Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖАТЫР ТҮБІНІҢ ТҰРУ БИІКТІГІНЕ АНАСЫНЫҢ ЖАСЫ МЕН ПАРИТЕТІНІҢ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕКЕЛЕНГЕН СТАНДАРТТАРДА ҚОЛДАНУ
Кіріспе: Ұрықтың жатырішілік дамуының тежелуінің ең қолжетімді скрининг әдісіне жүктілік кезінде жатыр түбінің тұру биіктігінің (ЖТТБ) өсу графигі (гравидограмма) жатады. Жекеленген графиктер көрсеткіштері анасының этносына, жасына, паритетіне, антрометриялық сипатына (бойы, салмағы, дене салмақ индексі), жүктілік асқынулары, морбидті фоны, әлеуметтік факторларына байланысты ескеріп тұрғызылады. Мақсаты: Ұрықтың даму бұзылыстарын анықтау үшін жүктілік кезінде ЖТТБ анасының сипаттамаларының (жасы мен паритет) әсерін зерттеу. Материалдар мен тәсілдер: Зерттеу дизайны – бір мезетті ретроспективті көлденең зерттеу. Зерттеуге қосу критерийлеріне жатады: жүктіліктің алғашқы үш айында 10-14 апта мерзімдегі УДЗ скрининг болуы, жүктіліктің асқынбаған ағымы, бір ұрықты жүктілік. Зерттеуге қоспау критерийлері: көп ұрықты жүктілік, ұрықтың жамбаспен орналасуы, ұрықтың дұрыс емес жағдайда орналасуы (көлденең, қиғаш), ұрықтың салмағы 2500 грамм дейін немесе 4000 граммнан жоғары, уақытынан ерте босану, гипертензиялық жағдайлар, ұрықтың антенаталды өлуі, ұрықтың жатырішілік ақаулары, қағанақ суының көптігі, қағанақ суының аздығы, экстрагениталды патология. Нәтижелер: Біз дене салмағы 2500 мен 4000 грамм арасында тірі ұрық тууымен аяқталған ұрық басымен орналасқан толық жетілген жүктіліктің 3886 жағдайын таңдап алдық. Анасының жасы топтары бойынша ЖТТБ орташа өлшемдерін салыстырған кезде жүктіліктің 26, 28, 31 – 32, 35, 38 апталарында айқын айырмашылықтар анықталды. Сонымен қатар, анасының жасы 1 жылға артқан кезде жүктіліктің 26, 28, 31, 35, 38 мен 41 апталарында ЖТТБ өлшемдері 0,047 см; 0,055 см; 0,049 см; 0,063 см; 0,049 см; 0,057 см мен 0,067 см артатыны анықталды. Анасының паритет топтары бойынша ЖТТБ орташа өлшемдерін салыстырған кезде жүктіліктің 26 – 27, 30 – 35, 37 – 38, 41 апта мерзімдерінде ЖТТБ өлшемі артқан, яғни әрбір келесі жүктілікпен ЖТТБ өлшемі артқан. Сызықты регрессия көмегімен анасының 1 босануға артқан кезде жүктіліктің 31-33, 35 апталарында ЖТТБ өлшемдерінің 0,208 см; 0,254 см; 0,154 см; 0,189 см артуын, ал 38, 40-42 апталарда - 0,189 см; 0,188 см; 0,576 см; 7,845 см артуын болжауға мүмкіндік беретіні анықталды. Қорытынды: Анасының жасы мен паритеті ауысымдары жүктілік кезінде гестацияның 31 аптасынан кейін жатыр түбінің тұру биіктігіне әсер ететін факторларға жатады.
Меруерт Г. Шарипова1, https://orcid.org/0000-0002-5009-7387 Гульяш А. Танышева1, https://orcid.org/0000-0001-9531-5950 Анар С. Кыстаубаева2, https://orcid.org/0000-0002-8712-3307 Айжан Т. Шаханова1, http://orcid.org/0000-0001-8214-8575 Зайтуна Г. Хамидуллина3, https://orcid.org/0000-0002-5324-8486 Жанылсын А. Рыспаева1, https://orcid.org/0000-0003-1748-6548 Халида К. Шарипова3, https://orcid.org/0000-0001-5553-8156 1 «Семей Медицина Университеті» КеАҚ, Семей қ., Қазақстан Республикасы; 2 ШЖҚ МКК «Астана қала әкімдігінің №3 Көп профильді қалалық аурухана», Астана қ., Қазақстан Республикасы; 3 «Астана Медицина Университеті» КеАҚ, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
1. Barros F.C. et al. Global report on preterm birth and stillbirth (3 of 7): evidence for effectiveness of interventions // BMC pregnancy and childbirth. 2010. Vol. 10 Suppl 1, P.S3. 2. Carberry A.E. et al. Customised versus population-based growth charts as a screening tool for detecting small for gestational age infants in low-risk pregnant women // The Cochrane database of systematic reviews. 2014. Vol. 2014, №5. P. CD008549. 3. Clausson B. et al. Perinatal outcome in SGA births defined by customised versus population-based birthweight standards // BJOG : an international journal of obstetrics and gynaecology. 2001. Vol. 108, № 8. P. 830–834. 4. Duhig K., Myers J. Detecting fetal growth restriction with customised assessment: Is the jury still out? // PLoS medicine. 2022. Vol. 19, № 6. P. e1004028. 5. Frusca T. et al. Fetal size and growth velocity in chronic hypertension // Pregnancy hypertension. 2017. Vol. 10. P. 101–106. 6. Gardosi J. et al. Association between reduced stillbirth rates in England and regional uptake of accreditation training in customised fetal growth assessment // BMJ Open. 2013. Vol. 3, № 12. P. e003942. 7. Gardosi J. Customized charts and their role in identifying pregnancies at risk because of fetal growth restriction // Journal of obstetrics and gynaecology Canada : JOGC. Elsevier Masson SAS, 2014. Vol. 36, № 5. P. 408–415. 8. Gardosi J., Clausson B., Francis A. The value of customised centiles in assessing perinatal mortality risk associated with parity and maternal size // BJOG : an international journal of obstetrics and gynaecology. 2009. Vol. 116, № 10. P. 1356–1363. 9. Gardosi J. et al. Customized growth charts: rationale, validation and clinical benefits // American journal of obstetrics and gynecology. Elsevier Inc., 2018. Vol. 218, № 2S. P. S609–S618. 10. Gardosi J., Francis A. Controlled trial of fundal height measurement plotted on customised antenatal growth charts // British journal of obstetrics and gynaecology. 1999. Vol. 106, № 4. P. 309–317. 11. Gelbaya T.A., Nardo L.G. Customised fetal growth chart: a systematic review. // Journal of obstetrics and gynaecology : the journal of the Institute of Obstetrics and Gynaecology. 2005. Vol. 25, № 5. P. 445–450. 12. Kiserud T. et al. The World Health Organization fetal growth charts: concept, findings, interpretation, and application // American journal of obstetrics and gynecology. 2018. Vol. 218, № 2S. P. S619–S629. 13. Millogo T. et al. Factors associated with fresh stillbirths: A hospital-based, matched, case-control study in Burkina Faso // International Journal of Gynecology & Obstetrics. 2016. Vol. 135, № S1. P. S98–S102. 14. Ravula P.C. et al. Impact of introduction of the growth assessment protocol in a South Indian tertiary hospital on SGA detection, stillbirth rate and neonatal outcome // Journal of perinatal medicine. 2022. Vol. 50, № 6. P. 729–736. 15. Tarca A.L. et al. A new customized fetal growth standard for African American women: the PRB/NICHD Detroit study // American Journal of Obstetrics and Gynecology. 2018. Vol. 218, № 2. P. S679-S691.e4. 16. Williams M. et al. Fetal growth surveillance – Current guidelines, practices and challenges // Ultrasound. 2018. Vol. 26, № 2. P. 69–79. 17. Wallace J.M., Agard J.P., Horgan G.W. A new customised placental weight standard redefines the relationship between maternal obesity and extremes of placental size and is more closely associated with pregnancy complications than an existing population standard // Journal of developmental origins of health and disease. 2020. Vol. 11, № 4. P. 350–359.
Көрген адамдардың саны: 66

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Шарипова М.Г., Танышева Г.А., Кыстаубаева А.С., Шаханова А.Т., Хамидуллина З.Г., Рыспаева Ж.А., Шарипова Х.К. Жүктілік кезіндегі жатыр түбінің тұру биіктігіне анасының жасы мен паритетінің әсері және оларды жекеленген стандарттарда қолдану // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 2 (Т.25). Б. 97-104. doi 10.34689/SH.2023.25.2.014

Авторизируйтесь для отправки комментариев