Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӨМІР СҮРУ САПАСЫНЫҢ БАҒАЛАНУ ДЕҢГЕЙІ
Өзектілігі: Қазіргі таңда, аурушаңдықтың негізгі себептерінің бірі болып табылатын мінез-құлықтық қауіп факторларына байланысты өмір сүру сапасының деңгейін анықтау арқылы, тұлғаның денсаулыққа деген қатынасын жан-жақты білуге болады. Зерттеудің мақсаты: Түркістан қаласы тұрғындарының негізгі мінез-құлықтық қауіп факторларына байланысты өмір сүру сапасының деңгейін анықтау. Материалдар мен әдістер: Зерттеу жұмысына 632 зерттелуші алынды. Олардың орта жас көрсеткіші – 51,19±11,65 құрады. Мінез-құлықтық қауіп факторларын анықтау мақсатында: темекі шегушілік бойынша мәлімет – Фагерстрем тесті; алкогольдік ішімдікті қолдануды бағалау – AUDIT сауалнамасы; физикалық белсенділік деңгейін анықтау – IPAQ сауалнамасы; ДМИ көрсеткішін анықтау антропометрлік зерттеулер арқылы жүзеге асты. Ал, өмір сүру сапасының деңгейін бағалау үшін SF-36 сауалнамасы қолданылды. Нәтижелері: Темекі шегетіндердің темекі шекпейтіндерге қарағанда өмір сүру сапасының деңгейі SF-36 сауалнамасының BP шкаласы негізінде жоғары болатындығы анықталды (p=0,016). Алкогольдік сусындарды тұтынушылардың, сәйкесінше RP (p=0,020), SF (p=0,008) және RE (p=0,015) шкалалары бойынша, алкоголь ішімдіктерін қолданбайтындарға қарағанда жоғары көрсеткіштерді көрсетті. Ал, физикалық белсенділіктің орташа деңгейімен айналысатын адамдар тобының BP (p=0,025) және SF (p=0,007) шкалалары бойынша орташа балдарында статистикалық мәнділік интервалы сақталынды. Алайда, SF-36 сауалнамасының барлық шкалалары бойынша ДМИ-ге байланысты қандай да бір статистикалық мәнділік интервалының сақталуы байқалған орын алмады. Алынған мәліметтерді статисткалық өңдеу SPSS 22 сынақ нұсқасының (SPSS Inc, Чикаго, IL, АҚШ) статистикалық бағдарламалық жасақтамасымен жүзеге асырылды. Қорытынды: Зерттелушілердің мінез-құлықтық қауіп факторларынының түрлеріне байланысты өмір сүру сапасының деңгейі бойынша өзгерістер болатындығы анықталынды.
Количество просмотров: 630

Ключевые слова:


Библиографическая ссылка

Саруаров Е.Ғ., Нускабаева Г.О., Шалхарова Ж.Н., Мусина А.А. Түркістан қаласы тұрғындарының мінез-құлықтық қауіп факторларына байланысты өмір сүру сапасының бағалану деңгейі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 4 (Т.24). Б. 94-100. doi 10.34689/SH.2022.24.4.012

Авторизируйтесь для отправки комментариев