Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
БІРІНШІЛІК БИЛИАРЛЫ ХОЛАНГИТКЕ ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРДЫҢ ПРОТЕИН-АМИН ҚЫШҚЫЛДЫ ВИТАМИН ӨНІМІ (САУМАЛ) ҚОЛДАНУДАҒЫ ИНТРАГЕПАТИКАЛЫҚ ХОЛЕСТАЗ МАРКЕРЛЕРІНІҢ ДИНАМИКАСЫ
Өзектілігі. Бұрын бастапқы билиарлы цирроз ретінде белгілі біріншілік билиарлы холангит ағзада сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, антимитохондриялық антиденелерді (АМА) анықталуы, сондай – ақ сәйкес гистологиялық көрініспен ерекшеленетін бауырдың сирек прогрессивті холестатикалық ауруы болып табылады. 30 жылға жуық уақыт бойы урсодеоксикол қышқылы жалғыз қол жетімді емдік агент болып келді. Біріншілік биллиарлы холангит бауыр ауруының (цирроз), сатылы аурудың және өлімнің жоғарылауымен байланысты. Урсодеоксил қышқылы биохимиялық параметрлерді, гистологиялық көріністі жақсартып, бауыр трансплантациясының қажеттілігін кешіктіретіні көрсетілді. Клиникалық мәселе - науқастардың шамамен 25–40% - ына урсодексил қышқылымен жүргізілетін стандартты терапия әсері болмайды. Соңғы жылдары көптеген зерттеулер балама және қосымша терапияны зерттеді. Емдеудің қауіпсіз және тиімді әдісін іздестіру кезінде саумалмен емдеу ішек микробиомының құрамын модельдеу арқылы біріншілік биллиарлы холангит патогенезіндегі байланыстардың біріне әсер ету тұрғысынан үлкен әлеуетке ие болады. Ішек микробиомы өт қышқылдарының метаболизмі мен иммундық реакцияларды реттей отырып, біріншілік биллиарлы холангит этиопатогенезінде маңызды рөл атқарады. Зерттеудің мақсаты: күрделі ақуыз-амин қышқылы мен витаминдік өнімнің (саумал) біріншілік биллиарлы холангитпен ауыратын науқастардағы бауырішілік холестаздың көрсеткіштеріне әсерін бағалау. Зерттеу материалдары мен әдістері: Клиникалық сынақ (clinicaltrials.gov identifier NCT03665519) 2018 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін Ұлттық ғылыми медициналық орталық негізінде жүргізілді, зерттеуге 18 жасқа толған зерттеу шарттарымен толық танысып, рұқсаттама алынған науқастар іріктеліп алынды. Шығару критерийлері: алкогольге және есірткіге тәуелділік, Child-Pugh сәйкес С тобындағы бауыр циррозының болуы, сүт өнімдеріне белгілі аллергия, психикалық ауру, ауыр патология, жүктілік және / немесе лактация, лактозаға төзбеушілік. Қазіргі уақытта 23 науқас зерттеуді аяқтады (негізгі топтан 14, бақылау тобынан 9). Негізгі топ 14 адамнан тұрды, осы топтың пациенттері стандартты терапиядан басқа (урсодеоксил қышқылына арналған препараттар) 3 ай бойы күніне 40 г дозада ақуыз-амин қышқылы мен витаминді өнімді (сублимацияланған саумал, ) тұтынды. Бақылау тобы 9 адамнан тұрды, осы топтың қатысушылары тек біріншілік билиарлы холангит үшін стандартты терапияны алды. Жүрекішілік холестаздың белгілері бағаланды: гамма-глутамилтранспептидаза (GGTP) және сілтілі фосфатаза (ALP) зерттеу басында және 3 айдан кейін екі топтың науқастары. Топтар арасындағы динамиканы салыстыру Фишер сынағы және параметрлі емес Крускал-Уоллис сынағы негізінде дисперсияны бір жақты талдауды қолдана отырып бірнеше келулер уақытында жүргізілді. Салыстырмалы талдауда статистикалық маңыздылық деңгейі 0,95 (α = 0.95) деңгейінде қабылданды. Бұл салыстырмалы анализде статистикалық айырмашылықтар жоқ деген болжам болған сенімділіктің, статистикалық маңыздылық деңгейі 0,05-тен (p < 0.05) кем болуы керек дегенді білдіреді. Зерттеу нәтижелері: негізгі топтағы науқастар (6,72 ± 0,632) сілтілі фосфатаза деңгейін бақылау тобындағы нәтижелермен салыстырғанда (9.30 ± 1.553) едәуір төмендеді. ГГТП деңгейінің динамикасын салыстыра отырып, негізгі топтағы емделушілерде бұл көрсеткіш бақылау тобымен (5.53 ± 0.770) салыстырғанда 3,88 ± 0,611 дейіне азайды. Зерттеу күрделі ақуыз-амин қышқылды витаминдік өнім (саумал) бар емделушілерде ішілік холестаздың негізгі көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендегенін көрсетті. Қорытынды: Сонымен, сублимирленген саумалды қолдану біріншілік биллиарлы холангиттің стандартты терапиясына тиімді және перспективалы қосымша емдеу әдісі бола алады.
Майя С. Жумабаева 1, https://orcid.org/0000-0002-2632-6717 Гульмира С. Досатаева 1, https://orcid.org/0000-0003-4226-3741 Галия М. Шаймарданова 1, https://orcid.org/0000-0002-1414-8618 Лариса В. Козина 1, https://orcid.org/0000-0002-0581-6231 Виктор В. Ткачев 2, https://orcid.org/0000-0003-4455-3427 1 АҚ «Ұлттық ғылыми медициналық орталық», Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы; 2 Ішкі аурулар пропедевтика кафедрасы, КеАҚ «Астана Медициналық университеті», Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы.
1. David Chascsa, Elizabeth J. Carey, Keith D. Lindor Old and new treatments for primary biliary cholangitis // Liver international April 2017 Volume 37, Issue 4, Pages: 471-623 https://doi.org/10.1111/liv.13294 2. EASL Clinical Practice Guidelines: The diagnosis and management of patients with primary biliary cholangitis // Journal of Hepatology. 2017. Vol. 67. P. 145–172 3. Goldblatt J., Taylor P.J., Lipman T. et al. The true impact of fatigue in primary biliary cirrhosis: a population study // Gastroenterology. 2002. Vol. 122. P. 1235–1241. 4. Ivashkin V.T., Bueverov A.O. Autoimmune liver diseases in the practice of a clinician. 2011, Moskow, 112p. 5. Kaplan M.M., Gershwin M.E. Primary biliary cirrhosis // N. Engl. J. Med. 2005. Vol. 353, № 12. P. 1261–1273. 6. Leuschner U. Autoimmune liver disease and overlap syndrome. 2005, М., 174 p. 7. Sheptulina A.F., Maevskaya M.V., Ivashkin V.T. A critical assessment of the pathogenetic factors of primary biliary cirrhosis // Russian Journal of Gastroenterology, Hepatology, Coloproctology. 2013. N3. P.39-48. 8. Younossi Z. M., Kiwi M.L., Boparai N. Cholestatic liver diseases and health-related quality of life // Am. J. Gastroenterol. 2000. Vol. 95. P. 497-502.
Көрген адамдардың саны: 499

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Жумабаева М.С., Досатаева Г.С., Шаймарданова Г.М., Козина Л.В., Ткачев В.В. Біріншілік биллиарлық холангитке шалдыққан науқастардың комплексты протеин-амин қышқылды витамин өнімі (саумал) қолданудағы интрагепатикалық холестаз маркерлерінің динамикасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 5 (Т.21). Б. 110-115.

Авторизируйтесь для отправки комментариев