БАЛАЛАРДАҒЫ ДИФФУЗДЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ПОЛИПОЗ: ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Kіріспе Диффузды жанұялық полипоз (ДЖП) аутосомды-доминантты тұқым қуалайтын сирек кездесетін генетикалық ауру, егер ерте анықталмаса және емделмесе, колоректальды карциномаға ауысады.
Зерттеу мақсаты балалардағы диффузды жанұялық полипоздың (ДЖП) этиопатогенезі, диагностикасы, емі және асқыну мәселелері бойынша әдебиеттерге шолу жасау.
Іздеу стратегиясы. Web of Science,PubMed, e-Library, кіріс деректерін пайдалана отырып екі тілде «отбасылық диффузды полипоз» (орыс және ағылшын), таңдау тереңдігі 10 жыл әдебиеттерге шолу жүргізілді. Нәтижесінде 1175 мақала табылды, одан 97 мақала таңдалды.
Нәтижелер: Көптеген авторлардың пікірінше, ауру APC геніндегі мутацияға негізделген. Диагноз фиброколоноскопиямен биопсия және генетикалық тестілеу арқылы қойылады. Ең жиі кездесетін асқынулар қалқанша безіндегі қатерсіз түйіндер (2-12%), қалқанша безінің қатерлі ісігі (38-79%), гепатобластомалар ретінде сипатталады. Асқынулардың дамуының жоғары қаупі толық генетикалық сараптама және 15 жасқа дейін динамикалық бақылау, туыстарында альфа-фетопротеинді анықтау көрсетіледі. Емдеу тактикасы ДЖП анықталған нозологиялық нысанына байланысты және тиісті мамандардың (педиатр, проктолог, онколог, патолог, генетик, молекулярлық биолог) қатысуымен анықталады. Хирургиялық тактика туралы мәселе әлі де ашық. Дегенмен, авторлардың көпшілігі функционалды аспектілерді жақсартатын илеоанальды анастомоз бен аш ішектің резервуарының қалыптасуымен колопрокэктомияны орындауды ұсынады. Хирургиялық емдеу кез келген жаста мамандандырылған балалар колопроктологиялық орталықтарында жүзеге асырылады.
Қорытынды ДЖП анықталған жағдайда қатерлі ісік пайда болу қауіпін анықтау керек, науқасқа операциядан кейінгі реабилитациялауды педиатр, гастроэнтеролог, онколог, патоморфолог, генетик және молекулярлы биологтардың мультидисциплинарлы қатысуы арқылы шешу қажет.
Количество просмотров: 715
Категория статей:
Обзор литературы
Библиографическая ссылка
Месова А.М., Санбаев М., Акимжанов Қ.Д., Абдрахманов С.Т., Ван О.Т., Уразалина Ж.М. Балалардағы диффузды жанұялық полипоз: әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 4 (Т.25). Б. 182-190. DOI 10.34689/SH.2023.25.4.023Похожие публикации:
ANALYSIS OF ANTIBIOTIC PRESCRIBING PRACTICES IN PRIMARY HEALTH CARE SETTINGS. PART I
THE IMPACT OF GENE MUTATIONS IN THYROID CANCER: A REVIEW
EXPLORING THE ROLE OF miRNA’S IN DRUG-RESISTANT EPILEPSY. A LITERATURE REVIEW
ОРГАНИЗАЦИОННЫЕ АСПЕКТЫ УПРАВЛЕНИЯ РИСК ОРИЕНТИРОВАННЫМИ ТЕХНОЛОГИЯМИ В ОРГАНИЗАЦИЯХ РОДОВСПОМОЖЕНИЯ
СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ УСТОЙЧИВОСТИ ДЕРМАТОФИТОВ К АНТИМИКОТИЧЕСКИМ ПРЕПАРАТАМ