РЕЦИДИВТІ ЖӘНЕ ҮЛКЕН ШАП – ҰМА ЖАРЫҚТАРЫНЫҢ СЕБЕП - САЛДАРЫН АНЫҚТАУ
Кіріспе. Рецидивті шап жарықтары хирургияның өзекті мәселелерінің бірі. Бірақ рецидивтің себептері әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Бұл тиімді алдын алу шараларын жүргізуді, біріншілік операциялар кезінде пластиканың рецидивті азайту әдістерін және шап жарықтарының рецидивті формаларының хирургиялық емдеуінің әдістерін құрастыруға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты шап жарығы рецидивінің қауіпті факторлары бөлінген. Шап жарықтары рецидивтерінің кейбір қауіп факторларын зерттеу мүмкін емес.
Жұмыстың мақсаты: шап жарығына байланысты жасалынған пластика түрлерінен кейінгі рецидивтердің себеп – салдарын және түрлерін анықтау, соған байланысты келесі жасалатын пластика түрін таңдау.
Зерттеу әдістері: Семей қ. ММУ МО 2008- 2013 жылдар аралығында шап жарығы бойынша 519 науқасқа операция жасалған ауру тарихтарына ретроспективті талдау жасалынды, ал олардың ішінде 64 (12,3%) шап жарығының рецидиві бойынша операция жасалған. Жарықтың болуы 1 жылдан 20 жылға дейін. Сырқатнама тарихын анализдеу кезінде шап жарығы 10 жылдан артық 8,7% науқаста, яғни әрбір оныншы науқаста анықталған. Операция жасалған науқастардың орташа жасы 53,6(±12,5) жас. Жарықтың оң жақта орналасуы 342(65,89%),ал сол жақты - 171 (32,94%) және екі жақты – 6 (1,15%)науқаста анықталған.
Зертту нәтижесі: Біз қараған науқастардың обьективті зерттеулерін, рецидивтің себептерін және операциялық мәліметтерді сараптау барысында біз шап жарығы рецидивінің 5 түрін бөлдік. Бұл кезде олардың орналасуына, шап каналының құрылысының ерекшеліктеріне, рецидивті жарықтың қақпасын түзетін құрылымдарды, біріншілік операция кезіндегі техникалық қателіктерді ескере отырып, сонымен қатар шап каналының жолын қайталайтын операциядан кейінгі тыртықтар ескеріледі.
Қортынды: Сонымен, шап жарығы рецидивінің негізгі себептері адекватты емес пластика (шап каналының алдыңғы қабырғасының пластикасы), тігілетін тіндердің созылуы, біртегіс емес тіндердің созылуымен тіндерді тігу, шап каналының дефектілері, шап каналын түзетін тіндердегі дегенеративтік өзгерістер. Шап жарығы рецидивінің негізгі түрлері латералды, ортаңғы, медиалды, тоталды және жалған жарықтар.
Количество просмотров: 2093
Категория статей:
Оригинальные исследования
Библиографическая ссылка
Раимханов А. Д. Определение факторов риска рецидивных и пахово-мошоночных грыж / / Наука и Здравоохранение. 2015. № 6. С. 101-109Похожие публикации:
TRENDS IN MORBIDITY AND MORTALITY FROM CHRONIC HEART FAILURE IN ALMATY
СТРУКТУРНО-ФУНКЦИОНАЛЬНЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ МИОКАРДА ПОСЛЕ АОРТОКОРОНАРНОГО ШУНТИРОВАНИЯ У ПАЦИЕНТОВ С ИЗБЫТОЧНОЙ МАССОЙ ТЕЛА НА РАЗНЫХ ЭТАПАХ РЕАБИЛИТАЦИИ
МЕДИКО – СОЦИАЛЬНЫЕ, ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ КАЧЕСТВА ЖИЗНИ БОЛЬНЫХ С ОСТРЫМ ПАНКРЕАТИТОМ
A COMPARATIVE ANALYSIS OF 24-HOUR DIETARY RECALLS AND FOOD FREQUENCY QUESTIONNAIRES ADMINISTERED SIMULTANEOUSLY IN THE KAZAKHSTANI POPULATION
ANALYSIS OF PATIENT SATISFACTION WITH THE QUALITY OF ORGANIZATION OF TREATMENT IN FOREIGN CLINICS