ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІНЕН ЖҮРЕК - ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫ БОЙЫНША МҮГЕДЕКТІК ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ МҮМКІНДІГІН АНЫҚТАУДАҒЫ БОЛЖАМДЫ КЕСТЕНІҢ РӨЛІ
Зерттеудің өзектілігі. Тұрғын халықтардың мүгедектікке ұшырап, оларды өлімге алып келетін негізгі қатерлі себептерге жүрек және қан айналу жүйесінің аурулары жататындығы белгілі. Ал осы көрсеткіштерді төмендетудің тиімді және нақты жолдары ретінде алғашқы профилактиканың ролін арттырып, жоғары технологиялық инновациялық медициналық көмек беруде әділеттілікті қамтамасыз ету қажет. Сондықтан осы патологиялардан туындайтын асқынулардың алдын алуды жетілдіру мен емдеу сапасын арттырудың әлеуметтік-медициналық маңызы аса жоғары.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: жүрек-қан айналу жүйесінің ауруларынан туындайтын мүгедектіктің алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралардың ғылыми негізін жасау болып табылады.
Зерттеу материалдары мен әдістемесі: Зерттеу материалдары ретінде емханалық ұйымдағы кардиологтардың диспансеризациясына алынған 270 пациенттің амбулаторлық карталары және кардиологиялық орталықта тіркелген 143 пациенттердің медициналық құжаттары алынды. Жұмыстың алдындағы мақсатты шешу жолы ретінде аурудың асқынуына алып келетін қатерлі себептердің әсерінен мүгедектіктің туындау дәрежесін анықтайтын болжамдау кестесін таңдап алдық.
Зерттеу нәтижелері: Ұсынылған дифферециалдық профилактика жүрек-қан айналым жүйесі ауруларына (ЖҚАЖА–на) көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдірудің өте тиімді жолы болып табылады. Дифферециалдық диспансеризациялау әдістемесі қолдану ЖҚАЖА арасында ұйымдастырылатын профилактикалық жұмыстың белсенділігін арттырып, аурулардың тұрмыстық және үй жағдайын өмірге ыңғайлы ұйымдастыруды, салауатты өмір сүруді насихаттап, үйдегі стационардың, медицина бикелері мен әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын сапалы етіп ұйымдастыруға көмектесті. Сонымен қатар әсер етуге ыңғайлы қатерлі себептердің санын бір ауруға балап есептегенде 2016 жылғы 16–дан 2019 жылы 11-ге дейін төмендетті.
Количество просмотров: 544
Категория статей:
Оригинальные исследования
Библиографическая ссылка
Булешов М.А., Дауытов Т.Б., Булешов Д.М., Есенбеков Б.Қ., Булешова А.М. Қауіп факторларының әсерінен жүрек - қантамыр жүйесі аурулары бойынша мүгедектік деңгейін арттыру мүмкіндігін анықтаудағы болжамды кестенің рөлі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 1 (Т.24). Б. 54-63. doi 10.34689/SH.2022.24.1.007Похожие публикации:
TRENDS IN MORBIDITY AND MORTALITY FROM CHRONIC HEART FAILURE IN ALMATY
СТРУКТУРНО-ФУНКЦИОНАЛЬНЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ МИОКАРДА ПОСЛЕ АОРТОКОРОНАРНОГО ШУНТИРОВАНИЯ У ПАЦИЕНТОВ С ИЗБЫТОЧНОЙ МАССОЙ ТЕЛА НА РАЗНЫХ ЭТАПАХ РЕАБИЛИТАЦИИ
МЕДИКО – СОЦИАЛЬНЫЕ, ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ КАЧЕСТВА ЖИЗНИ БОЛЬНЫХ С ОСТРЫМ ПАНКРЕАТИТОМ
A COMPARATIVE ANALYSIS OF 24-HOUR DIETARY RECALLS AND FOOD FREQUENCY QUESTIONNAIRES ADMINISTERED SIMULTANEOUSLY IN THE KAZAKHSTANI POPULATION
ANALYSIS OF PATIENT SATISFACTION WITH THE QUALITY OF ORGANIZATION OF TREATMENT IN FOREIGN CLINICS