Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҰЛ БАЛАЛАРДАҒЫ УРЕТРАНЫҢ ТОЛЫҚ ЕМЕС ЕКІ ЕСЕЛЕНУІМЕН ҚАТАР КЕЗДЕСЕТІН ГИПОСПАДИЯНЫҢ БАҒАНАЛЫ ФОРМАСЫНЫҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ КОРРЕКЦИЯСЫ
Мәселенің өзектілігі. Гипоспадия – ер балалардың зәр шығару жүйесінің туа біткен ақауы. Әлем бойынша гипоспадияның таралуы жиілігі әртүрлі. Гипоспадияның несеп шығару түтігінің екі еселенуімен үйлесуі сирек кездеседі. Мақсаты: ер балалардағы уретраның даму ақаулары гипоспадия және несепағардың толық емес екі еселенуін хирургиялық түзету жағдайларын ұсынамыз. Материалдар мен әдістер: гипоспадия мен уретраның туа біткен толық емес екі еселенуі қатар кездесетін науқастарға уретра аралық пердені алып тастау операциясы жүргізілген жағдайлар қарастырылды. Нәтижелер: 2016-2023 жылдар аралығында біз уретраның толық емес екі еселенуі қатар кездесетін біріншлік және екіншілік әртүрлі формадағы гипоспадиясы бар 6 науқасқа операция жасадық. Барлық науқастарда уретрааралық пердені алып тастау арқылы жалпы уретралық түтік қалыптастырылып, Нелатон катетерімен стенттеу жүргізілді. Операциядан кейінгі асқынулардың дамуын болдырмау үшін эпицистостомиялық түтік пен уретральды катетерді қолдану арқылы зәр шығару әдісі қолданылды. Барлық алты науқаста операциядан кейін ерте және кеш кезеңде асқынулар байқалмады. Қорытынды: Гипоспадияның формасы көбінесе операция кезінде анықталады. Гипоспадия сыртқы жыныс мүшелері мен уретраның әртүрлі даму аномалияларымен бірге жүруі мүмкін.
Альмира Д. Жаркимбаева1, https://orcid.org/0000-0003-3487-0170 Жалгаскан К. Канапиянов1, Маратбек Т. Аубакиров1, https://orcid.org/0000-0002-8650-2225 Азат А. Дюсембаев1, https://orcid.org/0000-0002-3398-7329 Юрий В. Тен2, Василий М. Лозовой3, Мадина Р. Мадиева1, https://orcid.org/0000-0001-6431-9713 1 КeАҚ "Семей медицина университеті", Семей қ., Қазақстан Республикасы. 2 Алтай Мемлекеттік Медицина Университеті, Барнаул қ., Алтай өңірі, Сібір Федералды Округі, Ресей Федерациясы. 3 КeАҚ "Астана медицина университеті", Астана қ., Қазақстан Республикасы.
1. Cousin I., De Vires P., et al. Complication rates of proximal hypospadias: meta-analyses of four surgical repairs // Journal of Pediatric Urology,Volume 18, Issue 5, October 2022, Pages 587-597 https://doi.org/10.1016/j.jpurol.2022.08.005 (Accessed 05.01.2023) 2. Jamhari M., Rahman I., et al., Postoperative complications of Mathieu incised plate versus standard tubularized incide plate urethroplasty for distal hypospasdias: a systematic review and meta-analysis // Bali Medical Journal 2023, Volume 12, Number 1: 306-311, doi: 0.15562/bmj.v12i1.4058 3. Magdi M., Anwar A. Experience with modified two stage inner preputial flap for repair of proximal hypospadias with chordee: A single institution study with intermediate follow up // Journal of Pediatric Surgery, Volume 57, Issue 7, July 2022, Pages 1404-1408 https://doi.org/10.1016/j.jpedsurg.2021.05 (Accessed 05.01.2023) 4. Sarac M., Bakal U., et al., Is Stent Type Used in Snodgrass Method a Factor in Fistula Formation? // Nigerian Journal of Clinical Practice 2018, Volume 21, Issue 9: 1198-1201 eISSN: 2229-7731 5. Snodgrass W., Bush N. Stages Tubularized Autograft Repair for Primary Proximal Hypospadias with 30- Degree or Greater Ventral Curvature // The Journal of Urology, Volume 198, Issue 3, September 2017, Pages 680-686 https://doi.org/10.1016/j.juro.2017.04.019 (Accessed 05.01.2023) 6. Tarig J. Abbas, An objective hypospadias classification system // Journal of Pediatric Urology, Volume 18, Issue4, August 2022, Pages 481.e1-481.e8 https://doi.org/10.1016/j.jpurol.2022.05 (Accessed 05.01.2023) 7. Ting Zhan, Xu Cao, et al. Spongioplasty with Buck,s fascia covering dorsal inlay graft uretroplasty for primary hypospadias repair // Journal of Pediatric Urology, https://doi.org/10.1016/j.jpurol.2023.02. (Accessed 05.01.2023) 8. Yang H., Xuan Xx., Hu DI. et al. Comparison on effect between dartos fascia and tunica vaginalis fascia in TIP urethroplasty: a meta-analysis of comparative studies // BMC Urol 20, 161. 2020. https://doi.org/10.1186/s12894-020-00737-9 (Accessed 05.01.2023)
Көрген адамдардың саны: 68

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Клиникалық жағдай

Библиографиялық сілтемелер

Жаркимбаева А.Д., Канапиянов Ж.К., Аубакиров М.Т., Дюсембаев А.А., Тен Ю.В., Лозовой В.М., Мадиева М.Р. Ұл балалардағы уретраның толық емес екі еселенуімен қатар кездесетін гипоспадияның бағаналы формасының хирургиялық коррекциясы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 2 (Т.25). Б. 293-296. doi 10.34689/SH.2023.25.2.038

Авторизируйтесь для отправки комментариев