ПОЛИЖАРАҚАТТЫҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ, КЕЗДЕСУ ЖИІЛІГІ, ЖӘНЕ САЛДАРЫ. ӘДЕБИ ШОЛУ
Полижарақат – жол көлік жарақаттарының ең үрей тудыратын элементтерінің бірі, себебі ол әдетте бас миының (БМЖ) және жұлын бағанының жарақаты (ЖБ) сияқты бірнеше ағзалардың ауыр зақымдалуымен бірге жүреді. Жарақат салдары адамдардың қайтыс болуы мен мүгедектікке әкеледі, сонымен қатар өнімділіктің төмендеуі мен полижарақат алған науқастарға кететін шығын көлемінің жоғары болуына байланысты денсаулық сақтау жүйелері мен экономикаға да кері әсерін тигізеді (Джеймс және басқалар 2019; Аббафати және басқалар. 2020). Жуырда жарияланған Жаһандық ауырулардың ауыртпалығын зерттеу (ЖАА) мәліметі бойынша, 10 мен 49 жас аралығындағы науқастардың қайтыс болуының 10 себебі ішінде жол-көлік оқиғасы бірінші орында тұр. Полижарақатты бағалау, емдеу және болжау айтарлықтай ерекшелінеді және күрделі, себебі жол-көлік оқиғасы, биіктен құлау, адамды өлтіру сияқты күрделі механизмдердің әсерінен болады. ДДҰ-ның әлемдегі жол–көлік қозғалысының қауіпсіздік жағдайы туралы мәліметі бойынша жыл сайын әлем бойынша жол-көлік оқиғасынан 1,3 миллион адам қайтыс болады және ауыр жарақаттар алады, бұл дамушы елдер арасында айтарлықтай кері әсерін тигізеді. Мақсаты: Полижарақаттың этиологиясын, жиілігін және салдарын зерттеу. Зерттеудің әдісі: Полижарақатқа арналған рецензирленген қолжазбалар қаралды. Сондай- ақ біз ағылшын және орыс тілді мақалаларды PubMed жәнпе eLibrary.ru мағлұматтар базасынан қарастырдық. PubMed Medline және eLibrary.ru сайттарында келесі іздеу модульдері таңдалды: Полижарақат, полижарақат терминінің анықтамасы, Алтын сағат ережесі, полижарақат алған науқастардағы инфекциялық және инфекциялық емес асқынулар. Біз 2000 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңдегі мәліметтерді зерттедік. Оқиғалар туралы есептер мен топтамалар алынып тасталды. Сондай – ақ жекелеген жарақаттар мен балалар жарақаты зерттеуге алынбады. Нәтижесі: Бұл жұмыста полижарақаттың этиологиясына, кездесу жиілігіне, полижарақаттан емделіп шыққан науқастарда қалатын уақытша және тұрақты салдарларына әдеби шолу жасалынды. Полижарақатқа түсініктеме беріліп, «Алтын сағат» ережесінің маңыздылыңы айқындалды. Әдебиет көздеріне сүйене отырып, полижарақат алған науқастарда болатын инфекциялық және инфекциялық емес асқынулардың кездесу жиілігіне талдау жасалынды. Қорытынды: Әдеби дереккөздердегі мәліметтерге негізделіп, техникалық және құрылыс салаларының қарқынды дамуы полижарақат санының тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде көбеюіне түрткі болатындығын атап өтуге болады. Полижарақаттан тірі қалған науқастарда көптеген салдары сақталып, олардың уақытша немесе тұрақты еңбекке жарамсыздығына әкеледі. «Алтын сағат» ережесі бойынша полижарақат алған науқасқа неғұрлым тезірек сапалы көмек көрсетілсе, соғұрлым медициналық және хирургиялық емдеуде олардың өліміне жол бермеу ықтималдылығы жоғары болады. Сондықтан, жарақаттану жүйесіндегі клиникалық нұсқаулар мен стандартты қызметтерге сәйкес келетін клиникалық топтар мен қондырғылар ұйымдастырылған кезде, әр науқастың өлімі мен мүгедектігі едәуір төмендеуі мүмкін.
Темірхан К. Қожахметов1,3, Абылай Н. Баймаханов 2, Айнаш Е. Ошыбайева 1, Әлібек М. Смагулов 3 1 Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Медицина және Денсаулық сақтау кафедрасы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы; 2 «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті», Хирургиялық аурулар кафедрасы КеАҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы; 3 №4 Қалалық Клиникалық Аурухана, Хирургия бөлімшесі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Көрген адамдардың саны: 200

Түйенді сөздер:

Библиографиялық сілтемелер

Қожахметов Т.К., Баймаханов А.Н., Ошыбайева А.Е., Смагулов Ә.М. Полижаракаттың этиологиясы, жиілігі және салдары. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 3 (Т.23). Б. 127-132. doi 10.34689/SH.2021.23.3.013

Авторизируйтесь для отправки комментариев