Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ВАРИКОЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ АШЫҚ ХИРУРГИЯДАН КЕЙІНГІ КОМПРЕССИОНДЫ ТЕРАПИЯ
Кіріспе. Қазіргі уақытта варикозды тамырларға арналған ашық флебэктомиядан кейінгі компрессионды терапияның ұзақтығы әлі анықталмаған. Ашық стриппинг немесе минифлебэктомия жүргізілгеннен кейін емнің тиімділігін арттыру мақсатында 1 аптадан артық қолдану қажеттілігі туралы мәліметтер жоқ, әйтседе, ұзақ қысудың пайдасыздығы туралы мәліметтерде табылмады. Зерттеу мақсаты. Ашық флебэктомиядан кейін қысу терапиясының оңтайлы уақытын анықтау үшін зерттеу жүргізу. Зерттеу әдістері. Зерттеу жүргізу үшін ғылыми гипотеза жасалды - ашық флебэктомиядан кейінгі кезеңде тері түсі қалыпына келу және гематомалар резорбциялану уақытыда компрессионды шұлықты кию, жергілікті асқынулар, аяқтың ісінуі және еңбекке жарамсыз уақытқа сәйкес. Науқастар екі топқа рандомизацияланды. Пациенттердің бірінші тобы немесе салыстыру тобы ашық флебэктомиядан кейінгі компрессионды терапия 2 ай болған пациенттерден тұрды. Екінші топты немесе зерттеу тобын флебэктомиядан кейінгі кезеңде тері түсі қалыпына келгенше және гематомалар резорбцияланғанша компрессионды шұлықты киген науқастар құрады. Енгізу критериялары: созылмалы веналық жеткіліксіздік С2 – С3 класс, СЕАР бойынша; үлкен тері асты немесе кіші тері асты венасының айқын, көптеген варикозы; ертеректе үлкен және кіші тері асты венасының тромбофлебитін бастан өтізу; кроссэктомия және үлкен және кіші тері асты венасының стриппингі. Нәтижелер. Науқастардың 1-ші тобында компрессионды терапия мерзімі 62.486 күнді құрады (95% ДИ 62.099-62.873), науқастардың 2-ші тобында 31,790 күн (95% ДИ 31.559-32.021) (Log Rank = 5.005; p = 0.025). Еңбекке жарамсыздық уақыты 1-ші топта 16,528 күнді құрады (95 % ДИ 16,169-16,888), 2-ші топта 16,760 күнді құрады (95 % ДИ 16,508-17,012) (Log Rank = 1,083; p = 0,298) Қорытындылар. Ашық флебэктомиядан кейінгі компрессионды терапияның ұзақтығы тері астындағы гематомалардың резорбциясы, көгерулердің көзбен жоғалып кетуі және терінің түсінің қалыпқа келуіне дейін жеткілікті, орта есеппен 1 айға дейін жеткілікті.
Алтай А. Дюсупов1, http://orcid.org/0000-0003-0875-1020 Ернур М. Казымов1, http://orcid.org/0000-0002-4849-6549 Бекжан С. Буланов1, http://orcid.org/0000-0001-8091-9663 Мерей Н. Иманбаев1, http://orcid.org/0000-0002-7248-0440 Ерлан А. Сальменбаев1, https://orcid.org/0000-0001-6571-1645 Ажар А. Дюсупова1, http://orcid.org/0000-0002-8857-4118 Бактыбала Б. Дюсупова1, https://orcid.org/0000-0002-2658-4839 Кадылбек Т. Абылхаиров1, http://orcid.org/0000-0001-6002-1020 1 «Семей медицина университеті» ҚеАҚ, Семей қаласы, Қазақстан Республикасы
Көрген адамдардың саны: 243

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Дюсупов А.А., Казымов Е.М., Буланов Б.С., Иманбаев М.Н., Сальменбаев Е.А., Дюсупова А.А., Дюсупова Б.Б., Абылхаиров К.Т. Варикозға байланысты ашық хирургиядан кейінгі компрессионды терапия // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 2 (Т.22). Б. 86-92. doi 10.34689/SH.2020.22.2.010

Авторизируйтесь для отправки комментариев