ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТИБИОТИКТЕРДІ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАНУЫН БАҒАЛАУ
Кіріспе. Микроорганизмдердің дәрілік заттарға төзімділігін алу осы микроорганизмдер тудыратын ауруларды емдеу мүмкіндіктерін тарылтады. Микробқа қарсы тұрақтылықтың пайда болуы бүкіл әлемде және микроорганизмдердің кең ауқымында байқалады. Бұл құбылыстың таралуы өсіп, адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіруде. Төзімді микроорганизмдермен инфекцияның салдары ауыр болуы мүмкін, соның ішінде аурудың ұзағырақ ағымы, өлім-жітімнің жоғарылауы, ауруханаға жатқызудың ұзағырақ болуы, операциялар мен басқа да медициналық процедуралар кезінде пациенттерді инфекциядан әлсіз қорғау және емдеу құнының артуы. Микробқа қарсы препараттарға төзімділік денсаулық сақтаудың барлық салаларына және әртүрлі секторларына,жалпы қоғамға әсер етеді.
Материалдар мен әдістер: ДДҰ-ның "Антибиотиктерге төзімділік: тұрғындардын ақпараттануын көп елдік зерттеу" сауалнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында медициналық білімі жоқ және 18 жастан асқан 727 адам арасында 2021 жылдың қазан айынан 2022 жылдың наурыз айына дейін антибиотиктердің білімін, көзқарасын және қолданылуын өзара зерттеу жүргізілді.
Нәтижелері: Респонденттердің 20,2% - ы соңғы 6 айда антибиотиктерді, 21,7% - ы соңғы айда қабылдады. 52% - ы дәрігерден антибиотиктерге рецепт алғанын, 35% - ы рецептсіз және 13% - ы есінде жоқ екенін айтты. Сауалнамаға қатысқандардың 28,3% - ы өздерін жақсы сезінген кезде антибиотиктерді қабылдауды тоқтату керек деп санайды. Тұрғындардың 41% - ы дәл осындай белгілермен қайтадан ауырған кезде дәрігерден бұрын көмектескен антибиотик сатып алатынын немесе сұрайтынын айтты.
Қорытынды: Респонденттердің жауаптарының нәтижелері бойынша халықтың антибиотиктер туралы білімі жеткіліксіз және қоғамдық денсаулық сақтау мамандары да, бастапқы деңгейде де осы препараттар туралы халықтың ақпараттануын арттыру қажет деген қорытынды жасауға болады.
Назым С. Искакова1, https://orcid.org/0000-0001-5631-5499
Зайтуна А. Хисметова1, https://orcid.org/0000-0001-5937-3045
Гульзат Ж. Сарсенбаева2, https://orcid.org/0000-0002-1518-6528
Кенеш О. Джусупов3, https://orcid.org/ 0000-0002-2213-1373
Динара С. Серикова-Есенгельдина1, https://orcid.org/0000-0002-9470-9488
Жанат У. Садибекова2, https://orcid.org/0000-0003-1789-1834
1 КеАҚ «Семей медицина университеті», Семей қ., Қазақстан Республикасы;
2 АО «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы», Шымкент қ., Қазақстан Республикасы;
3 Халықаралық жоғары медицина мектебі, Бишкек қ., Қырғыз Республикасы.
1. Alghadeer S. [и др.]. Self-medication with antibiotics in Saudi Arabia // Saudi pharmaceutical journal : SPJ : the official publication of the Saudi Pharmaceutical Society. 2018. № 5 (26). C. 719–724.
2. AlKhamees O.A. [и др.]. Top 10 most used drugs in the Kingdom of Saudi Arabia 2010-2015 // Saudi pharmaceutical journal : SPJ : the official publication of the Saudi Pharmaceutical Society. 2018. № 2 (26). C. 211–216.
3. Garau J., Bassetti M. Role of pharmacists in antimicrobial stewardship programmes // International journal of clinical pharmacy. 2018. № 5 (40). C. 948–952.
4. Lee C.R. [и др.]. Educational effectiveness, target, and content for prudent antibiotic use // BioMed research international. 2015. (2015).
5. Li Y. China’s misuse of antibiotics should be curbed // BMJ (Clinical research ed.). 2014. (348).
6. Mathew P., Sivaraman S., Chandy S. Communication strategies for improving public awareness on appropriate antibiotic use: Bridging a vital gap for action on antibiotic resistance // Journal of family medicine and primary care. 2019. № 6 (8). C. 1867.
7. McNulty C.A. M. [и др.]. Overview of e-Bug: an antibiotic and hygiene educational resource for schools // The Journal of antimicrobial chemotherapy. 2011. № SUPPL. 5 (66 Suppl 5).
8. Odhiambo F. [и др.]. Antimicrobial resistance: capacity and practices among clinical laboratories in Kenya, 2013 // The Pan African medical journal. 2014. (19).
9. Sakeena M.H.F. [и др.]. Investigating knowledge regarding antibiotics and antimicrobial resistance among pharmacy students in Sri Lankan universities // BMC infectious diseases. 2018. № 1 (18).
10. Scaioli G. [и др.]. Antibiotic use: a cross-sectional survey assessing the knowledge, attitudes and practices amongst students of a school of medicine in Italy // PloS one. 2015. № 4 (10).
11. Schechner V. [и др.]. Epidemiological interpretation of studies examining the effect of antibiotic usage on resistance // Clinical microbiology reviews. 2013. № 2 (26). C. 289–307.
12. Silverberg S.L. [и др.]. A review of antimicrobial stewardship training in medical education // International journal of medical education. 2017. (8). C. 353–374.
13. Ventola C.L. The antibiotic resistance crisis: part 1: causes and threats // P & T : a peer-reviewed journal for formulary management. 2015. № 4 (40). C. 277–83.
14. While A. «No action today means no cure tomorrow»: the threat of antimicrobial resistance // British journal of community nursing. 2016. № 7 (21). C. 344–347.
15. Wolfe C.M., Cohen B., Larson E. Prevalence and risk factors for antibiotic-resistant community-associated bloodstream infections // Journal of infection and public health. 2014. № 3 (7). C. 224–232.
Көрген адамдардың саны: 24
Библиографиялық сілтемелер
Искакова Н.С., Хисметова З.А., Сарсенбаева Г.Ж., Джусупов К.О., Серикова-Есенгельдина Д.С., Садибекова Ж.У. Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының антибиотиктерді қолдану туралы ақпараттануын бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 1 (Т.25). Б. 123-139. doi 10.34689/SH.2023.25.1.016Ұқсас жариялымдар:
ӨТТАС АУРУЫ АСҚЫНУЛАРЫН ЕМДЕУДІҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ЕРЕСЕК ЖАС ТОБЫНДАҒЫ ТҮЛҒАЛАРДА БҮЙРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ДАМУ ҚАУПІНІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕГІ БІРІКТІРІЛГЕН ФАРМАКОТЕРАПИЯ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2019-2020 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӨКПЕ ОБЫРЫН ЕМДЕУДЕГІ МУЛЬТИДИСЦИПЛИНАРЛЫ ТОПТЫҢ ЖҰМЫСЫН ТАЛДАУ
ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІНІҢ ПРОЛАПСЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ, ЭТИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТАРЫНДАҒЫ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ РЕСУРСТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІН ТАЛДАУ