ЖУСАН ТОЗАҢЫМЕН ШАҚЫРЫЛАТЫН АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РИНИТ ПЕН БРОНХИАЛДЫ ДЕМІКПЕНІНІҢ ТЫШҚАН МОДЕЛІН ЖАСАУ
Өзектілігі. Индустриалды дамыған елдердің тұрғындары арасында аллергиялық аурулардың таралуы 35%-ға жетті және сарапшылардың бағалауы бойынша келесі онжылдықта олардың одан әрі өсуі болжануда. АСИТ- аллергиялық процестің табиғи ағымын өзгерте алатын жалғыз терапиялық тәсіл. Аллергиялық аурулардың жаһандық таралуы және коммерциялық қол жетімді АСИТ препараттарының жетіксіздігі аллергияны емдеудің жаңа әдістерін іздеуді немесе қолданыстағы әдістерді жетілдіруді қажет етеді, бұл өз кезегінде зертханалық жануарларда аллергиялық ауруларды дұрыс модельдеуді қажет етеді. Мақсаты:. Аллерген спецификалық иммунотерапияға арналған жаңа вакцинаны болашақта әзірлеу үшін тышқандардағы аллергиялық бронхиалды демікпені және аллергиялық ринитті модельдеу. Материалдар мен әдістер: Зерттеу дизайны: эксперименттік-клиникаға дейінгі перспективалық когорттық зерттеу. Зертханалық жануарлармен жұмыстың барлық циклі 2020 жылғы қыркүйектен 2021 жылғы қаңтарға дейін ҚР ДСМ М. Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында (АҚИҰҒО) орындалды. IgE-ассосацияланған бронхиалды демікпені модельдеу үшін 8-12 апталық SPF BALB/c ұрғашы тышқандары пайдаланылды. Тышқандар ащы және қарапайым жусан сығындылары, сондай-ақ екеуінің араласқан түрін пайдалана отырып, интраназальды (ИН) және интраперитонеальді (ИП) тәсілдермен сенситизацияланды. Бұл аллергендерді таңдау олардың Қазақстандағы маусымдық поллиноздың ең үлкен жағдайларында себепкер болуына байланысты. Тышқандардағы аллергия деңгейін бағалау кезінде антиденелерді, цитокиндерді, жасушалық иммундық жауаптарды, клиникалық белгілерді және өкпенің гистологиялық талдауын зерттеуді қамтитын кешенді тәсілдер қолданылды. Өзгермелі айнымалылардың эксперименттік алынған үлгілерін статистикалық өңдеудің жалпы қабылданған әдістері қолданылды. Үлгінің орташа мәні (X), орташа квадраттық қате (m) анықталды. Көрсеткіштер мен топтар арасындағы айырмашылықтардың дұрыстығы Graph Pad prism 8 (Graph Pad Software, Inc., La Jolla, CA, USA) статистикалық бағдарламасын қолдану арқылы анықталды. Жаңалығы: Алғаш рет ащы және қарапайым жусан сығындыларымен, сондай-ақ екеуінің араласқан түрін пайдалана отырып, интраназальды және интраперитонеальды әдістермен аллергиялық ринит пен аллергиялық бронх демікпені лабораториялық тышқанда модельденді. Нәтижелер: Сыналған аллергендердің ішінде ең аллергизациялайтын әсерге интраперитонеальды сентитизация режиміндегі қарапайым жусан сығындысы ие болды: жалпы және антиген спецификалық IgE антиденелерінің жоғарылауы, IgG1/IgG2a антиденелер қатынасы бойынша иммундық жауаптың Th2-ге айқын поляризациясын тудырды, құлақ сынағында оң реакция тудырды, өкпеде IL-5 аллергиялық қабыну цитокинінің экспрессиясымен жүретін периваскулярлық және эозинофильді қабынуы байқалды. Қорытынды: Тышқандарда аллергиялық бронх демікпесі мен аллергиялық ринитті модельдеу кезінде интраперитонеальды сентитизация режимінде қарапайым жусан сығындысы ең аллергизациялайтын әсерге ие болды.
Меруерт Е. Бабаева1,3, https://orcid.org/0000-0001-8694-5942, Қайрат Қ. Табынов1,2, https://orcid.org/0000-0001-9411-7952, Таир Т. Нұрпеисов3, https://orcid.org/0000-0002-9590-8905, Қайсар Қ. Табынов1,2, https://orcid.org/0000-0001-5823-1280 1 «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ, Халықаралық вакцинология орталығы, Алматы қ., Казақстан Республикасы; 2 «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК, Виварий бар клиникаға дейінгі зерттеулер лабораториясы, Алматы қ., Казақстан Республикасы; 3 «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Жалпы иммунология кафедрасы, Алматы қ., Казақстан Республикасы.
1. Астафьева Н.Г., Гамова И.В., Удовиченко Е.Н. Место аллергенспецифической иммунотерапии в лечении атопии. Эффективная фармакотерапия // Аллергология и иммунология. 2012, №1. С. 6-16. 2. Курбачева О.М. Клинические, патогенетические и экономические аспекты применения аллерген-специфической иммунотерапии. Дисс. докт.мед.наук. М., 2007. 247с. 3. Adkinson N.F., Yunginger J.W., Busse W.W. et al. Middleton's Allergy, Principles and Practice. Mosby, 2003. P. 465-478. 4. Akdis C., Papadopoulos N., Cardona V. Fighting allergies beyond symptoms: the European Declaration on immunotherapy // European Journal of Immunology, 2011. P. 2802–2804. 5. Akdis C.A., Akdis M. Mechanisms of allergen-specific immunotherapy // Journal of Allergy and Clinical Immunology, 2011. P. 18-27. 6. Asher I., Baena-Cagnani C., Boner A., et al. World Allergy Organization guidelines for prevention of allergy and allergic asthma // International Archives of Allergy and Immunology, 2004. P. 83–92. 7. Bates J.H., Irvin C.G. Measuring lung function in mice: the phenotyping - uncertainty principle // J Appl Physiol, 2003. P. 1297-1306. 8. Bousquet J., Khaltaev N., Cruz A.A., et al. Allergic Rhinitis and its Impact on Asthma (ARIA) 2008 update (in collaboration with the World Health Organization, GA(2)LEN and AllerGen) // Allerg, 2008. P. 8–16. 9. Braun A., Tschernig T. Animal regimels of asthma: Innovative methods of lung research and new pharmacological targets // Exp Toxic Pathol. 2006. P.3-4. 10. Brożek J.L., Bousquet J., Agache I., Agarwal A., Bachert C., Bosnic-Anticevich S. Allergic Rhinitis and its Impact on Asthma (ARIA) guidelines, 2016 revision // J Allergy Clin Immunol. 2017. P.950-958. 11. Canonica G., Bosquet J., Casale T., et al. Sublingual Immunotherapy: World Allergy Organization Position Paper, 2009. P 1–5. 12. Canonica G.W., Cox L., Pawankar R., Baena-Cagnani C.E., Blaiss M. et al. Sublingual immunotherapy: World Allergy Organization position paper 2013 update // World Allergy Organization Journal, 2014. P 13-14. 13. Epstein M.M. Are mouse regimels of allergic asthma useful for testing novel therapeutics? // J Exp and Toxic Pathol, 2006. P. 41-44. 14. Epstein M.M. Do mouse regimels of allergic asthma mimic clinical disease? // Int Arch Allergy Immunol. 2004, v. 133(1), p.84-100. 15. Gelfand E.W. Mice are a good regimel of human airway disease // Am J Respir Crit Care Med, 2002. P. 5-8. 16. Grewling Ł, Bogawski P, Kostecki Ł, Nowak M, Szymańska A, Frątczak A. Atmospheric exposure to the major artemisia pollen allergen (Art v 1): Seasonality, impact of weather, and clinical implications // Sci Total Environ,2020.136611. 17. Hanneke P.M. Van der Kleij H.P., Kraneveld A.D., Kool M. et all. Murine Regimel for non IgE-mediated asthma // J Inflammation, 2004. №3. P. 115-125. 18. Jutel M., Agache I., Bonini S., Burks A.W., Calderon M., Canonica W. et al. International consensus on allergy immunotherapy // Allergy Clin Immunol, 2015. P.556-568. 19. Kips J.C., Anderson G.P., Herz U., Imman M.D., Jordana M., Kemmeny D.M., Lotvall J., Pauwels R.A., Sterk P.J., Van Oosterhout A.J., Chung K.F. Murine regimels of asthma // Eur Respir J., 2003. P.374-382. 20. Kobzar V. Pollen pollution strategy of artemisia and chenopodiaceae // Bull Sci Practice, 2021. P.10–28. 21. Linneberg A., Dam Petersen K., Hahn-Pedersen J., Hammerby E., Serup-Hansen N. and Boxall N. Burden of allergic respiratory disease: a systematic review // Clin Mol Allergy, 2016. P.14. 22. Pavlova NV ed. Flora of Kazakhstan. Alma-Ata: Publishing House of the Academy of Sciences of the Kazakh. SSR, 1996. P.154 23. Sánchez-Borges M., Martin B.L., Muraro A.M., Wood R.A., Agache I.O., Ansotegui I.J., et al. The Importance of Allergic Disease in Public Health: An iCAALL Statement // World Allergy Organ J., 2018.P.8. 24. Siniscalco C, Caramiello R, Migliavacca M, Busetto L, Mercalli L, Colombo R, et al. Models to predict the start of the airborne pollen season // Int J Biometeorol, 2015. P.837–848. 25. Strachan D., Sibbald B., Weiland S., et al. Worldwide variations in prevalence of symptoms of allergic rhinoconjunctivitis in children: the International Study of Asthma and Allergies in Childhood (ISAAC) // Pediatric Allergy and Immunology, 1997. P. 161–176. References: [1,2] 1. Astaf'eva N.G., Gamova I.V., Udovichenko E.N. Mesto allergenspetsificheskoi immunoterapii v lechenii atopii. Effektivnaya farmakoterapiya [The place of allergen-specific immunotherapy in the treatment of atopy. Effective pharmacotherapy]. Allergologiya i immunologiya [Allergology and Immunology]. 2012. №1. pp.6-16. [In Russian] 2. Kurbacheva O.M. Klinicheskie, patogeneticheskie i ekonomicheskie aspekty primeneniya allergen-spetsificheskoi immunoterapii: diss. dokt med.nauk. [Clinical, pathogenetic and economic aspects of the use of allergen-specific immunotherapy. Doct. diss.] 2007. 247 p. [In Russian]
Көрген адамдардың саны: 85

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Бабаева М.Е., Табынов Қ.Қ., Нұрпеисов Т.Т., Табынов Қайс.Қ. Жусан тозаңымен шақырылатын аллергиялық ринит пен бронхиалды демікпенінің тышқан моделін жасау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6(Т.24). Б. 277-288. doi 10.34689/SH.2022.24.6.033

Авторизируйтесь для отправки комментариев