Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ТАБАННЫҢ ТАЙҚУЫН, ТОБЫҚ СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ЖІЛІК АРАЛЫҚ СИНДЕСМОЗ ДИАСТАЗЫН ОРНЫНА КЕЛТІРІП ТАБАНДЫ АСЫҚТЫ ЖІЛІККЕ БЕКІТУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУДАҒЫ КЛИНИКАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ
Өзектілігі. Тобық сынықтары - егде жастағы әлсіз науқастарда немесе жас буындардағы сирақ-табан буынындағы қарапайым бұралу жарақаты нәтижесінде пайда болатын жиі кездесетін жарақаттар. Бұл сынықтарды емдеудегі жарақаттан кейінгі кездесетін буын беттеріндегі артроз қаупін азайту үшін бірлескен тұрақтылық пен теңестіруді қалпына келтіруге бағытталған. Тобық сынықтарының сынуы барлық сынықтардың шамамен 9% құрайды, 100 000 адамға 122 жиілікте кездеседі және 100 000 адамға 83 ауруханаға жатқызуды қажет ететін жарақат түрі болып кездеседі. Бәсекелес хирургиялық технологияларды жүйелі шолудан алынған дәлелдемелер ұзақ мерзімді нәтижелерге көбірек көңіл бөлумен қоса, қосымша бағалау қажет деген қорытындыға келді. Зерттеу мақсаты: Табанның тайқуы, немесе шығуы бар тобық сүйектерінің күрделі сынықтарын емдеу кезінде оларға репозиция жасайтын және біздерді тура өткізуге арналып жасалған құрылғымен табанды асықты жілікке трансартикулярлы бекітуді травматологияның жедел көмек көрсетудегі клиникалық тәжірибесінде пайдалану арқылы, осы жарақатты аурулардың емдеу нәтижелерін жақсарту. Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу дизаины 2015-2018 жылдар аралығында жүргізілген проспективті клиникалық зерттеу. Зерттеуге тобықтың жабық сынықтары, табанның шығуымен немесе тайқуымен жүретін барлығы 142 науқас алынды. Табанды асықты жілікке буын арқылы бекіту жасалған науқастар саны 87 ер адамдар (61,3%) және 55 әйел адамдар (38,7%) олардың жас ерекшеліктері 19 дан 75 жасты құрады (орташа жастары 46,1±2,5 жыл). Зерттеу тобына 97 науқас кірді, олардың емдеу үрдісіне ойластырылған құрылғы қолданылды. Салыстыру тобында 45 адам (31,7%), оларға құрылғыны қолданусыз біз өткізілді. Клиникалық зерттеу шеңберінде асқыну жиілігін, ұзақ мерзімдегі функционалдық нәтижелерді, емдеу ұзақтығының көрсеткіштерін кешенді талдау жүргізілді. Статистикалық есептеулер. Сандық деректерді талдау кезінде Шапиро-Уилк критерийін визуалды бағалаумен және қолданумен үлгідегі белгінің дұрыс таралуына тексеру жүргізілді. Жиілік индикаторларын салыстыру үшін Пирсон χ2 критерийі қолданылды.Егер кез-келген кіші топтардың саны 10-нан аз болса, онда Фишердің екі жақты дәл критерийі қолданылды. Нөлдік гипотезаны қабылдамау үшін P=0,05 статистикалық маңыздылық деңгейі қабылданды. Зерттеу нәтижелері: Зерттеу тобының деректерімен салыстырғанда тобық сынықтарының табан тайқуымен немесе шығуы кезіндегі науқастарды емдеудегі салыстыру тобының деректерімен салыстырғанда негізгі топтағы артроз-артриттің салыстыру тобымен салыстырғанда 3 есе төмен екенін көрсетті (5,2%, р=0,07 және 15,6%, р=0,07), КТ бойынша буындарының шеміршек тіндерінің зақымдануы 31,3% - ға, (р=0,048) аз, тобық пен аяқ сынықтарының, екіншілік ығысуы және біздердің сынуы 12,8% - ға аз болды (р<0,01) және біздердің айналасындағы жұмсақ тіндердің қабынуы 3 есе азайды, біздік остеомиелит мүлдем болған жоқ. Сондықтан емдеудің жақсы нәтижелері негізгі топта 19,1% - ға (р=0,03), ал қанағаттанарлық нәтижелер 14,7% - ға, (р<0,01) аз болды. Негізгі топта қанағаттанарлықсыз нәтижелер болған жоқ. Негізгі топпен салыстырғанда салыстырмалы топтағы асқынулары бар науқастар арасында емдеу ұзақтығы 10,1±0,7(р=0,04) тәулікті құрады (11,0%, р=0,03). Қорытынды: СТБ сүйек-капсула-байлам негізінің ауыр механикалық жарақаты кезіндегі емдеу нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік беретін жоғарыдағы кемшіліктерді болдыртпайтын осы заманға сай «Табанның тобық сынықтарының және жілік аралық синдесмоз диастазының, тайқуын орнына келтіріп, табанды асықты жілікке трансартикулярлы бекітуге арналған құрылғы» жасалынып оны клиникалық тәжірибеде пайдаландық. Құрылғыға РФ №2690613, А61В17/56 (2018.08) 04.06.2019 ж. патент алынды.
Количество просмотров: 892

Ключевые слова:


Библиографическая ссылка

Серикбаев А.С., Дюсупов А.А., Жуманбаева Ж.М., Ван О.Т., Смагулова Ж.И., Шарапиева А.М., Сеиткабылов А.А. Табанның тайқуын, тобық сынықтарының және жілік аралық синдесмоз диастазын орнына келтіріп табанды асықты жілікке бекітуге арналған құрылғыны қолданудағы клиникалық нәтижелері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б. 77-90. doi 10.34689/SH.2023.25.6.009

Авторизируйтесь для отправки комментариев