Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СУБЛЕТАЛДЫ ДОЗАДАҒЫ ИОНДАҒЫШ СӘУЛЕНІҢ КЕЙІНГІ МЕРЗІМІ МЕН ЭМОЦИЯЛЫҚ КҮЙЗЕЛІСТІҢ ҚОСАР ӘСЕРІНДЕГІ ЭНЕРГИЯЛЫ АЛМАСУ ФЕРМЕНТТЕРІ БЕЛСЕНДІЛІГІНЕ СЫҒЫНДЫ ӘСЕРІ

Кіріспе. Адаптациялық үдеріс кезінде энергиялық алмасу жүйесінде күрделі өзгерістер туындап, тін және ағзаларда қызметтік және құрылымдық қайта құрылымдар жүреді. Соңғы уақыттарда зерттеушілердің бұл мәселеге - күйзелістің патогенездік механизміне назарларының артқанына қарамастан бұл патология кезіндегі алмасу үдерістері туралы мәліметтер жеткіліксіз, әсіресе стрессогенді факторлардың қосарлана әсері туралы. Ағзаның адаптациялық қалыптылығының негізгі өлшемі биожүйелердегі энергиялық потенциалы тұрақтылығын ұстап тұру болады. Бұл жүйенің маңыздылығын ескере отырып, сублеталды дозалы γ-сәуле әсерінің кейінгі кезеңі мен эмоциялық күйзелістің қосар әсері кезінде туындаған патологиялық үдерістегі рөлін анықтау және оны түзеу өзекті.

Жұмыстың мақсаты - сублеталды дозалы (6 Гр) γ-сәуле әсерінің кейінгі кезеңі мен эмоциялық күйзелістің қосар әсерінде ағзадағы энергиялық алмасу ферменттері өзгерісіне Эминиум Регел сығындысының ықпалын зерттеу.

Материалдар мен әдістер. Қойылған мақсатты шешу үшін, салмағы 240±20 гр Wistar бағыттағы 70 аталық ақ егеуқұйрықтар 7 топқа бөлініп тәжірибе жүргізілді. Эмоциялық күйзелісті жануарлардың құйрығынан төмен қаратып, ілу арқылы жүргізілді, эксперименттен күйзелістен 1, 2, 3 күн өткеннен соң алдын ала эфир арқылы шала ұйқыға жеткізіп, жартылай декапитация арқылы шығарылды. Жануарларды зерттеуге 90 күн қалғанда TERAGAM Сo60 («ISOTREND spol. s.r.o.», Чехия) атты радийтерапевтикалық қондырғыда бір мезетте 6 Гр дозада сәулеленді.

Нәтижелері. Зерттеуге алынған көкбауыр, тимус, бүйрек үсті безі және лимфолизатта сукцинатдегидрогеназа ферментінің және барлық жасушалардағы цитохромоксидаза ферменті белсенділігінің төмендеуі жасушаны энергиялы қамтудағы зат алмасулы және ферментті үдерістердің күзеліске түсіп, энергиялы тапшылықта болғаны белгілі болды. Аталмыш құбылыс қосарлы әсердің 3 күнгі нәтижелерден анық көрінді. Тексеріске түскен сығынды тежелген ферменттердің белсенділігін арттыру бағытындағы ықпалы анықталды.

Қорытынды. Қос фактордың - гамма-сәуленің кейінгі кезеңдегі әсері мен эмоциялық күйзелістің қосарлы әсеріне ұшыраған топтардағы жануарларда энергиялық алмасу ферменттердің белсенділігі төмендеген. Қос фактордың әсерінен төмендеген энергиялық алмасу ферменттері белсенділігін 2,5 мг/кг мөлшерде енгізілген Эминиум Регелдің ықпалынан артқан.

Количество просмотров: 13629



Библиографическая ссылка

Ильдербаева Г.О. Влияние экстракта на активность ферментов энергетического метаболизма после сочетанного действия эмоционального стресса и сублетальной дозы γ-излучения в отдаленном периоде / / Наука и Здравоохранение. 2016. №3. С. 107-118.

Ilderbayeva G.O. Effect of extract on activity of energy metabolism enzymes after combined effect of emotional stress and sublethal dose of γ-radiation in remote period. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 3, pp. 107-118.

Ілдербаева Г.О. Сублеталды дозадағы иондағыш сәуленің кейінгі мерзімі мен эмоциялық күйзелістің қосар әсеріндегі энергиялы алмасу ферменттері белсенділігіне сығынды әсері / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №3. Б. 107-118.


Авторизируйтесь для отправки комментариев