- Баспаға түсетін ғылыми мақалалар рецензиялау институты арқылы өтеді. Журнал екі көмескі рецензиялауды қолдайды, яғни рецензент қолжазба авторының атын білмейді және керісінше.
- Журнал баспасы 5 жұмыс күні ішінде авторларды мақаланы алғаны туралы ескертеді.
- Бас редактор редакциялық алқамен бірге әрбір қолжазбаға екі рецензентті тағайындайды.
- Жауапты хатшы рецензенттерді тағайындағаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде рецензенттерге қолжазбаны жібереді.
- Бірінші рецензент қолжазба тақырыбы бойынша білікті срапшы болып табылады.
- Екінші рецензент зерттеулерді, клиникалық эпидемиологияны және биостатистиканы жоспарлау саласында маман болып табылады және жұмыстың методологиялық сапасын бағалайды.
- Рецензенттер 4 апта ішінде баспаға жазбаша түрде рецензиялар береді.
- Рецензияда мақаланы критикалық бағалаудан басқа, журналда осы мақаланы жариялау мүмкіндігі туралы қорытынды жасалады: «осы түрде жариялауға қабылдансын», «ұсынылған өзгертулер енгізілгеннен кейін жариялауға қабылдансын» немесе «қайта өңдеуге жіберілсін және қайта өңдеуден кейін қолжазба қайта қаралсын», «қайтарылсын».
- Журналдың жауапты хатшысы авторларға мақалаларды рецензиялау нәтижелері туралы хабарлайды.
- Мақаланң жарияланымнан бас тартуы жағдайында редакция авторға уәждемелік бас тарту жібереді.
- Жарияланымға, қайта қарастыруға рецензенттермен ұсынылмаған мақала қабылданбайды.
- Жарияланымның жөнділігі туралы қорытынды шешімді редакциялық – баспа кеңесі қабылдайды.
- Редакциялық – баспа кеңесі журналдың бекітілген талаптарына немесе тақырыпшаларына жауап бермейтін мақаладан бас тарту құқығын өзіне қалтырады.
- Жарияланымға мақаланы жіберу туралы шешімді қабылдағаннан кейін журналдың жауапты хатшысы ол туралы авторды ақпараттандырады және жарияланым мерзімін келістіреді.
- Баспа әдеби редакциялауды жүргізуге құқылы, автормен осы сұрақты келістіріп, қажет болса мақала көлемін қысқартады.
- Қолжазбалар және рецензиялар түпнұсқалары журнал баспасында сақталады.