Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕРІНДЕГІ СҮЙЕК ҰЛПАСЫНЫҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ ЖӘНЕ ОСТЕОПОРОЗ ДАМУЫНА ALDH7A1 ГЕНІ ПОЛИМОРФИЗМІНІҢ ӘСЕРІ
Остеопороз – сүйек көлемі бірлігінде сүйек заты мөлшерінің қарқынды төмендеуімен сипатталатын ауру. Ацетальдегиддегидрогеназа (ALDH) остеобласттар пролиферациясын ингибирлеп, сүйек ұлпасының қалыптасуын төмендете алады. Осыған байланысты ОП бар Қазақстан әйелдерінің арасында ALDH7A1 генінің полиморфизм қауымдастығын зерттеу сөзсіз қызығушылық тудырады. Зерттеуге Павлодар қ-сы емханаларында және Алматы қ-сы Асфендияров С.Д. атындағы ҚазҰМУ клиникасында тексеруден өткен 21-84 жас аралығындағы 419 әйел қатысты. Барлық қатысушылардың DEXA әдісімен сүйектің минералды тығыздығы анықталды. Ақпараттық келісім алынған соң биологиялық материал (қан) үлгілерін жинақтау жүргізілді, олардан геномдық ДНҚ бөліп алынды. Генотиптеуді арнайы зондтар TaqMan® SNP Genotyping Assay пайдаланып, Real-time PCR әдісімен жүргізілді. СМТТ нәтижелері бойынша әйелдер 2 топқа бөлінді: СМТТ төмен (153 остеопения және 76 ОП тобы) және қалыпты СМТТ (190 бақылау тобы). Генотиптеу деректерін талдау қазақтар арасындағы ОП даму қаупі бар сенімді қауымдастықты көрсетті (OR=1.7,C.I.=[1.57-5.02], p=0.0004), сонымен қатар орыс әйелдерінің арасындағы ОП бар топ генотипінің мутанттылығы 29.2% асып түсті, ол осы топтағы СМТТ төмендігімен байланысты. Осылайша, ALDH7A1 Қазақстан әйелдерінің арасындағы ОП даму қаупі мен төмен СМТТ ықпал ететін потенциалды генетикалық меркерлер болып табылады.
Количество просмотров: 535

Ключевые слова:

Категория статей: Статьи

Библиографическая ссылка

1 А.М. Айткулова, 1,2 А.Р. Акильжанова, 2 Ж.М. Абилова, 3 З.С. Жуматова, 4 Г.А. Акильжанова ВЛИЯНИЕ ПОЛИМОРФИЗМА ГЕНА ALDH7A1 НА МИНЕРАЛЬНУЮ ПЛОТНОСТЬ КОСТНОЙ ТКАНИ И РАЗВИТИЕ ОСТЕОПОРОЗА У ЖЕНЩИН КАЗАХСТАНА.//Наука и Здравоохранение 2014.№5. С. 40-44 1 А.М. Айткулова, 1,2 А.Р. Ақылжанова, 2 Ж.М. Абилова, 3 З.С. Жуматова, 4 Г.А. Ақылжанова ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕРІНДЕГІ СҮЙЕК ҰЛПАСЫНЫҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ ЖӘНЕ ОСТЕОПОРОЗ ДАМУЫНА ALDH7A1 ГЕНІ ПОЛИМОРФИЗМІНІҢ ӘСЕРІ.//Ғылым және Денсаулық сақтау 2014.№5. C. 40-44 1 А.М. Aitkulova, 1,2 A.R. Akilzhanova, 2 Zh.M. Abilova, 3 Z.S. Zhumatova, 4 G.A. Akilzhanova EFFECT OF POLYMORPHISM OF ALDH7A1 ON BONE MINERAL DENSITY AND OSTEOPOROSIS IN WOMEN OF KAZAHSTAN.//Nauka I Zdravookhranenie 2014.№5. C. 40-44

Авторизируйтесь для отправки комментариев