Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚОЛҚА-КОРОНАРЛЫҚ ҰШТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН БӨЛІНУДІҢ ӘРТҮРЛІ ӘДІСТЕРІ КЕЗІНДЕГІ АУТОВЕНОЗДЫ КОНДУИТТІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АНГИОГРАФИЯЛЫҚ БАҒАЛАУЫ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бүкіл әлемде өлімнің ең көп тараған себебі болып табылады, ол оны қоғамдық денсаулық сақтаудың ең маңызды мәселелерінің бірі етеді. ЖИА-ны емдеу нұсқалары консервативті емді, коронарлық араласуды және қолқа-коронарлық шунттауды (ҚКШ) қамтиды. 1990 жылдардың басынан бастап кондиут алу кезінде қоршаған тіндермен бірге болған үлкен теріасты көктамырларын дайындау әдістемесі, “no-touch”(NT) деп аталды. Бұл әдіс қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте дәстүрлік алумен салыстыру бойынша, өтімділіктің үлкен дәрежесін, сол жақ қарыншаның қызметін сақтауды, және жақсартылған клиникалық нәтижесін қамтамасыз етеді. Жұмыстың мақсаты: дәстүрлік тәсілмен және сақталған әдіспен алынған (no-touch), кондуит өткізгіштігіне салыстырмалы талдау жүргізу. Материалдар мен әдістер: 2017 жылдың қаңтарынан бастап қарашасына дейін Павлодар қаласының облыстық кардиологиялық орталығының клиникасында ЖИА бар емделушілерде КШ үшін аутовеннің аз жарақаттық эксплантациясының біз әзірлеген жаңа технологиясы пайдаланылды. Сипаттамалы және салыстырмалы статистиканың әдістері қолданылды. Аутовендерді эксплантациялау кезінде пайда болған өзгертулерді бағалау үшін, біз ұсынған технология және дәстүрлік әдістеме бойынша емделушілердің үлкен теріасты жамбас көктамырының (ТЖК) 69 фрагменті пайдаланылды. Екі әдістің жарақаттығын салыстыру үшін аутовен фрагменттерінің жарықтық микроскопиясын пайдаланды. Үлкен тері асты көктамырының 69 фрагментіне морфологиялық тексеру жүргізілді: классикалық әдіс бойынша алынған көктамырының 35 жерінен, және аз жарақаттану технологиясы бойынша 34 жерінен. Ангиографикалық зерттеуге классикалық әдіс тобындағы 33 (94,2%) пациент және аз жарақаттық әдіс тобындағы 31 (91,1%) пациент тартылды. 64 аутовеноздық шунттың өтуі зерттелді (33 - классикалық әдістен кейін, 31 - none touch кейін). Зерттеу нәтижелерінің статистикалық өңдеуі SPSS бағдарламасының көмегімен жүргізілді. Айырмашылықтардың статистикалық маңыздылығы топтарды салыстыру үшін Манн-Уитни әдісін қолдану арқылы анықталды. Жиілік көрсеткіштерін салыстыру үшін Пирсонның x2 критерийі қолданылды. Нөлдік гипотезаны жоққа шығару үшін айырмашылықтардың шекаралық деңгейі p <0.05 алынды. Нәтижесі: шунттардың «no touch» әдісінен кейінгі өтуі 96%, (бұл алдыңғы қарыншааралық артерияның жұмыс істеу нәтижесімен салыстыруға болады), классикалық әдіспен алудан кейін 82% құрады. Көктамырдың тамырлы қабырғасының морфологиялық өзгерістерін «no touch» әдісімен бөлу процесінде зерттеген кезде, әдеттегі әдіспен салыстырғанда эндотелийдің үсті негізінен өзінің бүтіндігі мен қатпарлығын сақтағаны атап өтілді (сурет. 2). Эндотелийдің тұтас сыдырылуы классикалық әдіске тән және 15% жағдайда кездеседі. Қорытындысы: «no touch» әдісі көктамыр транспланттардың өтуін жоғары деңгейде қамтамасыз етеді және алдыңғы қарынша аралық артериялардың өту деңгейімен салыстырылады.
Арман М. Курманов 1, Сабит М. Жусупов 1, Карлығаш А. Нарешева 2, Тимур А. Раимханов 2 1 КеАҚ «Семей медицина университеті», Семей қ., Қазақстан Республикасы; 2 «Павлодар қ. облыстық кардиологиялық орталығы», Павлодар қ., Қазақстан Республикасы.
1. Казачков Е.Л., Семагин А.А., Анненская Е.А., Андриевских И.А. Морфологическое обоснование малотравматичного способа эксплантации аутовены для коронарного шунтирования // Современные проблемы науки и образования. 2016. № 6. С. 37-42. 2. Benny Johansson, Ninos Samano, Domingos Souza, Lennart Bodin, Derek Filbey, John D Mannion, Leif Bojö. The no-touch vein graft for coronary artery bypass surgery preserves the left ventricular ejection fraction at 16 years postoperatively: long-term data from a longitudinal randomised trial // Open Heart 2015;2 р.1-7. 3. Connie N. Hess, Renato D. Lopes, C. Michael Gibson, Rebecca Hager, Daniel M. Wojdyla, et al. Saphenous Vein Graft Failure after Coronary Artery Bypass Surgery: Insights from PREVENT IV // Circulation. 2014 October 21; 130(17): р 1445–1451. 4. Dashwood M.R., Savage K., Tsui J.C., et al. Retaining perivascular tissue of human saphenous vein grafts protects against surgical and distension-induced damage and preserves endothelial nitric oxide synthase and nitricoxide synthase activity // J Thorac Cardiovasc Surg. 2009;138:334–40. 5. Devdas T. Inderbitzin, Jens Bremerich, Peter Matt, Martin T., Grapow R., Friedrich S. Eckstein. One-year patency control and risk analysis of eSVS®-mesh-supported coronary saphenous vein grafts // Journal of Cardiothoracic Surgery (2015) 10 p.100-108 6. Domingos S., Souza R., Johansson B., Bojö L., Karlsson R., Geijer H., Filbey D., Bodin L., et al. Harvesting the saphenous vein with surrounding tissue for CABG provides long-term graft patency comparable to the left internal thoracic artery: Results of a randomized longitudinal trial // J Thorac Cardiovasc Surg 2006;132: p.373-378. 7. Friedl R., Li J., Schumacher B., Hanke H., Waltenberger J., Hannekum A., et al. Intimal hyperplasia and expression of transforming growth factor-beta1 in saphenous veins and internal mammary arteries before coronary artery surgery // Ann Thorac Surg. 2004;78:1312- 8. Hwang H.Y., Kim M.A., Seo J.W., Kim K.B. Endothelial preservation of the minimally manipulated saphenous vein composite graft: histologic and immunochemical study // J Thorac Cardiovasc Surg 2012;144:690–6. 9. Yaron Moshkovitz, Ehud Raanani The art of saphenous vein grafting and patency maintenance // J Thorac Cardiovasc Surg 2016;151: р300-2. 10. Kim K.B., Hwang H.Y., Hahn S., Kim J.S., Oh S.J. A randomized comparison of the Saphenous Vein Versus Right Internal Thoracic Artery as a Y-Composite Graft (SAVE RITA) trial: one-year angiographic results and mid-term clinical outcomes // J Thorac Cardiovasc Surg 2014;148:901–8. 11. Martínez-González B., Reyes-Hernández C.G., Quiroga-Garza A., et al. Conduits Used in Coronary Artery Bypass Grafting: A Review Morphological Studies // Ann Thorac Cardiovasc Surg. 2017;23: p.55–65. 12. Nikolaos A. Papakonstantinou, Nikolaos G. Baikoussis, John Goudevenos, George Papadopoulos, Efstratios Apostolakis. Novel no touch technique of saphenous vein harvesting: Is great graft patency rate provided? // Annals of Cardiac Anaesthesia, Jul-Sep-2016, Vol 19 р 481-488. 13. Ninos Samano, Michael Dashwood, Domingos Souza. No-touch vein grafts and the destiny of venous revascularization in coronary artery bypass grafting—a 25th anniversary perspective // Ann Cardiothorac Surg 2018;7(5): р.681-685 14. Sabik J.F. 3rd, Lytle BW, Blackstone E.H., Houghtaling P.L., Cosgrove D.M. Comparison of saphenous vein and internal thoracic artery graft patency by coronary system // Ann Thorac Surg. 2005;79: p. 544–51. 15. Sajjad Raza, Carolyn Chang, Salil Vasudeo Deo, Joseph Frank Sabik. Current role of saphenous vein graft in coronary artery bypass grafting // Indian Journal of Thoracic and Cardiovascular Surgery (December 2018) 34 (Suppl 3):р.245–250. 16. Samano N., Geijer H., Liden M., et al. The no-touch saphenous vein for coronary artery bypass grafting maintains a patency, after 16 years, comparable to the left internal thoracic artery: A randomized trial // J Thorac Cardiovasc Surg 2015;150:880-8. 17. Vermaa S., Lovrena F., Pana Y., Yanagawaa B., Debb S., et al. Pedicled no-touch saphenous vein graft harvest limits vascular smoothmuscle cell activation: the Patent saphenous vein graft study // European Journal of Cardio-Thoracic Surgery 45 (2014) p. 717–725.
Көрген адамдардың саны: 184

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты:

Библиографиялық сілтемелер

Курманов А.М., Жусупов С.М., Нарешева К.А., Раимханов Т.А. Қолқа-коронарлық ұштастыруға арналған бөлінудің әртүрлі әдістері кезіндегі аутовенозды кондуиттің морфологиялық және ангиографиялық бағалауы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 6 (Т.21). Б. 49-55.

Авторизируйтесь для отправки комментариев