ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА АЙМАҚТЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ПІКІРІ БОЙЫНША ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЫНА КҮДІК ТУҒЫЗҒАН ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН БАС ТАРТУ СЕБЕПТЕРІ
Кіріспе: ОҚО аймақтық дәрігерлердің пікірін зерделеу арқылы қатерлі ісік ауруы бар деп күдіктенген науқастардың тексеруден өтуде жиі кездескен бас тарту себептері анықталынды.
Мақсаты: Қатерлі ісік ауруы бар деп күдік тудырған пациенттердің одан ары кешенді тексеруден бас тарту себептерін социологиялық зерттеу.
Әдістер: ОҚО емханаларында жұмыс істейтін аймақтық дәрігерлердің қатысуымен бір мезеттік көлденең зерттеу 01.01-14.04.2016ж. аралықта жүргіздік (n=500). Сауалнама 33 жартылай ашық сұрақтармен қамтылды, толтыру 20-25 минқа созылды. Іріктеуге жұмыс істеп отырған дәрігерлер ғана алынды. Нәтижелер негізгі, салыстырмылы түрде көрсетілді, 95% сенімділік интервалы қолданылды.
Нәтижелері: аурулардың арасында кешенді зерттеуден жиі бастартуға себеп 331– дәрігерлердің пікрінше пациенттер арасында «рак» анықталады деген қорқыныштан туындаған болып шықты 66,2% (95% CИ: 61,8-70,3). 22,8% (95% CИ: 19,2- 26,7) жұмысынан босамауына байланысты бас тартуын көрсетті. 11,8% (95% СИ: 9,1 - 15,0) дәрігерлер пациенттердің депрессияға түсуін мәлімдеді. Аурулардың 11,0% (95% СИ: 09,1 - 15,0) үгіттеу жүргізген соң тексеруге баратынын айтты. Тек 4,0% (95% СИ: 2,5-6,2) науқастар тексерілуге келісімін бірден беретінін айтты.
Қорытынды: ОҚО аймақтық дәрігерлердің пікірін зерттеумен пациенттердің тексеруден бас тартудың жиі кездескен себеп - қатерлі ісік анықталыну қорқынышы. Нәтижелер санитарлық-ағарту жұмыстарын халық арасында өткізу қажеттілігін көрсетті.
Количество просмотров: 765
Категория статей:
Оригинальные исследования
Библиографическая ссылка
Булешов М.А., Тажибаева К.Н., Булешова А.М, Гржибовский A.М., Жанабаев Н.С. Причины отказа пациентов с подозрением на злокачественные новообразования от дальнейшего медицинского обследования, по мнению участковых врачей Южно-Казахстанской области / / Наука и Здравоохранение. 2016. №5. С. 90-100. Buleshov М.A., Tazhibayeva K.N., Buleshovа A.М., Grjibovski A.M., Zhanabayev N.S. Causes of refusing medical examination by patients with suspected cancer as perceived by primary care physicians in South Kazakhstan region. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 5, pp. 90-100. Булешов М.А., Тажибаева К.Н., Булешова А.М., Гржибовский A.М., Жанабаев Н.С. Оңтүстік қазақстан облысында аймақтық дәрігерлердің пікірі бойынша қатерлі ісік ауруына күдік туғызған пациенттердің диагностикалық тексеруден бас тарту себептері / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №5. Б. 90-100.Похожие публикации:
TRENDS IN MORBIDITY AND MORTALITY FROM CHRONIC HEART FAILURE IN ALMATY
СТРУКТУРНО-ФУНКЦИОНАЛЬНЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ МИОКАРДА ПОСЛЕ АОРТОКОРОНАРНОГО ШУНТИРОВАНИЯ У ПАЦИЕНТОВ С ИЗБЫТОЧНОЙ МАССОЙ ТЕЛА НА РАЗНЫХ ЭТАПАХ РЕАБИЛИТАЦИИ
МЕДИКО – СОЦИАЛЬНЫЕ, ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ КАЧЕСТВА ЖИЗНИ БОЛЬНЫХ С ОСТРЫМ ПАНКРЕАТИТОМ
A COMPARATIVE ANALYSIS OF 24-HOUR DIETARY RECALLS AND FOOD FREQUENCY QUESTIONNAIRES ADMINISTERED SIMULTANEOUSLY IN THE KAZAKHSTANI POPULATION
ANALYSIS OF PATIENT SATISFACTION WITH THE QUALITY OF ORGANIZATION OF TREATMENT IN FOREIGN CLINICS