Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ COVID-19: ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ МЕН КЛИНИКАСЫ
Кіріспе. Коронавирус инфекциясы 2019 (COVID-19) - жедел респирациялық синдромды тудыратын (SARS-CoV-2) коронавирус 2 әсерінен дамитын ауыр жіті респирациялық инфекция [1]. Вирус алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында Ухань, Қытайдың Хубэй провинциясында белгісіз этиологиялы пневмонияның жан-жақты таралуы кезінде анықталған [2]. Ауру Қытайдан тыс жерде тез таралған, 30 қаңтарда БДҰ денсаулық сақтау саласындағы халықаралық төтенше жағдайы жарияланып, 2020 жылдың 11 наурызында пандемия ресми түрде хабарланған [3]. Сырқат - COVID-19, ал оның қоздырғышы - SARS-CoV-2 деп аталған [4]. Қазақстанда жаңа коронавирустық инфекцияның (КВИ) алғашқы жағдайлары 2020 жылдың 13 наурызында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген. Бұлар Германия мен Италиядан әкелінген. Зерттеу мақсаты: Қазақстандағы COVID-19 эпидемиологиясын, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы (ШҚО) инфекцияның клиникалық көріністерін талдау. Материалдар мен әдістер: Қазақстанда ретроспективті зерттеу жүргізілген. Жаңа КВИ туралы эпидемиологиялық мәліметтер 2020 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің деректерінен алынған. Семейде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған КВИ сырқатына ұшыраған науқастардың ауру тарихы талданған. COVID-19 диагнозы, негізінен аса қауіпті патогендерді анықтауға арналған референс-зертханасында (Өскемен, Семей) жүргізіліп, полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісі көмегімен расталған. Зерттеу нәтижелері сипаттамалық статистика жүзіндегі ретроспективті талдауы арқылы жүргізілгендіктен этикалық комитеттің қорытындысы өткізілген жоқ. Нәтижелері: Қазақстанда қаңтар айынан бастап алдын алу шаралары басталған, оған мемлекеттік шекара жүзінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту, жаңа инфекцияларға зертханалық диагностика енгізу, КВИ диагнозын қою мен емдеудің алғашқы клиникалық хаттамасын бекіту және жолаушылардың теміржол көлігін тоқтату кірген, сонымен қатар ел ішіндегі және одан тыс жерлердегі әуе байланыстары, коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты саралау әдістемесін әзірлеу мен енгізу, сондай-ақ келген елге келетін адамдарды бақылауды енгізу. Аурудың таралуын болдырмау үшін елде төтенше жағдай және карантин енгізілген. Наурыз айында сырқаттық жағдайлар көбінесе науқастармен байланыста болғандар мен шетелден келген адамдар арасында анықталған. Сәуір айында профилактикалық тестілеу басталып, КВИ сырқатының көбеюі коронавирустық инфекцияны тестілеу көлемінің ұлғаюымен байланысты болған. Сәуір-мамыр айларында науқастардың 66%-ы скрининг кезінде анықталғаны тіркелген. Төтенше жағдай алынып тасталғаннан кейін, елдегі және аймақтағы эпидемиологиялық жағдайына байланысты карантиндік шектеулер біртіндеп жеңілтуімен жүзеге асырылған. Қорытынды: Қазақстанда, басқа елдердегідей, COVID-19 сырқатының өсіп бара жатқанын айта кеткен жөн. Демек, жаңа коронавирустық инфекцияны бақылау жүзіндегі алдын алу шаралары маңызды рөл атқарады.
Сауле Б. Маукаева1, http://orcid.org/ 0000-0002-2679-6399 Салтанат Е. Узбекова1, http://orcid.org/0000–0001–9006–120X Айнаш С. Оразалина1, http://orcid.org/0000-0003-4594-0138 Дархан E. Узбeкoв1, http://orcid.org/0000–0003–4399–460X Ерсін Т. Жүнісов1, https://orcid.org/0000-0002-1182-5257 Мұхтар Б. Мусабеков1 http://orcid.org/0000-0003-4893-1114 1 «Семей медицина университеті» ҚеАҚ, Семей қаласы, Қазақстан Республикасы.
Количество просмотров: 1938

Ключевые слова:

Категория статей: Актуальная тема Covid-19

Библиографическая ссылка

Маукаева С.Б., Узбекова С.Е., Оразалина А.С., Узбeкoв Д.E., Жунусов Е.Т., Мусабеков М.Б. COVID-19 в Казахстане: эпидемиология и клиника // Наука и Здравоохранение. 2020. 3(Т.22). С. 17-21. doi 10.34689/SH.2020.22.3.003

Авторизируйтесь для отправки комментариев