Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР АУРУЛАРЫ МЫСАЛЫНДА АЛДЫН АЛУҒА БОЛАТЫН ӨЛІМДІ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Кіріспе. Жүрек-қан тамырлары ауруларымен (ЖҚА) байланысты өлім-жітім бүкіл әлемде қоғамдық денсаулық сақтаудың алдын алуға болатын күрделі мәселесі болып қала береді. Алдын алуға болатын өлім-жітімнің (avoidable mortality) жоғары деңгейі уақытылы көрсетілмеген профилактикалық немесе тиімді медициналық көмектің жеткіліксіздігін көрсетеді. Алайда алдын алуға болатын өлім-жітім денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігінің көрсеткіші болуы мүмкін. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері мен Канада өлім себептерінің тенденциясын зерттеу үшін алдын алуға болатын өлім-жітімді қолданады. Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасында ЖҚА-ның алдын алуға болатын өлім-жітіміне талдау жүргізу болып табылады. Әдістері: Алдын алуға болатын (avoidable), емделетін (treatable) және профилактикалық (preventable) өлім-жітімнің көрсеткіштерін есептеу үшін біз өлімнің себептерін қоса алғанда, жас топтары бойынша өлімнің стандартталған коэффициентін (tst) жинақтадық. ЭЫДҰ әзірлеген әдістеме негізінде, біз 2018 жылы Қазақстанда ЖҚА-ның алдын алуға болатын өлім-жітімді анықтадық. Қазақстан бойынша деректер РМК ШЖҚ "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" алынды. Нәтижелері: Қазақстан Республикасы бойынша ЖҚА- ның алдын алуға болатын өлім-жітімнің жасы бойынша стандартталған коэффициенттері 100 000 халыққа шаққанда 121,42 құрады (оның ішінде алдын алуға 58,36 және емдеуге болатын 63,06). Халықтың жасы неғұрлым үлкен болса, алдын алуға болатын және емделетін өлім-жітім деңгейі соғұрлым жоғары екендігі анықталды. Қорытынды: ЖҚА кезінде профилактикалық және ауруды басқару бағдарламаларын енгізуге қарамастан, емделмейтін жағдайларға байланысты өлім-жітімнің үлесі асып түседі, бұл ЖҚА-ның алдын алу жөніндегі іс-шаралардың орындалу көлемінің жеткіліксіздігін көрсетеді.
Ляззат Кошербаева1, http://orcid.org/0000-0001-8376-4345 Айжан Самамбаева2, http://orcid.org/0000-0001-8600-7980 Yolanda Pena Boquete2 http://orcid.org/0000-0002-8884-2223 Азиза Имаматдинова1 1 С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы; 2 AYeconomics Research Centre S.L., Сантьяго де Компостела, Испания.
Ляззат Кошербаева1, http://orcid.org/0000-0001-8376-4345 Айжан Самамбаева2, http://orcid.org/0000-0001-8600-7980 Yolanda Pena Boquete2 http://orcid.org/0000-0002-8884-2223 Азиза Имаматдинова1 1 С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы; 2 AYeconomics Research Centre S.L., Сантьяго де Компостела, Испания.
Көрген адамдардың саны: 98

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Кошербаева Л., Самамбаева А., Boquete Yolanda Pena, Имаматдинова А. Жүрек-қан тамыр аурулары мысалында алдын алуға болатын өлімді есептеу әдістемесі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 4 (Т.24). Б. 101-107. doi 10.34689/SH.2022.24.4.013

Авторизируйтесь для отправки комментариев