ГЕПАТОЦЕЛЛЮЛЯРЛЫҚ КАРЦИНОМАНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Өзектілігі: Гепатоцеллюлярлық карцинома (ГЦК) - бауырдың ең жиі кездесетін бастапқы қатерлі ісігі. ГЦК бүкіл әлемде ерлер арасында обырдың таралуы бойынша бесінші және әйелдер арасында жетінші орында және әлемде обырдан өлімнің екінші жетекші себебі болып табылады. Қазақстанда ГЦК онкологиялық аурулар құрылымында 10-шы орынға ие. Зерттеу мақсаты: «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ жағдайында бауыр қатерлі ісігі бар науқастарға көмек көрсетудің ұйымдастырушылық және клиникалық ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеу материалдары мен әдістері: Ретроспективті зерттеу. "А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ-да «Бауыр қатерлі ісігі» диагнозы қойылған науқастардың стационарлық карталары. 2012 жылдан 2020 жылға дейінгі деректер IBM SPSS Statistics 20 статистикалық бағдарламасында өңделген. Талдау үшін келесі айнымалылар қолданылды: сапалық (аурулар тарихы, фиброз кезеңі) және сандық (жас, ауруханада болу ұзақтығы, билирубин деңгейі, дене салмағының индексі). Айырмашылықтарды тексеру үшін Пирсонның хи-квадрат сынағы қолданылды. Категориялық немесе номиналды айнымалыларды салыстыру үшін хи-квадрат тесті қолданылды. P ≤ 0,05 кезінде айырмашылықтар статистикалық маңызды деп саналды. Біз корреляциялық талдауды пайдалана отырып, ГЦК бар науқастарда жалпы билирубиннің үздіксіз айнымалылары мен BMI арасындағы байланысты бағаладық. Зерттеу нәтижелері: 2012 жылдан 2020 жылға дейінгі зерттеу нәтижелеріне сәйкес "А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ жағдайында АХЖ-10 "С22.0 Бауыр қатерлі ісік" диагнозымен 183 науқас стационарлық ем алған. Стационарда болудың орташа ұзақтығы 12 төсек-күнін құрады. ГЦК - мен ауыратын науқастардың орташа жасы 61,67 ±8.928 (ДИ 95%: 59.84-63.50) құрады. Науқастардың арасында ГЦК дамуының негізгі себебі анамнезінде В,С және дельта-агенті бар В гепатитінің болуы байқалады. Билирубин деңгейі жоғары науқастарда дене салмағының төмен индексі байқалады. Негізінен соңғы жылдары "А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ-да ГЦК-мен ауыратын науқастарға трансартериалдық химиоэмболизация (ТАХЭ) қолданылады. Қорытындылар: "А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ-да 2012-2020 жылдары ГЦК диагнозымен клиникалық-шығынды топтар бойынша төсек-күндердің орташа көрсеткіші 12 төсек-күнін құрады. Зерттеу барысында бауыр-жасушалық жетіспеушілігінің дамуымен және кейінгі жасуша некрозымен байланысты дене салмағының индексі мен билирубин деңгейі арасындағы байланыс анықталды.
Ербол Серікұлы 1,2, https://orcid.org/0000-0002-3423-9533 Дарига С. Смаилова 3, http://orcid.org/0000-0002-7152-7104 Игорь А. Тен 1,2, Бибигуль С. Ильясова 1, https://orcid.org/0000-0003-4468-593X Ардак Нурбакытқызы2 , https://orcid.org/0000-0002-4854-6809 Жасулан Б. Баймаханов 1, https://orcid.org/0000-0002-2682-5591 Айдар С. Скакбаев 1, https://orcid.org/0000-0003-0372-068X Шокан А. Каниев 1, https://orcid.org/0000-0002-1288-0987 Максат О. Досханов 1, https://orcid.org/0000-0002-8578-8567 Манас А. Сейсембаев 1, https://orcid.org/0000-0002-6964-0685 Болатбек Б. Баймаханов 1, https://orcid.org/0000-0003-0049-5886 ¹ А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы; ² С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы; ³ Қазақстандық медицина университеті «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі», Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
1. Acharya G. et al. Child-Turcotte-Pugh Score, MELD Score and MELD-Na Score as Predictors of Short-Term Mortality among Patients with End-Stage Liver Disease in Northern India // Inflamm. Intest. Dis. 2020. V.5. №1. P.1–10. 2. Beasley R.P. et al. Hepatocellular carcinoma and hepatitis B virus. A Prospective Study of 22 707 Men in Taiwan // Lancet. 1981. V. 318. № 8256. P. 1129–1133. 3. Bowen D.G., Walker C.M. Adaptive immune responses in acute and chronic hepatitis C virus infection // Nature. 2005. V. 436. № 7053. P. 946–952. 4. Chen C.H. et al. A study on sequence variations in pre-S/surface, X and enhancer II/core promoter/precore regions of occult hepatitis B virus in non-B, non-C hepatocellular carcinoma patients in Taiwan // Int. J. Cancer. 2009. V. 125. № 3. P. 621–629. 5. Dam-Larsen S. et al. Final results of a long-term, clinical follow-up in fatty liver patients // Scand. J. Gastroenterol. 2009. V. 44. № 10. P. 1236–1243. 6. Donato F. et al. Alcohol and hepatocellular carcinoma: The effect of lifetime intake and hepatitis virus infections in men and women // Am. J. Epidemiol. 2002. V. 155. №4. P. 323–331. 7. Dorfman J.D. et al. Differences in Characteristics of patients with and without known risk factors for hepatocellular carcinoma in the United States // World J. Gastroenterol. 2007. V. 13. № 5. P. 781–784. 8. El-Serag H.B. Epidemiology of viral hepatitis and hepatocellular carcinoma // Gastroenterology. 2012. V. 142. № 6. P.1264-1273. 9. Ghouri Y.A., Mian I., Rowe J.H. Review of hepatocellular carcinoma: Epidemiology, etiology, and carcinogenesis // J. Carcinog. 2017. V. 16. № 1. P. 1–8. 10. Hashimoto N. et al. Effects of transcatheter arterial chemoembolization with oral chemotherapy on hepatic neoplasmas // Cancer Chemother. Pharmacol. 1989. V. 23. № 1 Supplement. 11. Huang Y.T. et al. Lifetime risk and sex difference of hepatocellular carcinoma among patients with chronic hepatitis B and C // J. Clin. Oncol. 2011. V. 29. № 27.P. 3643–3650. 12. Ishikawa O. et al. Transarterial chemoembolization for metastatic liver tumor after curative resection of pancreatic cancer // Japanese J. Cancer Chemother. 1988. V. 15. № 8 II. P. 2505–2509. 13. Konopnicki D., et al. Hepatitis B and HIV: Prevalence, AIDS progression, response to highly active antiretroviral therapy and increased mortality in the EuroSIDA cohort // AIDS. 2005. V. 19. № 6. P. 593–601. 14. Kruse R.L. et al. Clinical outcomes of hepatitis B virus coinfection in a United States cohort of hepatitis C virus-infected patients // Hepatology. 2014. V. 60. № 6. P. 1871–1878. 15. Lavanchy D. Hepatitis B virus epidemiology, disease burden, treatment, arid current and emerging prevention and control measures // J. Viral Hepat. 2004. V. 11. № 2. p. 97–107. 16. Llovet J.M. et al. Pilot study of living donor liver transplantation for patients with hepatocellular carcinoma exceeding Milan Criteria (Barcelona Clinic Liver Cancer extended criteria) // Liver Transplant. 2018. V. 24. № 3. P. 369–379. 17. Massarweh N.N., El-Serag H.B. Epidemiology of Hepatocellular Carcinoma and Intrahepatic Cholangio-carcinoma // Cancer Control. 2017. V. 24. № 3. P. 1-11. 18. Park S.J. et al. Usefulness of AFP, AFP-L3, and PIVKA-II, and their combinations in diagnosing hepatocellular carcinoma // Med. (United States). 2017. V. 96. № 11. 19. Parkin D.M. The global health burden of infection-associated cancers in the year 2002 // Int. J. Cancer. 2006. V. 118. № 12. P. 3030–3044. 20. Tanaka H. et al. Prospective study on the risk of hepatocellular carcinoma among hepatitis C virus-positive blood donors focusing on demographic factors, alanine aminotransferase level at donation and interaction with hepatitis B virus // Int. J. Cancer. 2004. V. 112. № 6. P. 1075–1080. 21. Tsoris A., Marlar C.A. Use Of The Child Pugh Score In Liver Disease. 2019. https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/31194448/ 22. Waly Raphael S., Yangde Z., YuXiang C. Hepatocellular Carcinoma: Focus on Different Aspects of Management // ISRN Oncol. 2012. V. 2012. P. 1–12. 23. Wedemeyer H. et al. Strategies to manage hepatitis C virus (HCV) disease burden // J. Viral Hepat. 2014. V. 21. P. 60–89. 24. Yang J.D,. et al. A global view of hepatocellular carcinoma: trends, risk, prevention and management // Nat. Rev. Gastroenterol. Hepatol. 2019. V. 16. № 10. P. 589–604. 25. Yatsuji S. et al. Clinical features and outcomes of cirrhosis due to non-alcoholic steatohepatitis compared with cirrhosis caused by chronic hepatitis C // J. Gastroenterol. Hepatol. 2009. V. 24. № 2. P. 248–254. 26. Yoshizawa H. Hepatocellular carcinoma associated with hepatitis C virus infection in Japan: Projection to other countries in the foreseeable future // Oncology. Oncology, 2002. P. 8–17. 27. Yotsuyanagi H. et al. Virologic analysis of non-B, non-C hepatocellular carcinoma in Japan: Frequent involvement of hepatitis B virus // J. Infect. Dis. 2000. V. 181. № 6. P. 1920–1928.
Көрген адамдардың саны: 17

Түйенді сөздер:

Библиографиялық сілтемелер

Серікұлы Е., Смаилова Д.С., Тен И.А., Ильясова Б.С., Нурбакытқызы А., Баймаханов Ж.Б., Скакбаев А.С., Каниев Ш.А., Досханов М.О., Сейсембаев М.А., Баймаханов Б.Б. Гепатоцеллюлярлық карциноманың клиникалық ерекшеліктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 3 (Т.24). Б. 36-41. doi 10.34689/SH.2022.24.3.005

Авторизируйтесь для отправки комментариев