Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
РЕЦИДИВТІ ШАП ЖАРЫҒЫН ЕМДЕУ ӘДІСІ
Кіріспе: Герниологияның қазіргі жетістіктеріне және шап жарығының хирургиялық емінің көптеген әдістерінің болуына қарамастан алдыңғы құрсақ қабырғасының жарықтарын хирургиялық емдеу әлі күнге дейін абдоминалді хирургияның өзекті мәселесі болып табылады, оған себеп алыстатылған кезеңдегі асқынулардың жоғары болуы мен рецидив жиілігі 5-47%-ды құрауы. Рецидивті шап жарықтармен науқастардың операция барысында қиындық туғызатыны анатомиялық құрылымдардың өзгеруіне, тіндердегі тыртықтық үрдістеріне, жарықтың сырғымалы түрінің пайда болуына, n. ilioinguinalis және репродуктивті аймақтың зақымдану қауіптілігіне негізделген, осының бәрі операция орындаудағы ерекше әдісті ойлап табуды қажет етеді [5, 16]. Жоғарыдағы мәселелерге сүйене отырып, зерттеуді жүргізуге негіз болған операциядан кейінгі рецидивті шап жарықтарымен науқастарды хирургиялық емдеу нәтижелерін жақсарту үшін оны ары қарай клиникалық зерттеу қажет. Мақсаты: Клиникада жетілдірілген тіндердің тартылуынсыз герниопластика әдісін қолдана отырып рецидивті шап жарықтарының хирургиялық емдеу әдістерін талдау. Зерттеу әдістері: «Семей медицина университеті» Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы Университеттік госпиталінің («СМУ» КеАҚ УГ) госпиталды және балалар хирургия кафедрасына қарасты ересектер хирургия бөлімшесінде 2013 - 2020 жылдар аралығында рецидивті шап жарығына байланысты операция жасалынған 158 науқастың хирургиялық ем нәтижелерін талдау. Науқастардың жасы 24 – 74 жас, орташа жасы 58,8 ± 5,2 құрады. Рецидивті шап жарығын тасымалдау ұзақтығы - 9 айдан 12 жыл. Жарықтың оң жақта - 83 (52,6%), сол жақта - 62 (39,2%) және екі жақты орналасуы – 13 (8,2%) науқаста анықталған. Барлық науқастарға тіндердің тартылуынсыз аллопластика әдісі қолданылуына байланысты негізі және бақылау тобына бөлінді. Нәтижелері: Зерттеу нәтижелерін бағалау операциялық араласу, операциядан кейінгі ауырсыну синдромы, қозғалыс белсенділігі, операциядан кейінгі тігіс аймағындағы тіндердің асқынуы, стационардағы төсек күндері, асқынулардың болуы сипатына байланысты жүргізілді. Осы критерийлер рецидивті шап жарығы бар науқастардың операцияларына негізделген басым мәнге ие болды. Операцияның орташа ұзақтығы 48,3±2,2 мин. Біздің зерттеуіміз бойынша клиникада жетілдірілген тіндердің тартылуынсыз герниопластика әдісімен операция жасалған науқастардың орташа төсек-күндері 7,4+0,8 күнді құраса, бақылау тобындағы Лихтенштейн бойынша тіндердің тартылуынсыз герниопластика әдісімен операция жасалған науқастардың орташа төсек-күндері 9,5+1,1 күнді құрады. Қорытынды: Лихтенштейн әдісі бойынша тіндердің тартылуынсыз герниопластика әдістерінен кейін асқыну жиілігі 22,5%, ал ұсынылған клиника әдісі бойынша тіндердің тартылуынсыз герниопластикасының асқынуы 9% - ды құрады. Алыстатылған нәтижелерді талдағанда негізі топта өте жақсы нәтижелер бақылау тобына қарағанда 2,2 есеге жоғары. Сондай-ақ клиникада жетілдірілген тіндердің тартылуынсыз герниопластика әдісі сан жарықтарының алдын алады.
Количество просмотров: 624

Ключевые слова:


Библиографическая ссылка

Аймагамбетов М.Ж., Әуенов М.Ә., Абдрахманов С.Т., Омаров Н.Б., Масалимов Е.О., Тайбуров Р.К., Масалов А.Е., Мұқаш Е.Ә., Орынбасаров Ш.О. Рецидивті шап жарығын емдеу әдісі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 6 (Т.23). Б. 111-122. doi 10.34689/SH.2021.23.6.013

Авторизируйтесь для отправки комментариев