен күйік шалған жарақаттарды емдеуде, зерттеулерді жалғастыру үшін кең қолданылатын аутотеріжамаудың әлі де түбегейлі шешілмеген мәселелері мен тұстары белгілі болды. Хирургиялық жара түрлері әрқилы клиникалық үрдіспен дамып, ерекше емдеу шараларын қолдануды қажетсінеді. Жараларды емдеуде заманауи техника мен технологияның даму жетістіктерін қолдана отырып, жергілікті емшар түрлерін қолдану маңызды. Дербес аутотері қиындысымен жамау кең көлемді тері жараларын бір мезетте жабу, жараның қосымша жарақаттануына жол бермеуімен ерекшеленеді. Қолданыстағы хирургиялық жараларды емдеудегі аутотеріжамау әдістерін сараптай келіп, оның алда әлі де оңтайландыру жолдарын іздеудің қажеттілігі бар екендігі анықталады. Қорытынды. 1. Хирургиялық созылмалы жазылмайтын тері жаралармен бірге, жарақат және қантамыр жолдарының ақауына байланысты орын алатын трофикалық ойық жаралар мен күйік шалған жарақаттарды емдеуде, зерттеулерді жалғастыру үшін кең қолданылатын аутотеріжамаудың әлі де түбегейлі шешілмеген мәселелері мен тұстары анықталған. 2. Проблемаға зер салып, көңіл бөлінініп, әлі де ғылыми ізденістер жүргізілуі қажет.
Количество просмотров: 446

Ключевые слова:

Категория статей: Обзор литературы

Библиографическая ссылка

Иманғазинов С.Б., Омаров Н.Б., Андасбеков Н.Қ., Қайырханов Е.К., Таштемирова О.Г., Жусупов С.М., Казанғапов Р.С. Жараларды емдеудегі дербес аутотеріжамаудың нәтижесін оңтайландыру. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6(Т.24). Б. 170-186. doi 10.34689/SH.2022.24.6.022

Авторизируйтесь для отправки комментариев