Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕМОДЕКОЗ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАНУЫН БАҒАЛАУ
Кіріспе. Безеу, розацея, периоральды дерматит, демодекозды фолликулит сияқты папулопустулярлы дерматоздар тұрғындар арасында кең таралғандықтан, өте өзекті мәселе болып табылады. Бұл дерматоздардың бетте локализациясын және пациенттердің әлеуметтік белсенді жасын ескере отырып, аурудың даму салдарынан өмір сапасы айтарлықтай төмендеуі болуы мүмкін - әлеуметтік және кәсіби байланыстар бұзылады, невротикалық бұзылыстар мен депрессия жиі дамиды. Зерттеудің мақсаты. Халық арасында демодикоз ауруы, инфекция әдістері және аурудың алдын-алу туралы хабардар болу деңгейіне социологиялық зерттеу жүргізу. Материалдар мен әдістер: Семей қаласының тұрғындары арасында демодекоз ауруынан хабардар болуды бағалау мақсатында көлденең зерттеу жүргізілді. Зерттеу электронды сауалнама әдісімен жүргізілді. 18 бен 50 жас аралығындағы 128 тұрғын сұралды. Сауалнама осы ауру туралы білім, жұқтыру ықтималдығы, профилактикалық шаралардың тиімділігі, оларды сақтауға дайындығы және қолайлы ақпарат көздері туралы сұрақтарды қамтыды. Кешенді бағалау жүргізілді және олардың үлес салмағын есептей отырып, жеке ақпарат көздерінің басымдықтары анықталды. Нәтижелері: Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің тек 37,5% (n=48) демодекоз туралы бұрын-соңды естіген. Сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 22,4%-ы (n=28) ғана алдын алу шаралары туралы ақпаратқа ие, олардың 42,4%-ы (n=28) осы аурудың алдын алу әдістерін ұстанады. Респонденттер демодекоз ауруы туралы ақпарат көзі ретінде: косметолог пен дерматологқа бару, сондай-ақ интернет-ресурстарды көрсетті. Қорытынды: Семей қаласының тұрғындарының демодекоз ауруының таралуы туралы хабардар болуы бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнама білім деңгейі мен алдын алу шараларының төмендігін көрсетеді. Бұл дерматологиялық аурудың алдын алудың тиімді шаралары туралы ақпаратты азаматтардың назарына неғұрлым табанды түрде жеткізу қажет.
Марина Н. Лемишенко1, https://orcid.org/0000-0001-6596-2305 Зайтуна А. Хисметова1, https://orcid.org/0000-0001-5937-3045 Назым С. Искакова1, https://orcid.org/0000-0001-5631-5499 Гульзат Ж. Сарсенбаева2, https://orcid.org/0000-0002-1518-6528 Думан Берікұлы1, https://orcid.org/0000-0002-1518-6528 Камила М. Ахметова3, https://orcid.org/0009-0009-6257-4337 1 «Семей медицина университеті» КеАҚ, Семей қ., Қазақстан Республикасы; 2 "Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы" АҚ, Шымкент қ., Казақстан Республикасы; 3 «Астана медицина университеті» КеАҚ, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
1. Akilov O.E., Butov Y.S., Mumcuoglu K.Y. A clinico-pathological approach to the classification of human demodicosis // Journal der Deutschen Dermatologischen Gesellschaft = Journal of the German Society of Dermatology : JDDG. 2005. № 8 (3). C. 607–614. 2. Aktas Karabay E., Aksu Çerman A. Demodex folliculorum infestations in common facial dermatoses: acne vulgaris, rosacea, seborrheic dermatitis // Anais brasileiros de dermatologia. 2020. № 2 (95). C. 187–193. 3. Bitton E., Aumond S. Demodex and eye disease: a review // Clinical & experimental optometry. 2021. № 3 (104). C. 285–294. 4. Cheng A.M.S., Sheha H., Tseng S.C.G. Recent advances on ocular Demodex infestation // Current opinion in ophthalmology. 2015. № 4 (26). C. 295–300. 5. Demirkazık M., Koltas İ.S. Blepharitis Caused by Demodex // Turkiye parazitolojii dergisi. 2020. № 1 (44). C. 21–24. 6. Dessinioti C., Antoniou C. The «red face»: Not always rosacea // Clinics in dermatology. 2017. № 2 (35). C. 201–206. 7. Foley R. [et al.]. Demodex: a skin resident in man and his best friend // Journal of the European Academy of Dermatology and Venereology : JEADV. 2021. № 1 (35). C. 62–72. 8. Forton F.M.N., Maertelaer V. de Rosacea and Demodicosis: Little-known Diagnostic Signs and Symptoms // Acta dermato-venereologica. 2019. № 1 (99). C. 47–52. 9. Handa S. [et al.]. Upper Eyelid Nodule - An Unusual Presentation of Ocular Demodicosis // Nepalese journal of ophthalmology : a biannual peer-reviewed academic journal of the Nepal Ophthalmic Society : NEPJOPH. 2021. № 24 (13). C. 207–210. 10. Jacob S., VanDaele M.A., Brown J.N. Treatment of Demodex-associated inflammatory skin conditions: A systematic review // Dermatologic therapy. 2019. № 6 (32). С.784-790. 11. Lam N.S.K. [et al.]. Comparison of the efficacy of tea tree (Melaleuca alternifolia) oil with other current pharmacological management in human demodicosis: A Systematic Review // Parasitology. 2020. № 14 (147). C. 1587–1613. 12. Noy M.L., Hughes S., Bunker C.B. Another face of demodicosis // Clinical and experimental dermatology. 2016. № 8 (41). C. 958–959. 13. O’dell L. [et al.]. Psychosocial Impact of Demodex Blepharitis // Clinical ophthalmology (Auckland, N.Z.). 2022. (16). C. 2979–2987. 14. Paichitrojjana A. Demodex: The worst enemies are the ones that used to be friends // Dermatology reports. 2022. № 3 (14). C. 2979–2987 15. Rather P.A., Hassan I. Human demodex mite: the versatile mite of dermatological importance // Indian journal of dermatology. 2014. № 1 (59). C. 60–66. 16. Sarac G. [et al.]. Increased frequency of Demodex blepharitis in rosacea and facial demodicosis patients // Journal of cosmetic dermatology. 2020. № 5 (19). C. 1260–1265. 17. Vishwakarma P. [et al.]. Varied presentations of ocular demodicosis in a rural population // BMJ case reports. 2022. № 9 (15). С78-86.
Көрген адамдардың саны: 59

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Лемишенко М.Н., Хисметова З.А., Искакова Н.С., Сарсенбаева Г.Ж., Берікұлы Д., Ахметова К.М. Семей қаласы тұрғындарының демодекоз туралы ақпараттануын бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 3 (Т.25). Б. 173-177. doi 10.34689/SH.2023.25.3.023

Авторизируйтесь для отправки комментариев