Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
МЕЙІРГЕРЛІК ДЕҢГЕЙДЕ КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ (COVID-19) БОЙЫНША МЕЙІРГЕРЛІК ҚҰЖАТТАМАНЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ
Кіріспе: SARS-CoV-2 туындатқан коронавирустық COVID-19 инфекциясы бүкіл әлемге тез таралуда. 2020 жылы 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустық инфекцияның эпидемиясын пандемия деп жариялады. Қазақстанда алғашқы жағдай 2020 жылы 13 наурызда тіркелді. 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. 19 наурыздан бастап карантин Нур-Сұлтан мен Алматыда енгізілді. 20 наурыздан бастап COVID-19 расталған жағдайлары республиканың басқа аймақтарында тіркеле бастады. 30 наурыздан бастап карантин еліміздің басқа қалаларында да енгізілді. Сондықтан мейіргерлік деңгейде коронавирустық инфекция бойынша мейіргерлік құжаттаманы жүргізу маңызды рөл атқарады. Мақсаты: Жаһандық коронавирустық инфекция (COVID-19) пандемиясы аясында мейіргерлік деңгейдегі күтімнің деңгейін мейіргерлік құжаттаманы енгізу арқылы жақсарту. Әдістер: Осы зерттеу аясында коронавирустық инфекциямен күресудің халықаралық және отандық тәжірибесі зерттелді. Әлемде және Қазақстанда COVID-19 ауруының жиілігі мен өлімі зерттелді. Мейіргерлік құжаттама нысаны (бақылау тізімі) бейімделген Халықаралық мейіргердік практика классификаторы Clinical Care Classification көмегімен жасалған. Нәтижелер: 2021 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында барлығы 171 232 жағдай тіркелді, оның 155 397 науқас сауығып кетті, өліммен аяқталған 2403 жағдай тіркелді. Мейіргерлік деңгейінде пациенттерге көмек көрсетуді жақсарту мақсатында «Науқасты поликлиникаға/фильтрге алғашқы қабылдау кезіндегі ЖРВИ белгілері бар, оның ішінде COVID-19 мейіргерлік қабылдау және мейіргерлік күтім» мейіргерлік құжаттама формасы әзірленді. 10 баллдық шкала бойынша жүргізілген сауалнамаға сәйкес, сауалнамаға қатысушылардың 70,7% -ы бұл форманы 6-10 баллмен бағалады, оның ішінде 10 балл бойынша 37,6%. Қорытынды: Талдау әлемдегі коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайының сипатын анықтауға мүмкіндік берді, бұл мейіргерлік деңгейде коронавирустық инфекциямен күресудің профилактикалық шараларын жетілдіру мақсатында мейіргерлік құжаттаманы жасауға негіз болды.
Дарига С. Смаилова 1, http://orcid.org/0000-0002-7152-7104 Бибінұр Қ. Сыдыкова 1 https://orcid.org/0000-0002-7013-3461 Гульзат Ж. Сарсенбаева 2, Айдос К. Болатов 3, https://orcid.org/0000-0002-5390-4623 Гульнара А. Мусина 4, Зауре А. Байгожина 5, Зайтуна А. Хисметова 1, https://orcid.org/0000-0001-5937-3045 1 «Семей медицина университеті» КеАҚ, Семей қ., Қазақстан Республикасы. 2 «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы. 3 «Астана медицина университеті» КеАҚ, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы. 4 ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы. 5 «Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығы» ШЖҚ РМК, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы.
1. Hoehl S., Rabenau H., Berger A. et al. Evidence of SARS-CoV-2 infection in returning travelers from Wuhan, China. N Engl J Med. 2020;382(13):1278-1280. doi:10.1056/NEJMc2001899. 2. Hoffrén P., Leivonen K., Miettinen M. Nursing standardized documentation in Kuopio University Hospital. Studies in Health Technology and Informatics. 2009;146:776-7. 3. Jin Y., Yang H., Ji W. et al. Virology, epidemiology, pathogenesis, and control of covid-19. Viruses. 2020;12(4). doi:10.3390/v12040372. 4. Kannan S., Shaik Syed Ali P., Sheeza A., Hemalatha K. COVID-19 (Novel Coronavirus 2019) - recent trends. Eur Rev Med Pharmacol Sci. 2020;24(4):2006-2011. doi:10.26355/eurrev_202002_20378. 5. 5. Lan L., Xu D., Ye G. et al. Positive RT-PCR Test Results in Patients Recovered from COVID-19. JAMA - J Am Med Assoc. 2020;323(15):1502-1503. doi:10.1001/jama.2020.2783. 6. Maukayeva S. Epidemiologic Character of Covid-19 in Kazakhstan: A Preliminary Report. North Clin Istanbul. 2020;7(3):210. doi:10.14744/nci.2020.62443. 7. Oran D.P., Topol E.J. Prevalence of Asymptomatic SARS-CoV-2 Infection : A Narrative Review. Ann Intern Med. 2020;173(5):362-367. doi:10.7326/M20-3012. 8. Semenova Y., Glushkova N., Pivina L., et al. Epidemiological characteristics and forecast of COVID-19 outbreak in the republic of Kazakhstan. J Korean Med Sci. 2020;35(24). doi:10.3346/JKMS.2020.35.E227. 9. Shi Y., Wang G., Cai X. et al. An overview of COVID-19. J Zhejiang Univ Sci B. 2020;21(5):343-360. doi:10.1631/jzus.B2000083. 10. Sun J., He W.T., Wang L. et al. COVID-19: Epidemiology, Evolution, and Cross-Disciplinary Perspectives. Trends Mol Med. 2020;26(5):483-495. doi:10.1016/j.molmed.2020.02.008. 11. Werley H.H., Devine E.C., Zorn C.R. The Nursing Minimum Data Set: Abstraction tool for standardized, comparable, essential data. Am. J. Public Health. 1991; 81(4): 421–426. 12. The Sex, Gender and COVID-19 Project | Global Health 50/50. https://globalhealth5050.org/the-sex-gender-and-covid-19-project/. Accessed January 30, 2021. 13. IOS Press Ebooks - Nationally Standardized Electronic Nursing Documentation in Finland by the Year 2007. http://ebooks.iospress.nl/publication/9265. Accessed November 22, 2020.
Көрген адамдардың саны: 261

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Смаилова Д.С., Сыдыкова Б.К., Сарсенбаева Г.Ж., Болатов А.К., Мусина Г.А., Байгожина З.А., Хисметова З.А. Мейіргерлік деңгейде коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша мейіргерлік құжаттаманы әзірлеу және енгізу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 1 (Т.23). Б. 15-20. doi 10.34689/SH.2021.23.1.002

Авторизируйтесь для отправки комментариев