Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ПНЕВМОНИЯМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДА РЕСПИРАТОРЛЫҚ ҚОЛДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кіріспе: Коронавирустық инфекцияның пандемиясы (COVID-19) белсенділік шыңында болып тұр. Пандемия басталғаннан бері бұл нозологияны түсіну тез өсуде. Қазіргі уақытта ауқымды рандомизацияланған зерттеулер жүргізілсе де, өмір сүру негізінен демеуші емдеуді қамтамасыз етуге байланысты болып тұр. Демеуші емдеу бойынша ағымдағы ұсынымдар басқа вирустық пневмония мен сепсисті емдеу жөніндегі нұсқаулықтарға негізделеді. Дегенмен, COVID-19 басқа пневмония мен сепсиске қарағанда бірнеше маңызды аспектілер бойынша басқаша өтуде. Мақсаты – авторитетті мақалалар базасына енген, коронавирустық инфекция COVID-19 кезіндегі респираторлық қолдау тақырыбындағы дәлелі жоғары мақалаларды саралау мен түйіндеу. Іздестіру стратегиясы: Іздестіру жүргізілген базалар - PubMed, Google Scholar, Scopus, Embase. Мақалалардың бастапқы саны - 325 (соның ішінде қайталанатын мақалалар саны 188), Мақалалардың атауы мен абстракттары зерттелді - 137 (соның ішінде 63 мақалала келесі себептермен саралаудан өтпеді – салыстырмалы тобының аз болуы, мақаланың атауы мен зерттеу мақсатының сәйкессіздігі). Толығымен зерттелген мақалалар саны - 74 (соның ішінде 39 мақалала келесі себептермен саралаудан өтпеді – науқастардың рандомизациясының болмауы, зерттеуде методологиялық қателіктердің болуы). Зерттеуге енген мақалалар саны – 35. Нәтижесі: ЖТЖ бар науқастарды емдеудің негізгі міндеті ағзаның жеткілікті оксигенациясын қамтамасыз ету болып табылады, өйткені ауыр гипоксемия өмірлік маңызды органдар мен жүйелердің ауыр және жиі қайтымсыз функционалдық бұзылуына әкеледі. COVID-19 бар науқастарда оксигенотерапия мен респираторлық қолдаудың басталуы реанимацияға дейінгі кезеңде жүзеге асырылуы тиіс. ЖТЖ терапиясының ең қол жетімді әдісі жедел оксигенотерапия болып саналады. Қорытынды: COVID-19 пандемиясы тыныс алуды қолдаудың, оның ішінде ИеӨЖЖ мен ӨЖЖ қауіптері мен пайдасын кеңейтілген және жан-жақты талдауды талап етеді. Оксигенотерапия мен ИеӨЖЖ заманауи нұсқаларымен респираторлық қолдауды орындау медицина қызметкерлерінің жұқтыру қаупін, инфекцияның ауруханаішілік таралуын, COVID-19 бар коморбидті науқастарда денсаулық сақтау ресурстарының және аурулардың клиникалық спектрінің болуын мұқият бағалауды талап етеді.
Количество просмотров: 655

Ключевые слова:

Категория статей: Актуальная тема COVID-19

Библиографическая ссылка

Исраилова В.К., Айткожин Г.К., Мирсалиев М.М., Кожамбердиева Д.А., Ахмеджанова У.М. COVID-19 пандемиясы жағдайында пневмониямен ауыратын науқастарда респираторлық қолдау ерекшеліктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 1 (Т.24). Б. 14-21. doi 10.34689/SH.2022.24.1.002

Авторизируйтесь для отправки комментариев