Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
БҰРЫНҒЫ СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОН АЙМАҒЫНА ЖАТАТЫН ТҰРҒЫНДАРДАҒЫ ҚАЛҚАНША БЕЗ АУРУЫНЫҢ КЕЗДЕСУ ЖИІЛІГІ
Просмотреть статью в архиве
Кіріспе. Мақалада бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонына жақын орналасқан аймақтағы тұрғындардағы қалқанша без ауруына талдау жүргізілді. Семей аймағындағы қайғылы оқиғаның ерекшелігі, бірнеше рет жедел және созылмалы сәулеленудің аз және көп дозада болуымен және аймақтағы толығымен дезактивацияның болмауы, азық-түліктердің ауысуына байланысты тұрғындар денсаулығына белгілі бір мөлшердегі радиацияның ұзақ әсерлігін зерттеумен қорытындыланады. Заманауи көзқарастарға келісе отырып, радиоактивті йодтың салдарынан қалқанша безде (ҚБ) тиреоидиттер, қатерлі және қатерсіз түзілістер дамиды. Зерттеу мақсаты: Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигон аймағына жататын тұрғындардағы қалқанша без ауруларының және басқада эндокринді аурулардың кездесу жиілігімен ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеу әдістерімен материалдары: Қалқанша бездің эпидемиялық ерекшеліктерін зерттеу үшін осы аймаққа көлденең эпидемиологиялық зерттеу жүргізуді ұйымдастыру. Қорытынды: Аутоиммунды тиреоидиттің, түйінді түзілістердің (24,3%±0,81 – 28,3%±0,9) жоғары жиілікте анықталғандығын ескере отырып, және тексерілген тұрғындар арасында гипотиреоздың (9,2%–42,1%) жоғары дәрежеде таралуына қарай, тексерілген аймақта қалқанша бездің патологиясының пайда болуына ионизирленген сәулеленудің маңызы зор деп қорытындылауға болады. Молекулярлы-генетикалық талдаудың күшімен зерттелетін аймақтағы тұрғындардағы қалқанша бездің жағдайына патогенетикалық негізде иондаушы радиацияның патологиялық әсер етуін егжей-тегжейлі зерттеу жүргізу, сонымен қатар зерттелетін аймақта тиреоидты патологияның алдын алу және ерте диагностикалаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Количество просмотров: 966

Ключевые слова:


Библиографическая ссылка

Еспенбетова М.Ж., Жуманбаева Ж.М., Крыкпаева А.С., Заманбекова Ж.К., Юрковская О.А., Амренова К.Ш., Шалгумбаева Г.М., Глушкова Н.Е. Частота встречаемости патологии щитовидной железы у жителей территорий, прилегающих к бывшему Семипалатинскому испытательному ядерному полигону / / Наука и Здравоохранение. 2016. №6. С. 80-88. Espenbetova M.Zh., Zhumanbayeva Zh.M., Krykpayeva A.S., Zamanbekova Zh.K., Yurkovskaya O.A., Amrenova K.Sh., Shalgumbayeva G.M., Glushkova N.E. The frequency of occurrence of thyroid pathology in residents of the territories adjacent to the former Semipalatinsk nuclear test site. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 6, pp. 80-88. Еспенбетова М.Ж., Жуманбаева Ж.М., Крыкпаева А.С., Заманбекова Ж.К., Юрковская О.А., Амренова К.Ш., Шалгумбаева Г.М., Глушкова Н.Е. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигон аймағына жататын тұрғындардағы қалқанша без ауруының кездесу жиілігі / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №6. Б. 80-88.

Авторизируйтесь для отправки комментариев