Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫРЛАР АУРУЛАРЫ БАР ЖАСТАРДЫҢ ЕМГЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кіріспе: Жүрек-қан тамырлары аурулары маңызды медициналық-әлеуметтік мәселе болып табылады және қоғам денсаулығына үлкен үлес қосады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын 17,1 миллион адам инфаркт пен инсульт салдарынан қайтыс болады, және де бұл соңғы жылдары жастарда жиі кездеседі. Мақсаты: Жүрек-қантамырлар аурулары бар жастардың емге тұрақтылық ерекшеліктерін зерттеу. Mатериалдары мен әдістері: Зерттеуге кездейсоқ әдіспен Семей қаласының емдеу мекемелерінде есепте тұрған 25-44 жас аралығындағы жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын пациенттер қатысты. Зерттеу дизайны – көлденең зерттеу. Зерттеу әдістері: әлеуметтік, статистикалық. Статистикалық критерийлерді таңдау талданатын айнымалылардың типіне байланысты болады. Стьюденттің t-критерийі мен бір факторлы дисперсия талдауы қолданылды. 0,05-тен аз p мәні маңызды болып саналды. Барлық талдаулар IBM SPSS Statistics 25 бағдарламасын қолдану арқылы жасалды. Зерттеу нәтижесі: Сауалнамаға 25 пен 44 жас аралығындағы ЖҚА бар 294 пациент қатысты, олардың орташа жас мөлшері 38,4 жасты қамтыды. 105 (35,7%) ер адам, 189 (64,3%) әйел адам қатысты. Ұлты бойынша 219 (74,5%) қазақтар, 62 (21,1%) орыстар және 13(4,4%) басқа ұлттағы пациенттер қатысты. Біздің зерттеу мәліметтері бойынша, 3 (1%) пациентте емге тұрақтылықтың төменгі деңгейі болды, 154 (52,4%) пациентте орташа деңгей болды, ал емге тұрақтылықтың жоғарғы деңгейін 137 (46,6%) пациент көрсетті. Емге тұрақтылықтың түрелері бойынша да орташа деңгейдегі пациенттер көп болды. Қорытынды: Сонымен, жүрек-қантамырлар аурулары бар жастардың емге тұрақтылық ерекшеліктері анықталды. Жас топтары бойынша, жалпы емге тұрақтылық, эмоционалдық емге тұрақтылық және мінез-құлықтық емге тұрақтылық бойынша 25-40 жастағы ЖҚА пациенттерінің емге тұрақтылығы 30-44 жастағыларға қарағанда төмендеу екен. Жас пациенттердің статусы бойынша, жұмысшылар мен кәсiпкерлерде басқаларынан қарағананда емге тқрақтылықтың деңгейі төмен болды. Барлық емге тұрақтылық түрелері бойынша үнемі медициналық тексеруден өтетін пациенттердің емге тұрақтылығы үнемі медициналық тексеруден өтпейетін пайиенттерге қарағанда жоғары болды.
Количество просмотров: 523

Ключевые слова:


Библиографическая ссылка

Мукашева Г.Д., Булегенов Т.А., Омаров Н.Б., Жусупов С.М., Ван О.Т. Жүрек-қантамырлар аурулары бар жастардың емге тұрақтылық ерекшеліктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 4 (Т.24). Б. 115-124. doi 10.34689/SH.2022.24.4.015

Авторизируйтесь для отправки комментариев