Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
333.jpg

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Құрылтайшы: «Семей медицина университеті» КеАҚ
1999 негізі салынды

«Ғылым және денсаулық сақтау» журналы - рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал болып табылады. Семей ядролық сынақ полигонының жұмыс істеуі салдарынан радиациялық қауіпсіздік, радиациялық медицина және зардап шеккендерді оңалту мәселелеріне байланысты клиникалық медицина мен қоғамдық денсаулық, денсаулық сақтау мен медициналық білім беруді ұйымдастыру мен басқаруға, көптеген мәселелер бойынша бірегей зерттеулердің нәтижелерін, әдебиеттерге шолуларды, клиникалық жағдайларды, қысқаша мәлімдемелер мен конференциялар туралы есептерді жариялайды.

Журналдың негізгі оқырмандары - медициналық ғылыми қоғамдастық, клиникалық медицина, қоғамдық денсаулық сақтау және радиациялық қауіпсіздік мамандары.

Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасының ҒжБМ ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар Тізбесіне (2-Тізім) енгізілген (12.07.2024 ж. Бұйрық №603).

Сериялық басылымдарды тіркейтін ISSN Халықаралық орталығында тіркелген  (ЮНЕСКО, Франция, Париж қ.)  және халықаралық номер берілген Online ISSN: 3007-0244, Print ISSN: 2410-4280.

Журнал Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде № 17773-ж., 03.07.2019 ж. ақпарат комитетінде тіркелген.

«Қазпошта» каталогында жеке және заңды тұлғалар үшін жазылым индексі - 74611.

Журналдың шығу жиілігі - жылына 6 нөмір.

Отандық және халықаралық индекстелген мәліметтер 15 базаларына енгізілген: Ulrich's Periodicals Directory, Global Health, CAB Abstracts, InfoBase Index, Directory of Research Journals Indexing, Ғылыми цитат келтіру ресейлік индексі (РИНЦ), E-library.ruCyberleninka.ru, Ресей ғылым академиясының Бүкілресейлік ғылыми-техникалық ақпарат институты (ВИНИТИ РАН), Мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат Ұлттық Орталығы цитат келтіру Қазақстандық базасы, Республикалық жооаралық электрондық кітапхана, ISI (International society of Indexing), NSD (Norwegian register for scientific journals), Council for Nutritional and Environmental Medicine (CONEM), Ресей Цифрлық Стандарттау агенттігі (РАЦС) репозиторийі, Database Indexing, ICI World of Journals (Index Copernicus).

ҚР ҒжЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің «Халықаралық дәйексөз базаларында 25 қазақстандық журналды ілгерілету және дамыту»  Жобасына қатысады.