«Ғылым және денсаулық сақтау» журналы - рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал (ISSN 2410 – 4280) 1999 негізі салынды.

Құрылтайшы «Семей медицина университеті» КеАҚ.

Журнал Қазақстан Республикасы ақпарат және комуникациялар министрлігі, Ақпарат комитетінде тіркелген. Мерзімді баспасөз басылымын есепке қою туралы куәлігі № 17773-Ж.

Журнал Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар Тізбесіне кіреді (Бұйрық №303 30.03.2021 ж.).

Отандық және халықаралық индекстелген мәліметтер базаларына енгізілген: Ulrich's Periodicals Directory, Global Health, CAB Abstracts, InfoBase Index, Directory of Research Journals Indexing, Ғылыми цитат келтіру ресейлік индексі (РИНЦ), E-library.ru, Cyberleninka.ru, Ресей ғылым академиясының Бүкілресейлік ғылыми-техникалық ақпарат институты (ВИНИТИ РАН), Мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат Ұлттық Орталығы цитат келтіру Қазақстандық базасы, Республикалық жооаралық электрондық кітапхана, ISI (International society of Indexing), NSD (Norwegian register for scientific journals), Council for Nutritional and Environmental Medicine (CONEM), Ресей Цифрлық Стандарттау агенттігі (РАЦС) репозиторийі, Database Indexing, ICI World of Journals (Index Copernicus).

   «Ғылым және денсаулық сақтау» журналы жылына 6 рет шығу мерзімділігі бар. Жазылу индексі 74611 - «Қазпошта» каталогында.

Раисов Төлеген ҚазезұлыЖурналдық алғашқы бас редакторы Раисов Төлеген Қазезұлы - биологиялық ғылымдар докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ғылым мен техникаға еңбекгі сіңген қайраткер, Ұлттық Ғылым академиясының, жаратылыстану ғылымдары Ұлттық Академия, Қазақстан Республикасы медициналық ғылымдар Академиясы, Москва қ. ақпараттандыру Академиясы Академигі, П.Г. Сергиев атындағы премия лауреаты, Москва қ. Ресей, Шығыс – Қазақстан облысының Құрметті азаматы.

Жұмадилов Жақсыбай ШаймарданұлыЖұмадилов Жақсыбай Шаймарданұлы бас редактор орынбасары болды - медицина ғылымдарының докторы, медициналық ғылым бойынша Ph.D., Жапония, профессор, халықаралық журналдар редакциялық алқа мүшесі: “RejuvenationResearch”, США, International Journal of Probiotics&Prebiotic, АҚШ және “Central Asian Journal of Global Health”, АҚШ.

Телеуов Мұрат Қойшибайұлы Редакциялық алқа және редакциялық Кеңес бірінші құрамымен журналдың Миссиясы мен саясатын әдістеу, жарияланымдарға талаптар бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Төлебай Қосиябекұлы РахыпбековЖарияланатын материалдар түрлері анықталды: біртума зерттеулер нәтижелері, әдеби шолулар, клиникалық жағдайлар, қысқа мәлімдемелер және клиникалық медицина және қоғамдық денсаулықпен байланысты сұрақтар кең шеңбері бойынша конференциялар туралы есептер. Журналдың шыққан барлық жылдарында негізгі оқырмандар медицина және қоғамдық денсаулық саласындағы биомедициналық ғылыми қоғамдастық, тәжірибелік дәрігерлер, докторанттар және магистранттар болып табылады.

Бас редактор лауазымындағы журнал дәстүрін м.ғ.д., профессор Телеуов Мұрат Қойшибайұлы, м.ғ.д., профессор Төлебай Қосиябекұлы Рахыпбеков, м.ғ.д., профессор Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлы жалғастырды

Бас редактордың орынбасары лауазымында м.ғ.д., профессор Адылханов Тасболат Алпысбесұлы және м.ғ.к. Дүсіпов Алтай Ахметқалиұлы жұмыс атқарды, м.ғ.д., профессор Булегенов Толқын Алпысбайұлы.

2015 жылдан цитат келтіру рейтингілік дүниежүзілік базаларына, соның ішінде Scopus / Web of Science» «Ғылым және денсаулық сақтау» рецензияланатын медициналық ғылыми-тәжірибелік журналды алға жылжыту» жақсарту Жобасы әдістелді. Жарияланатын материалдар ғылыми маңыздылығы өсті. «Ғылыми зерттеулер методологиясы» айдары пайда болды. Қазақстандық цитат келтіру базасы бойынша импакт-фактор 2020 жылы – 0,089. РИНЦ индекстелген сегіз медициналық журналдың ішінде журнал Дәйексөз бойынша және Science Index рейтингі бойынша бірінші орында Ғылыми цитат келтіру Ресейлік индексі бойынша екі жылдық импакт-фактор 2022 жылы – 0,235. Ғылыми цитат келтіру Ресейлік индекс ядросы бойынша бес жылдық импакт-фактор өзін-өзі дәйексөз алусыз - 0,288. Журнал мақалалардың қос көмескі рецензиялауын тәжірибеге асырады, ол жарияланатын мақалалар сапасын арттырады.

Дюсупов Алтай Ахметкалиевич

Омаров Назарбек Бахытбекович.jpg

Осы уақытта медицина ғылымдарының докторы, профессор Дүсіпов Алтай Ахметқалиұлы журналдың бас редакторы болып табылады.

Бас редактордың орынбасары медицина ғылымдарының   докторы Омаров Назарбек Бақытбекұлы.


Журналдың құрылған сәтінен бастап беттеме жасау және журнал жаңа саны уақытында шығарылуы үшін Горбатенко Андрей Евгеньевич, Жумабаева Нургуль Сериккановна, Есенсарина Гульнария Байхановна жауапты болды. 2009 жылдан бастап шығару редакторы Сапаргалиева Эльнура Фазыловна.

Сапаргалиева Эльнура Фазыловна..jpg

Осы кезде журнал бірнеше халықаралық индекстелетін базаларда техникалық сараптаудан өтуде. DOI беру, заманауи талаптарға сәйкес келетін журналдың жаңа сайтын әдістеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Перспективада - Google Scholar, AMED, PubMed, DOAJ, Open Academic Journal Index, Scopus, Web of Science базаларына біздің журналды енгізу.

Біздің сайтта Сіздер жаңа шығарылымдарды және мақалалардың толық мәтіндік нұсқаларын оларды жүктеу мүмкіндігімен қарауға, сондай-ақ 2010 жылдан бастап шығарылым мұрағатымен, жаңалықтар мен хабарландырулармен танысуға, бас редакторға сұрақ қоюға және мақаланы қарастыруға жіберуге мүмкіндік бар. Біздің журнал кіретін базалар сайттарына шығуға болады, сайтта мақалаларды рәсімдеуге, рецензиялау тәртібіне, жарияланымдық этикаға және басқаларына қатысты Сізді қызықтыратын барлық ақпаратты сайттан таба аласыз.

Жарияланатын материалдардың САПАСЫ, НАҚТЫЛЫҒЫ және ҚАЖЕТТІЛІГІ - біздің журналдың маңызды принциптері.

Өзіміздің перспективаға сенеміз және Сіздерді біздің шығарылыммен әріптестікке шақырамыз!