Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖҮЙЕЛІК ҚЫЗЫЛ ЖЕГІМЕН ПАЦИЕНТТЕРДЕГІ ТЕРАПИЯНЫ ҰСТАНУҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
Өзектілігі. Ұстану «адамның мінез-құлқының дәрігердің нұсқаулығына сәйкес келетін дәрежесі» ретінде анықталады. Терапевтік режимдерді ұстанбау созылмалы аурулары бар науқастарда, оның ішінде жүйелі қызыл жегіні (ЖҚЖ) қоса алғанда жиі кездесетін проблема болып табылады. Бұл аурудың шиеленісу қаупінің жоғарылауына, госпитализацияға және қызыл жегі нефритімен ауыратын науқастарда болжамның нашарлауына әкеледі. Емдеу режимін сақтамау көптеген пациенттер үшін көп факторлы болып табылады және жоспарланбаған және қасақана жүйелілікке байланысты өзгереді. ЖҚЖ-мен ауыратын науқастарда төмен ұстаным деңгейі 3% -дан 76% -ға дейін өзгереді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында (ҚР) ЖҚЖ-мен ауыратын науқастардағы терапияны ұстануға әсер ететін факторларды зерттейтін және төмен ұстанудың салдарын бағалайтын зерттеулер жүргізілген жоқ. Біздің зертетудің мақсаты ЖҚЖ –мен науқастардағы терапияны ұстануға медициналық – әлеуметтік факторлардың әсер етуін зерделеу болды. Материалдар мен әдістер: ЖҚЖ диагнозы бар барлық пациенттерді қосқанда, үздіксіз әдіспен көлденең зерттеу жүргізілді. Белгіленген емді ұстануды талдау Morisky (MMAS-4) емделуге бейімділік шкаласының қысқа нұсқасы бар сауалнамалар көмегімен жүргізілді. Алынған жауаптар екі топқа жіктелді: «терапияның ұстанымдар» - 4 балл жинаған адамдар және «терапияға бейім емес» - сауалнама нәтижелері бойынша 4 балдан төмен емделушілер. Деректерді өңдеу процедурасы Windows үшін SPSS 20.0 жүйесінде орындалды. Ең алдымен, осы зерттеуде мәліметтерді тарату түрі бағаланып, әрі қарай сапалық және сандық айнымалылардың сипаттамалық статистикасы есептелді. Сапалық айнымалылар абсолютті сандармен және олардың пайыздарымен ұсынылды. Пирсон хи-квадрат критерилері (χ2) топтар арасындағы жиіліктер арасындағы айырмашылықты бағалау үшін қолданылды. Критикалық мән p <0.05 кезінде маңызды болып саналды. Зерттеулер нәтижелері. Зерттеу барысында бізбен барлық қатысушылардың тек 11 (16,4%) MMAS-4 деректері бойынша емдеуді ұстанатындығын анықтадық. Сонымен қатар, респонденттердің 56 (83,6%) міндеттемелері төмен, кезеңділікпен, белгіленген емдеуді ұмытып, оның көбеюін байқамай, жанама әсерлерден қорыққандықтан қабылдауды елемеді. Төмен деңгей білімі, табысы төмен, жасы үлкен және ревматологтың ұзақ мерзімді бақылауы бар адамдарға да тән болды. Қорытынды. Зерттеу барысында алынған мәліметтерді талдау ЖҚЖ бар науқастардың терапияға аз бейімділігі мәселесінің жоғары өзектілігін көрсетеді. Дәнекер тіндерінің ауруларын емдеудің төмен деңгейінің алдын алу үшін ұлттық зерттеулер жүргізу және бағдарламалар жасау қажет. Денсаулық сақтаудың тиімді шаралары жергілікті және мемлекеттік деңгейде қабылдануы керек.
Елдос А. Хамитов1, Зайтуна А. Хисметова1, Майя В. Горемыкина1, https://orcid.org/0000-0003-1686-528X Аркадий-Ави Котляр2, https://orcid.org/0000-0002-5070-0000 1 КеАҚ «Семей медициналық университеті», Семей қ., Қазақстан Республикасы; 2 Ауырсыну клиникасы және кардиалды оңалту, Каплан атынд. Медициналық орталық, Реховот, Израиль.
1. Abdul-Sattar A.B., Abou E.l. Magd S.A. Determinants of medication non-adherence in Egyptian patients with systemic lupus erythematosus: Sharkia Governorate // Rheumatol Int 2015; 35: 1045–1051. 2. Bennett J.K., Fuertes J.N., Keitel M. et al. The role of patient attachment and working alliance on patient adherence, satisfaction, and health-related quality of life in lupus treatment // Patient Educ Couns 2011; 85: 53–59. 3. Chambers S.A., Raine R., Rahman A. et al. Why do patients with systemic lupus erythematosus take or fail to take their prescribed medications? A qualitative study in a UK cohort. Rheumatol Oxf Engl 2009; 48: 266–271. 4. Costedoat-Chalumeau N., Pouchot J., Guettrot-Imbert G., Le Guern V., Leroux G., Marra D., Piette, J.C. Adherence to treatment in systemic lupus erythematosus patients // Best practice & research Clinical rheumatology 2013; 27(3): 329-340. https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/24238690 5. Daleboudt G.M.N., Broadbent E., Mc Queen F. et al. Intentional and unintentional treatment nonadherence in patients with systemic lupus erythematosus // Arthritis Care Res 2011; 63: 342–350. 6. Garcia-Gonzalez A., Richardson M., Garcia Popa-Lisseanu M. et al. Treatment adherence in patients with rheumatoid arthritis and systemic lupus erythematosus // Clin Rheumatol. 2008; 27: 883–889. 7. Haynes R.B., Yao X., Degani A. et al. Interventions to enhance medication adherence. Cochrane Database of Systematic Reviews 2005:CD000011. https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/16235271 (Дата обращения: 10.09.2019). 8. Julian L.J., Yelin E., Yazdany J., et al. Depression, medication adherence, and service utilization in systemic lupus erythematosus // Arthritis Rheum. 2009; 61: 240–246. 9. Marengo M.F., Waimann C.A., de Achaval S., et al. Measuring therapeutic adherence in systemic lupus erythematosus with electronic monitoring // Lupus. 2012; 21: 1158–1165. 10. Mehat P., Atiquzzaman M., Esdaile J.M. et al. Medication nonadherence in systemic lupus erythematosus: a systematic review // Arthritis Care Res 2017; 11: 1706-1713. 11. Mosley-Williams A., Lumley M.A., Gillis M., et al. Barriers to treatment adherence among African American and white women with systemic lupus erythematosus // Arthritis Rheum. 2002; 47: 630–638. 12. Sabate´ E., World Health Organization (eds). Adherence to long-term therapies: evidence for action. Geneva: World Health Organization, 2003, 198 р. 13. Simpson S.H., Eurich D.T., Majumdar S.R., Padwal R.S., Tsuyuki R.T., Varney J., Johnson J.A. A meta-analysis of the association between adherence to drug therapy and mortality // Bmj. 2006; 333(7557): 15. 14. Tan Xi & Patel, Isha & Chang, Jongwha. (2014). Review of the four item Morisky Medication Adherence Scale (MMAS-4) and eight item Morisky Medication Adherence Scale (MMAS-8). Innov Pharm. 5. 10.24926/iip.v5i3.347. 15. WHO. Adherence to long-term therapies: evidence for action. wwwwhoint/chp/knowledge/publications/adherence_full_ reportpdf; 2003. (Дата обращения: 10.09.2019). 16. Xie X. et al. Predictors of medication nonadherence in patients with systemic lupus erythematosus in sichuan: a cross-sectional study // Patient preference and adherence 2018; 12: 1505-1511.
Көрген адамдардың саны: 285

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Хамитов Е.А., Хисметова З.А., Горемыкина М.В., Танышева Г.А., Котляр А. Жүйелік қызыл жегімен пациенттердегі терапияны ұстануға әсер ететін факторлар // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 5 (Т.21). Б. 103-109.

Авторизируйтесь для отправки комментариев