Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖАСТАРДАҒЫ ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫРЛАР АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӨЗҚАРАСЫ
Кіріспе: Жүрек-қантамырлар аурулары (ЖҚА) дүние жүзінде өлімнің басты себебі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша жыл сайын 17,1 миллион адам инфаркт пен инсульт салдарынан қайтыс болады, және де бұл жастарда жиі кездеседі. Денсаулық сақтау және халыққа алдын алу шараларын жүргізу − денсаулық сақтау саласының құрамдас бөліктері болып табылады. Дәрігерлер (жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен кардиологтар) үшін аурудың біріншілік алдын алу олардың еңбекқорлығымен де, нәтиженің көрінбейтіндігімен де өте қиын мәселе. Жұмыс мақсаты: Жастардағы жүрек-қантамырлар ауруларының алдын алудағы дәрігерлердің көзқарасын зерттеу. Зерттеу материалдары мен әдістері: Зерттеуге кездейсоқ әдіспен Семей қаласындағы мекемелерде қызмет ететін 135 дәрігер (110 жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен 25 кардиологтар) қатысты. Зерттеу дизайны – көлденең зерттеу. Зерттеу әдістері: әлеуметтік, статистикалық. Зерттеу нәтижесі: Сауалнамаға қатысқан дәрігерлердің орташа жасы 39 жасты құрады. Сауалнамаға 126 (93,3%) әйел және 9 (6,7%) ер қатысты. Санаты бойынша: 37 (27,4%) – жоғары санатты дәрігерлер, 31 (23%) – 1 санатты, 29 (21,5%) – 2 санатты, 38 (28,1%) – санаты жоқ дәрігерлер. Сіздің популяциялық деңгейіндегі алдын алу жұмыстарында тәжірибеңіз бар ма (бұқаралық ақпарат құралдарында шығу, сауықтыру шаралары)?» деген сұраққа 66 дәрігер (48,9%) иә, 69 (51,1%) дәрігер жоқ деп жауап берді. «ЖҚА бар жас пациенттердің (25-44 жас) алдын алу шараларына қатынасын қалай бағалайсыз?» деген сұраққа 62 (45,9%) дәрігер - оң көзқарас деп, 43 (31,9%) дәрігер - немқұрайлы, 30 (22,2%) дәрігер - белсенді қызығушылық танытады деп жауап берді. Дәрігерлердің ойынша алдын-алуға немқұрайлы және теріс көзқарас туындауына 37 (27,4%) - қажетті ақпараттың болмауы, 37 (27,4%) - жаман әдеттер болуы, 35 (25,9%) - білім деңгейінің төмендігі, 20 (14,8%) - алдын-алудың нашар ұйымдастырылуы, 6 (4,4%) - уақыт тапшылығы 2сер етеді. Қорытынды: Жастардағы жүрек-қантамырлар ауруларының алдын алудағы дәрігерлердің пікірі зерделенді. ЖҚА бар жас пациенттердің алдын алу шараларына көзқарастары көбіне оң екен. Сауалнамаға қатысқан дәрігерлердің жартысында популяциялық алдын алуда тәжірибесі бар. Жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі жас ұлғайған сайын арта түсетіндіктен, оны азайту үшін дер кезінде шаралар қабылдап, жас пациенттер арасында алдын алу шараларын жетілдіру қажет.
Количество просмотров: 533

Ключевые слова:


Библиографическая ссылка

Мукашева Г.Д., Булегенов Т.А., Омаров Н.Б., Сабденбекова А.Б. Жастардағы жүрек-қантамырлар ауруларының алдын алудағы дәрігерлердің көзқарасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 84-92. doi 10.34689/SH.2022.24.2.011

Авторизируйтесь для отправки комментариев