Алдыңғы жылдардағы жарияланымдарды мына сілтеме бойынша көруге болады
Жариялымдар мұрағатта
ӨКПЕНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ОБСТРУКЦИЯЛЫҚ АУРУЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ЕМДЕЛУІ
Бұл мақалада өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) диагностикасы және емдеу аспектілері жөнінде мәліметтер келтірілген. Бұл аурудың пайда болу себептері, клиникалық көріністері, диагностикасы және емдеу принциптеріне қатысты заманауи деректер топтастырылған. Бронхолитикалық терапия негізгі емдік шара екені көрсетілген.
Толығырақ
2012 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 27-28

ЖҮРЕКТІҢ КОРОНАРЛЫҚ АУРУЫН ЕМДЕУДЕГІ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР
Автор (лар): КИЫКБАЕВА Г.Т.
Бұл мақалада жүректің коронарлық ауруымен ауыратын науқастарды емдеу мәселесі қарастырылады: коронарлық артерияларға тамырлар арқылы катетер еңгізу немесе хирургиялық жолмен емдеу тәсілдері қай кезде қолданылатыны, дәрі-дәрмекпен емдеу тәсілдерінің маңызы, терапия саласындағы дәрігерлердің осындай науқасты бақылап емдегендегі маңызы.
Толығырақ
2012 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 25-26

ЖЫПЫЛЫҚТАҒЫШ АРИТМИЯНЫ ЕМДЕУДЕГІ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС
Бұл мақалада жыпылықтағыш аритмия жағдайында қолданылатын заманауи емдік шаралар тұралы шолу жасалған. Емдеу принциптерінің негізгі бағыттары қарастырылады. Жүрек ырғағын қалпына келтіру және жыпылықтағыш аритмияны қайтармай тек қана жүрек соғу жиілігін бақылау стратегиялары өз ара салыстырылады. Фармакологиялық кардиоверсияның іске асырылуы тұралы жан-жақты мәлімет келтірілген.
Толығырақ
2012 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 23-25

ЖҮРЕК ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫНДА АНТИТРОМБОЦИТАРЛЫҚ ЕМДЕРДІҢ МАҢЫЗЫ
Автор (лар): КИЫКБАЕВА Г.Т.
Бұл мақалада жүрек ишемиялық ауруымен ауыратын науқастарда антитромбоцитарлық емдер қолданылуы қарастырылады; аспирин және клопидогрел препараттарын жеке бөлек пайдалану нәтижелілігі және де бұл екеуін қоса қолданатын жағдайлар көрсетіледі.
Толығырақ
2012 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 22-23