АУТОИММУНДЫ ТИРЕОИДИТ КЕЗІНДЕГІ БІРІНШІЛІК ІСІКТІҢ ЖОҚТЫҒЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МОЙЫН БӨЛІМІ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІНДЕГІ МЕТАСТАТИКАЛЫҚ ПАПИЛЛЯРЛЫ ҚАЛҚАНША БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ: СИРЕК АУРУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
Кіріспе: Мойын бөліміндегі қалқанша безінің метастаздық папиллярлы карциномасы қалқанша безінің біріншілік ісігінсіз және созылмалы тиреоидит негізінде сирек тіркеледі, ауыр анықталады. Біз қалқанша безінің екі жағынан да біріншілік ісігі болмаған және мойын бөлімінің лимфа түйіндеріне метастаз бермеген 39 жастағы әйел адамның жағдайын сипаттаймыз. Клиникалық жағдай: Ота алдындағы зерттеу мәліметтері бойынша науқас аутоиммунды тиреоидит бойынша левотироксинмен ем қабылдауда болған. Науқасқа толық тиреоидэктомия және лимфодиссекция жүргізілген. Қалқанша безінің папиллярлы карциномасының метастаздары орталық лимфа түйіндерінде анықталған, қалқанша безіне жүргізілген бірнеше терең тілмелер біріншілік ісікті анықтамады. 2 жылдық бақылаудан кейін науқаста ісік метастаздары анықталмады. Нәтижелер: Иммуногистохимия нәтижелері метастаздық лимфа түйіндері тиреоглобулин, галектин-3, HBME-1, цитокератин 19 оң және BRAFV600E теріс болғанын көрсетті, Ki-67 LI >15% болды. TERT промоторы мутациясына молекулалық анализ теріс нәтиже көрсетті. Қорытынды: Біріншілік ісікті анықтай алмау ісіктің кіші мөлшерімен (<3 мм) және/немесе қалқанша безінің жайылмалы фиброзымен байланысты болуы мүмкін. Біздің ойымызша, аутоиммунды тиреоидит болған кезде диагнозды жіберіп алмау және емді кешіктірмеу үшін лимфа түйіндеріне біріншілік ісіксіз назар аудару керек.
Жанна Мусажанова 1,2, Акбота Таргынова 1, Арай Муканова3, Сая Кайдарова3, Гульзира Шалгимбаева3, Мадина Мадиева3, Лаура Пак3,4, Куанткан Жабагин4, Татьяна Белихина4, Гульназ Рахимжанова4, Жанар Елеубаева5, Салтанат Болсынбекова6, Жанна Калматаева1, Раушан Исаева1, Ляззат Сарсенова1, Раушан Умирова7, Масахиро Накашима2 1 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы; 2 Атом бомбасы аурулары институты, Нагасаки университеті, Жапония; 3 Семей медицина университеті, Семей, Қазақстан Республикасы; 4 Ядролық медицина және онкология орталығы, Семей, Қазақстан Республикасы; 5 Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Алматы, Қазақстан Республикасы; 6 Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы; 7 С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы.
1. Ahn H.S., Welch H.G. South Korea’s Thyroid-Cancer “Epidemic”-Turning the Tide // N. Engl. J. Med., 2015. Vol. 373, № 24. P. 2389–2390. 2. Boucek J., Kastner J., Skrivan J. Occult thyroid carcinoma // Acta Otorhinolaryngol Ital. 2009. № 6. P. 296–304. 3. Cole W.H. Efforts to explain spontaneous regression of cancer // J. Surg. Oncol., 1981. Vol.17, № 3. P. 201–209. 4. Editorial G., Elston D.M. Mechanisms of Regression // Clin. Med. Res. Marshfield Clinic, 2004. Vol.2, №2. P.85–88. 5. Ibrahim N.A., Fadeyibi I.O. Ectopic thyroid: etiology, pathology and management // Hormones (Athens), 2011. Vol. 10, № 4. P. 261–269. 6. Jr B. The immune response to papillary thyroid cancer // J Clin Endocrinol Metab., 1995. №80. P.3419–3420. 7. Krassas G., Pontikides N. Werner and Ingbar’s the Thyroid. 10th editi. Philadelphia: Lippincott Williams and Wilkins, 2013. P. 1-912. 8. Larson S.D. et al. Increased incidence of well-differentiated thyroid cancer associated with Hashimoto’s thyroiditis and the role of the pi3k/akt pathway // J. Am. Coll. Surg. NIH Public Access, 2007. Vol. 204, № 5. P. 764. 9. Li D. et al. Metastatic papillary thyroid carcinoma with no primary tumor in the thyroid gland: a case report and review of literature // Transl Cancer Res. 2022. Vol. 11, № 1. P. 299–305. 10. Liu H., Lv L., Yang K. Occult thyroid carcinoma: a rare case report and review of literature // Int. J. Clin. Exp. Pathol. e-Century Publishing Corporation, 2014. Vol.7, №8. P. 5210. 11. Lloyd R.V., Osamura Y.R., Juan R. WHO Classification of Tumours of Endocrine Organs. 4th ed. 2017. P. 81-91. 12. Moosa M., Mazzaferri E. Occult thyroid carcinoma // Cancer. 1997. № 10. P. 180–188. 13. Nishikawa M. et al. Occult papillary thyroid carcinoma in Hashimoto’s thyroiditis presenting as a metastatic bone tumor // Endocr.J., 1998. Vol.45, №1. P. 111–116. 14. Oueslati S., Douira W., Charada L. Ectopic thyroid // Ann Otolaryngol Chir Cervicofac. 2006. № 123. P. 195–198. 15. Simpson K., Albores-Saavedra J. Unusual findings in papillary thyroid microcarcinoma suggesting partial regression: a study of two cases // Ann Diagn Pathol. Termedia, 2007. № 11. P. 97–102. 16. Sobin L., Gospodarowicz M., C W. TNM Classification of Malignant Tumours. 7th edtion. Berlin: Springer-Verlag, 1992. P. 1-332.
Көрген адамдардың саны: 101

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Клиникалық жағдай

Библиографиялық сілтемелер

Мусажанова Ж., Таргынова А., Муканова A., Кайдарова С., Шалгимбаева Г., Мадиева M., Пак Л., Жабагин K., Белихина T., Рахимжанова Г., Елеубаева Ж., Болсынбекова С., Калматаева Ж., Исаева Р., Сарсенова Л., Умирова Р., Накашима M. Аутоиммунды тиреоидит кезіндегі біріншілік ісіктің жоқтығы жағдайындағы мойын бөлімі лимфа түйіндеріндегі метастатикалық папиллярлы қалқанша безінің қатерлі ісігі: сирек ауруды диагностикалау және басқару // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6 (Т.24). Б. 289-293. doi 10.34689/SH.2022.24.6.034

Авторизируйтесь для отправки комментариев