Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЫН ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ХАБАРДАРЛЫҒЫН ЗЕРДЕЛЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Кіріспе. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатына және «Салауатты ұлт» бағдарламасына сәйкес денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыты қазіргі заманғы эпидемиологиялық болжау және ден қою жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау. Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бағыттарының бірі стоматологиялық емханалардың инфекциялық бақылауы болып табылады. Коронавирустық пандемия көрсеткендей, ол қызметтің барлық салаларына, соның ішінде стоматологиялық күтімге де әсер етті. Пандемия кезінде стоматологиялық көмекті объективті себептермен толығымен тоқтату мүмкін болмады. Осы қиын кезеңдегі жұмыс стоматологиядағы инфекциялық бақылауды сақтау бойынша ұйымдастырушылық, заңнамалық және атқарушылық шаралардың кемшіліктерін көрсетті. Стоматологияда қатаң инфекциялық бақылау қажеттілігінің негізгі себебі - дәрігерлер науқастардың ауыз қуысындағы сілекейімен және қанымен байланыста болатын жеткілікті жоғары жылдамдықпен жұмыс істейтін өткір құралдармен үнемі байланыста болуы, сондай-ақ стоматологтар В гепатиті вирусы (HBV), С гепатиті вирусы (HCV), АИТВ және COVID-19 сияқты жұқпалы ауруларды жұқтыру қауіпі жоғары. Зерттеу мақсаты: Медицина қызметкерлерінің стоматологиялық көмек көрсету кезінде инфекциялық бақылауын және инфекциялық қауіпсіздігін сақтау сұрақтары бойынша хабардарлығын зерделеу және бағалау. Материалдар мен әдістер: біруақытта көлденең зерттеу. Зерттеу жұмыстары Шығыс Қазақстан облысы мен Абай ауданының стоматологиялық мекемелерінде (Өскемен, Семей, Зайсан, Аягөз, Күршім, Семей әскери госпиталінде) жүргізілді. Зерттеу нысаны: 11 стоматологиялық клиникалар мен кабинеттердің барлық мамандықтарының медицина қызметкерлері (дәрігерлер, орта және кіші медициналық қызметкерлер). Іріктеме стоматологиялық емханалар мен кабинеттердің 100 медицина қызметкерінен құралды. Сауалнама Google Сауалнама платформасы арқылы онлайн және офлайн режимде жүргізілді. Сапалық деректерді статистикалық талдау үшін IBM SPSS 20.0 бағдарламасының көмегі арқылы Пирсонның Хи 2 тесті және Фишер тесті қолданылды. Нәтижелер p<0,05 статистикалық маңызды деп саналды. Нәтижелері: Сауалнамаға қатысқан медицина қызметкерлерінің 1/3 бөлігінен астамы жұқпалы аурулар бойынша білімін жеткіліксіз деп санайды, яғни инфекциялық бақылау және қауіпсіздік саласында тиісті дайындықтан өтпеген. Бұл ретте жынысы мен жұмыс тәжірибесі бойынша айырмашылықтар табылмады. Соңғы 6 айда стоматологиялық қызмет көрсету кезінде (жаралар, сызаттар, пункциялар) әрбір 5 медицина қызметкерінің 4-і жарақат алған. Көптеген дәрігерлерді науқастың жұқпалы жағдайы туралы қызықтырмайды. Ал 65 (65%) респондент жұқпалы аурумен ауыратыны белгілі болса да, жұқтыру ықтималдығына қарамастан, науқасты емдеуден бас тарта алмайды. Сонымен қатар, инфекцияның алдын-алу үшін санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау жеткіліксіз. Қорытынды: Зерттеу нәтижесінде стоматологиялық клиникалардағы медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздік және инфекциялық бақылау туралы білімінің жеткіліксіз деңгейі анықталды, бұл жұқпалы ауруларды жұқтыру қауіпінің артуына әкелуі мүмкін. Білімнің кезеңді мониторингін жүргізу, инфекциялық қауіпсіздік және инфекциялық бақылау бойынша оқытуды жүргізу, тренингтер өткізіп отыру қажет.
Жанна Ж. Төлегенова1, https://orcid.org/0000-0001-8174-2193 Шолпан Е. Токанова1, https://orcid.org/0000-0003-0304-4976 Асель Ж. Байбусинова1, http://orcid.org/0000-0003-3447-6245 Жанар М. Жуманбаева1, http://orcid.org/0000-0001-8941-862X Нуржанат Б. Хайдарова1, https://orcid.org/0000-0002-1364-1945 Алтынай М. Досбаева1, https://orcid.org/0000-0002-0554-2680 Асель М. Искакова1, https://orcid.org/0009-0003-0144-6100 Куралай Е. Калиханова1, https://orcid.org/0000-0002-5995-3362 1 КеАҚ «Семей медицина университеті», Семей қ., Қазақстан Республикасы.
1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2021 года № 725. «Об утверждении национального проекта "Качественное и доступное здравоохранение для каждого гражданина "Здоровая нация". [Электронный ресурс] URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2100000725. (Дата обращения 11.03.2023 г). 2. Amato A., Caggiano M., Amato M., Moccia G., Capunzo M., De Caro F. Infection Control in Dental Practice During the COVID-19 Pandemic // International Journal of Environmental Research and Public Health. 2020; 17(13):4769. https://doi.org/10.3390/ijerph17134769. (Дата обращения 11.03.2023 г). 3. Bin Mubayrik A., Al Dosary S., Alshawaf R., Alduweesh R., Alfurayh S., Alojaymi T., Tuwaym M., et al. Public Attitudes Toward Chairside Screening for Medical Conditions in Dental Settings // Patient Prefer Adherence. 2021 Feb 2. 15:187-195. doi: 10.2147/PPA.S297882. PMID: 33564229; PMCID: PMC7866954. 4. Centers for Diseases Control and Prevention. Guidelines for Infection Control in Dental Health-Care Settings—2003 // Centers for Diseases Control and Prevention: Atlanta, GA, USA, 2003. pp. 1–76. 5. Dagher J., Sfeir C., Abdallah A., Majzoub Z. Infection Control Measures in Private Dental Clinics in Lebanon // Int J Dent. 2017;2017:5057248. doi: 10.1155/2017/5057248. Epub 2017 May 31. PMID: 28642792; PMCID: PMC54700496. 6. Dai J., Zhang Y.P., Wang W.M., Luo X.M., Zhuo W.J., Yang W.J., Zhang L.Z. A survey on the disposal of blood-contaminated tampon after dental extraction // Springerplus. 2016 Sep 7. 5(1):1498. doi: 10.1186/s40064-016-3210-5. PMID: 27652071; PMCID: PMC5014768. 7. Ge Z.Y., Yang L.M., Xia J.J., Fu X.H., Zhang Y.Z. Possible aerosol transmission of COVID-19 and special precautions in dentistry // J Zhejiang Univ Sci B. 2020 May. 21(5):361-368. doi: 10.1631/jzus.B2010010. Epub 2020 Mar 16. PMID: 32425001; PMCID: PMC7089481. 8. Harrel S.K., Molinari J. Aerosols and splatter in dentistry: A brief review of the literature and infection control implications // J. Am. Dent. Assoc. 2004. 135, 429–437. 9. Kassim S., Othman B., AlQahtani S., Kawthar A.M., McPherson S.M., Greenberg B.L. Dentists' attitudes towards chairside medical conditions screening in a dental setting in Saudi Arabia: an exploratory cross-sectional Study // BMC Oral Health. 2019 Aug 6;19(1):179. doi:10.1186/s12903-019-0870-x. PMID: 31387573; PMCID: PMC6685149. 10. Kochlamazashvili M., Kamkamidze G., McNutt L.A., De Hovitz J., Chubinishvili O., Butsashvili M. Knowledge, attitudes and practice survey on blood-borne diseases among dental health care workers in Georgia // J Infect Dev Ctries. 2018 Oct 31;12(10):864-870. doi: 10.3855/jidc.9911. PMID: 32004155. 11. Mahboobi N., Porter S.R., Karayiannis P., Alavian S.M. Dental treatment as a risk factor for hepatitis B and C viral infection. A review of the recent literature // J Gastrointestin Liver Dis. 2013. 22:79-86. 12. Malsam R., Nienhaus A. Occupational Infections among Dental Health Workers in Germany-14-Year Time Trends // Int J Environ Res Public Health. 2021 Sep 27. 18(19):10128. doi: 10.3390/ijerph181910128. PMID: 34639430; PMCID: PMC8508029. 13. Moradi Kh.B, Jamali Z., Pournaghi A.F., Naghavi Behzad M., Azami-Aghdash S. Knowledge, Attitude, Practice, and Status of Infection Control among Iranian Dentists and Dental Students: A Systematic Review // J Dent Res Dent Clin Dent Prospects. 2013;7(2):55-60. doi: 10.5681/joddd.2013.010. Epub 2013 May 30. PMID: 23875081; PMCID: PMC3713861. 14. Tada A., Watanabe M., Senpuku H. Factors affecting changes in compliance with infection control practices by dentists in Japan // Am J Infect Control. 2015; 43: 95- 97. 15. Tanner J., Parkinson H. Double gloving to reduce surgical crossinfection // Cochrane Database Syst Rev 2006. (3):CD003087. https://doi.org/10.1002/14651858.CD003087.pub2 16. Santella A.J., Conway D.I., Watt R.G. The potential role of dentists in HIV screening // Br Dent J. 2016 Mar 11;220(5):229-33. doi: 10.1038/sj.bdj.2016.172. PMID: 26964593. 17. Uti O.G., Agbelusi G.A., Jeboda S.O., Ogunbodede E. Infection control knowledge and practices related to HIV among Nigerian dentists // J Infect Dev Ctries. 2009 Sep 15;3(8):604-10. doi: 10.3855/jidc.552. PMID: 19801803. References: [1] 1. Postanovlenie Pravitel'stva Respubliki Kazakhstan ot 12 oktyabrya 2021 goda № 725. «Ob utverzhdenii natsional'nogo proekta "Kachestvennoe i dostupnoe zdravookhranenie dlya kazhdogo grazhdanina "Zdorovaya natsiya". [Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated October 12, 2021 No. 725. "On approval of the national project "Quality and affordable healthcare for every citizen" "Healthy Nation"] https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2100000725. [Date of access 11.03. 2023].
Көрген адамдардың саны: 96

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Төлегенова Ж.Ж., Токанова Ш.Е., Байбусинова А.Ж., Жуманбаева Ж.М., Хайдарова Н.Б., Досбаева А.М., Искакова А.М., Калиханова К.Е. Стоматологиялық көмек көрсету кезінде медициналық қызметкерлердің инфекциялық бақылауын және инфекциялық қауіпсіздігін сақтау сұрақтары бойынша хабардарлығын зерделеу және бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 2 (Т.25). Б. 150-159. doi 10.34689/SH.2023.25.2.021

Авторизируйтесь для отправки комментариев