СРАВНИТЕЛЬНАЯ ОЦЕНКА БОЛЕВОГО СИНДРОМА ОПЕРИРОВАННЫХ БОЛЬНЫХ С ПАХОВЫМИ ГРЫЖАМИ
Семей қаласының ММУ МО-да 2008 – 2015 жылдар арасындағы шап жарығы бойынша операция жасалған науқастарға салыстырмалы бағалау жүргізілді. Негізгі топтың науқастарына авторлармен ұсынылған әдіс бойынша операция жасалды. Ұсынылған әдіс дәстүрлі әдістермен салыстырғанда артықшылығы бар, үлкен көлемді шап ұма жарығы мен рецидивті шап жарықтарда араласудың әмбебап әдісі болып табылады. Әдіс бір уақытта шап каналының алдыңғы және артқы қабырғасын, шап байламының және сан каналының бекітуге мүмкіндік береді, ол операциядан кейінгі ауырсыну синдромының аз болуы мен рецидивтің болмауына негізделеді. Әдісті қолдану операциядан кейінгі асқынулардың санын азайтуға, алыстатылған нәтижелерді жақсартуға мүмкіндік береді.
Мақсаты – рецидивті және үлкен көлемді шап-ұма жарықтары бар науқастардағы ерте операциядан кейінгі кезеңде ауырсыну синдромының интенсивтілігін талдау .
Материалдар және әдістер. Бассини бойынша артқы қабырғасының пластикасымен салыстыра отырып, біз ұсынған әдіс бойынша тіндерді тартусыз герниопластикамен операция жасалған рецидивті және үлкен көлемді шап-ұма жарықтары бар 359 науқасқа хирургиялық емнің талдауы жүргізілді. Барлық науқастар – ер адамдар. Науқастардың жастары 20 ден 87 аралығында, шамалы жас шамасы 57,7 жас (Me-58,0; Q1-50,0; Q3-67,0). Негізгі топта 7 науқаста II типті жарық, 17 науқаста - III а типті, 33 науқаста - III b типті, 6науқаста - IV а типті, 14 науқаста - IV b типті жарық диагностикаланды. Клиникалық салыстыру тобын 282 науқас құрады. 29 науқаста II типті, 62науқаста - III а типті, 170 - III b типті, 7 - IV а типті, 14 науқаста - IV b типті жарық диагностикаланды. Клиникалық салыстыру тобындағы барлық науқастарға Бассини бойынша артқы каналдың пластикасы жасалды.
Нәтижелер. НТ және КСТ науқастарының оперативті емнің эффективтілігін бағалау үшін келесі критериилер қолданылды: операциядан кейінгі ауырсыну синдромы. Нәтижелер герниопластикадан кейін 1, 2, 3, 5 және 7 тәуліктері бағаланды. Зерттеуге ауырсыну дәрежесін, клиникалық зерттеуді бағалау кірді. Ауырсыну интенсивтілігі гримас Ванг-Бейкердің визуальды аналогты шкаласы бойынша сандық градация 0 ден 10 балл аралығында есептелді. НТ жетінші тәулікте ауырсыну 70 (90,9%) науқаста болмады, ауырсыну сапасы 0 балл. Аздаған ауырсыну 5 (9,1%) науқаста ,ал шамалы- 2 (2,6%) науқаста сақталды. КСТ жетінші тәулікте науқастарда аздаған ауырсыну шағымы 65 (23,1%) науқаста, ауырсыну сапасы 2 балл, ал шамалы ауырсыну шағымы - 20 (7%) науқаста, ауырсыну сапасы 4 балл болды. ауырсынуды 197 (69,9%) науқас сезінген жоқ.
Қорытынды. Ұсынылған әдіс бойынша тіндерді тартусыз герниопластикасы операциядан кейінгі кезеңде аз ауырсынуды және науқастардың физикалық белсенділігін ерте қалпына келуін қамтамасыз етеді.
Библиографическая ссылка
Аймагамбетов М.Ж., Раимханов А.Д., Аужанов Д.Б., Ауенов М.А., Жагниев Ж.Е., Карибаев Б.Т., Макенқызы А. Сравнительная оценка болевого синдрома оперированных больных с паховыми грыжами / / Наука и Здравоохранение. 2016. №2. С. 93-102.
Aymagambetov M.Zh., Raimkhanov A.D., Auzhanov D.B., Auenov M.A., Zhagniyev Zh.Y., Karibayev B.T., Makenkyzy A. Comparative evaluation of pain syndrome of operated patients with inguinal hernias. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 2, pp. 93-102.
Аймағамбетов М.Ж., Раимханов А.Д., Аужанов Д.Б., Әуенов М.Ә., Жагниев Ж.Е., Карибаев Б.Т., Макенқызы А. Шап жарығына байланысты операция жасалған науқастардың өмір сапасына салыстырмалы баға беру / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №2. Б. 93-102.