СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ИЫҚ СҮЙЕГІНІҢ ПРОКСИМАЛЬДЫ БӨЛІГІНІҢ СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМІНІҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ НӘТИЖЕЛЕРІ: РЕТРОСПЕКТИВТІ ЗЕРТТЕУ
Өзектілігі. Шетелдік әдебиеттерге сәйкес, иық сүйегінің проксимальды бөлігінің сынықтары тірек-қимыл жүйесінің барлық сынықтарының шамамен 5% және иық сүйегінің барлық сынықтарының 26% құрайды. Кездесу жиілігі 100000 адамға шамамен 82 жағдайды құрайды. Зерттеудің мақсаты. Семей қаласы бойынша иық сүйегінің проксимальды бөлігі сынықтарынын эпидемиологиясын зерттеу, жасы, жынысы, сынық түрі, емдеу әдісі, емханаға жатқызуға дейіңгі және отаға дейіңгі уақыт, ауруханада болу ұзақтығы сияқты әртүрлі деректерді салыстыру және хирургиялық емнің ұзақ нәтижелеріне талдау жасау. Әдістері. Ретроспективті түрде 2019-2020 жылдар аралығында Семей қаласының Жедел медициналық көмек ауруханасында стационарлық және амбулаториялық ем алған, иық сүйегінің проксимальды бөлігінің әртүрлі сынықтары бар 117 науқас зерттелді. Сынық түрін жіктеу мақсатында АО/ОТА халықаралық сынықтардың жіктемесі қолданылды. Ұзақ мерзімді нәтижелер хирургиялық емдеуден кейін 1 жыл немесе одан да көп уақыт өткен соң зерттелді. Науқастың арнайы сауалнамасы жасалды, иық буыны қызметінің қалпына келуін бағалау үшін Constant-Murley сынамасы қолданылды. Нәтижелерді статистикалық өңдеу SPSS 20 бағдарламасында Колмогоров-Смирнов, Краскел-Уоллис және Фишердің параметрлік емес критерийлерін қолдана отырып жүргізілді. Нәтижелері. Науқастардың орташа жасы – 62 жасты құрады, 73%-ы әйел адамдар болды. Жарақат алғандардың көбісі қала тұрғындары болды. Ең жиі 11А2.2 типті сынықтар кездеседі (33%), барлық жарақаттардың 98% жекеленген болды. Стационарлық емдеуде 82 науқас болды, олардың жартысынан көбі консервативті әдіспен емделді. Хирургиялық әдістердің ішінде құлыптама пластинамен сүйекүстілік остеосинтез жиі қолданылды (59%). Алыс кезеңде келесі асқынулар анықталды: иық буынының контрактурасы – 26%, иық сүйегі басының асептикалық некрозы – 5% және қолтық асты нервісінің нейропатиясы – 1%. Constant-Murley сынамасы бойынша иық буыны қызметінің қалпына келуінің орташа бағасы – 88 баллды құрады. Тұжырым. Иық сүйегінің проксимальды бөлігінің сынықтары егде жастағы науқастарда жиі кездесті, қала тұрғындары басым болды. Жарақаттардың көбісі жекеленген болды. Консервативті емдеу жиі науқастың остеосинтезден бас тартуына байланысты қолданылды. 32% жағдайда хирургиялық емдеудің әртүрлі алыстаған асқынулары анықталды.
Арман С. Мусабеков1, https://orcid.org/0000-0001-8618-0345 Ерсин Т. Жунусов2, https://orcid.org/0000-0002-1182-5257 Мағжан С. Жұмақан1, https://orcid.org/0000-0002-1904-691X Айдос С. Тлемисов1, https://orcid.org/0000-0002-4239-6627 Ернар Н. Токтаров1, https://orcid.org/0000-0002-5166-243X Талгат Г. Джунусов1, https://orcid.org/0000-0001-8169-147X Нурлан А. Бокембаев1, https://orcid.org/0000-0003-4140-1831 Жаксылык М. Касымов1, https://orcid.org/0000-0001-5948-5100 1 КеАҚ «Семей медицина университеті», Семей қ., Қазақстан Республикасы; 2 International science center of traumatology and orthopaedics, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
1. Akshar H. Patel, J. Heath Wilder, Sione A. Ofa, Olivia C. Lee How age and gender influence proximal humerus fracture management in patients older than fifty years // JSES International, 2021 Dec 17.6(2):253-258. doi: 10.1016/j.jseint.2021.11.007. 2. Amit Piple, Christian Taylor Smith, David W. Barton, Jonathan J. Carmouche Proximal Humerus Fractures in the Geriatric Population Present an Opportunity to Improve Recognition and Treatment of Osteoporosis // Geriatric Orthopaedic Surgery & Rehabilitation, Volume 11: 1-6. DOI: 10.1177/2151459320935103. 3. Beeres F.J.P., Hallensleben N.D.L., Rhemrev S.J., Goslings J.C., Oehme F., Meylaerts S.A.G., et al. Plate fixation of the proximal humerus: an international multicentre comparative study of postoperative complications // Arch Orthop Trauma Surg. 2017. 137(12):1685–92. 4. Bergdahl C., Ekholm C., Wennergren D., Nilsson F., Möller M. Epidemiology and patho-anatomical pattern of 2,011 humeral fractures: Data from the Swedish Fracture Register // BMC Musculoskelet Disord. 2016. 17(1). p. 320-332. 5. Clinton J., Franta A., Polissar N.L., Neradilek B., Mounce D., Fink H.A., et al. Proximal humeral fracture as a risk factor for subsequent hip fractures // J Bone Jt Surg - Ser A. 2009. 91(3):503–11. 6. Deepak C.D., Ravoof A., Baruah M.J. Functional outcome of displaced proximal humerus fractures managed by proximal humerus interlocking system plate // Int J Res Orthop. 2017. 3(3):583. 7. Dilisio M.F., Nowinski R.J., Hatzidakis A.M., Fehringer E.V. Intramedullary nailing of the proximal humerus: Evolution, technique, and results // J Shoulder Elb Surg [Internet]. 2016. 25(5): e130–8. 8. Doursounian L., Le Sant A., Mauprivez R., Miquel A., Beauthier-Landauer V. Open reduction and internal fixation of three- and four-part proximal humeral fractures by intra-focal distraction: observational study of twenty five cases // Int Orthop. 2016. 40(11):2373–82. 9. Feissli S., Audigé L., Steinitz A., Müller A.M., Rikli D. Treatment options for proximal humeral fractures in the older adults and their implication on personal independence // Arch Orthop Trauma Surg. 2020;140(12). 10. Gerard P. Slobogean, Herman Johal, Kelly A. Lefaivre, Norma J. MacIntyre, Sheila Sprague, Slobogean et al. A scoping review of the proximal humerus fracture literature // BMC Musculoskeletal Disorders. 2015. 16:112. DOI 10.1186/s12891-015-0564-8. 11. Giorgio Maria Calori, Massimiliano Colomb, Miguel Simon Bucci, Piero Fadigati, Alessandra Ines Maria Colombo Complications in proximal humeral fractures. Injury, August 05, 2016, DOI: 10.1016/j.injury.2016.07.039. 12. Gracitelli M.E.C., Dotta T.A.G., Assunção J.H., Malavolta E.A., Andrade-Silva F.B., Kojima K.E., et al. Intraobserver and interobserver agreement in the classification and treatment of proximal humeral fractures // J Shoulder Elb Surg. 2017. 26(6):1097–102. 13. Jan Dauwe, Gregory Walters, Lukas A. Holzer, Kris Vanhaecht, Stefaan Nijs Failure after proximal humeral fracture osteosynthesis: a one-year analysis of hospital-related healthcare cost // International Orthopaedics. 2020. 44: 1217–1221. doi.org/10.1007/s00264-020-04577. 14. Karol Ratajczak, Grzegorz Szczesny, Paweł Małdyk. Comminuted fractures of the proximal humerus - principles of the diagnosis, treatment and rehabilitation // Ortopedia Traumatologia Rehabilitacja. 2019 Apr 30. 21(2):77-93. doi: 10.5604/01.3001.0013.1544. 15. Launonen A.P., Lepola V., Saranko A., Flinkkilä T., Laitinen M., Mattila V.M. Epidemiology of proximal humerus fractures // Arch Osteoporos. 2015. 10(1):1–5. 16. Reinier B. Beks, Yassine Ochen, Herman Frima, Diederik P., Olivier van der Meijden Operative versus nonoperative treatment of proximal humeral fractures: a systematic review, meta-analysis, and comparison of observational studies and randomized controlled trials // Journal of Shoulder and Elbow. Surgery Volume 27, Issue 8, P1526-1534, August 01, 2018. DOI: 10.1016/j.jse.2018.03.009. 17. Shi X., Liu H., Xing R., Mei W., Zhang L., Ding L., et al. Effect of intramedullary nail and locking plate in the treatment of proximal humerus fracture: An update systematic review and meta-analysis // J Orthop Surg Res. 2019. 14(1):1–11. 18. Tadvi N.D., Deveshawar R.N., Patel Y.C. Treatment of proximal humerus fracture using proximal humerus locking plating // Int J Res Orthop. 2017. 3(4):670. 19. Valenti P., Zampeli F., Ciais G., Kany J., Katz D. The initial treatment of complex proximal humerus fracture affects the outcome of revision with reverse shoulder arthroplasty // Int Orthop. 2020. 44(7). p. 260-274. 20. Vachtsevanos L., Hayden L., Desai A.S., Dramis A. Management of proximal humerus fractures in adults. 2014. 5(5):685–93.
Көрген адамдардың саны: 24

Түйенді сөздер:

Библиографиялық сілтемелер

Мусабеков А.С., Жунусов Е.Т., Жұмақан М.С., Тлемисов А.С., Токтаров Е.Н., Джунусов Т.Г., Бокембаев Н.А., Касымов Ж.М. Семей қаласы бойынша иық сүйегінің проксимальды бөлігінің сынықтарының эпидемиологиясы және хирургиялық емінің ұзақ мерзімді нәтижелері: ретроспективті зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 4 (Т.24). Б. 125-132. doi 10.34689/SH.2022.24.4.016

Авторизируйтесь для отправки комментариев