Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ИОНДАУШЫ СӘУЛЕНІҢ ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ АЛШАҚ КЕЗЕҢДЕ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ЖІҢІШКЕ ІШЕК МИКРОФЛОРАСЫНА ӘСЕРІ
Өзектілігі. Адамның ішек микробиотасы ішек жолының шырышты қабатын мекендейтін микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, археялар және протистер) ретінде анықталады. Микробиота адам ағзасымен тығыз қарым-қатынаста болады: ие организмі тіршілік ету ортасын және қоректік заттарды қамтамасыз етсе, ал микроорганизмдер ағзаны патогенді қоздырғыштардан қорғайды, иммунологиялық, зат алмасу және қозғалыс функцияларының қалыпты сақталуына ықпал етеді. Жұмыстың мақсаты – иондаушы сәуленің егеуқұйрықтардың жіңішке ішек микрофлорасы жағдайына әсерін зерттеу. Зерттеу материалдары мен әдістері: Зерттеу дизайны -эксперименталды. Зерттеу әдістері: бактериологиялық. Зерттеу объектісі болып салмақтары 220г (95% СА:203-238) құрайтын, Алматы қаласындағы карантинді және зоонозды аурулар Қазақ Ғылыми орталығынан алған, «Wistar» тұқымдасына жататын, аталық жынысты, он апталық ақ егеуқұйрықтарға алынды. Тәжірибенің жоспарына сай жануарлар 2 топқа бөлінді. Іріктеу көлемін есептеу үшін «Power and Sample Size Analysis» бағдарламасы қолданылды. Тәжірибе жүргізуге қажетті егеуқұйрықтар саны 80 болды. Бірінші зерттеу тобы (n=40) егеуқұйрықтары нейтронды-белсендендірілген марганец (56Mn) ұнтағының ингаляциясына ұшыратылды. Бұл топ үшін жылулық нейтрондардың флюенсі 8×1014 н/см2 болды. Екінші топ (n=40), яғни бақылау тобын интактты егеуқұйрықтар құрады. Тәжірибе ғылыми мақсатта қолданылатын жануарларды қорғау бойынша Европалық парламенттің Директивасына сәйкес, Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің Этикалық комитетінде қарастырылып, бекітілді (№3.1 хаттама 28.11.2019ж.). Зерттеу нәтижелері. Зерттеу нәтижесіне сәйкес шағын дозада ішкі сәулеленуден кейін жедел кезеңде, яғни зерттеудің үшінші күні эксперименттік жануарлардың жіңішке ішек микрофлорасының дисбактериозы анықталды. Дисбактериоз ішектің қалыпты микрофлорасы өкілдері бифидобактериялар 5,47 (5,30; 5,47) (р = 0,001) мен ішек таяқшасы 5,47 (5,30; 5,47) (р = 0,001) мөлшерінің азаюымен көрінді. Ал бақылау тобымен салыстырғанда шартты патогенді микроорганизмдер цитробактер 6,3 (3,14; 6,47) (р = 0,001), кандида туыстастығының саңырауқұлақтары 4,3 (4,1; 4,47) (р = 0,001) мен алтындалған стафилокок мөлшерінің 3,47 (3,30; 3,69) (р = 0,001) статистикалық мәнді көбеюі анықталды. Ішкі сәулену (56Mn) әсеріне ұшыраған топтарда алшақ кезеңде жіңішке ішек микрофлорасының сіртіндеп қалпына келуін байқауға болады. Тек қалыпты микрофлораның негізгі пайдалы өкілі лактобактериялар санынң екі есе азаюы анықталды. Ішкі сәулеленуге ұшыраған егеуқұйрықтардың жіңішке ішек микрофлорасында лактобактериялар саны 2,0 г (2,0; 2,15) (р = 0,001) дейін төмендеді. Қорытынды. Шағын дозадағы ішкі сәулелелену егеуқұйрықтардың қалыпты микрофлорасының бұзылуына әкеледі.
Количество просмотров: 484

Ключевые слова:


Библиографическая ссылка

Кайрханова Ы.О., Амантаева Г.К., Советов Б.С., Малик М.М., Рахимжанова Ф.С., Кайрханова А.О., Крыкпаева А.С. Иондаушы сәуленің жедел және алшақ кезеңде егеуқұйрықтардың жіңішке ішек микрофлорасына әсері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 1(Т.25). Б. 152-159. doi 10.34689/SH.2023.25.1.019

Авторизируйтесь для отправки комментариев