Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРҒА СӘЙКЕС СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН НАУҚАСТАРДЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ШАРАЛАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Кіріспе: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және халықаралық сарапшылардың пікірінше, жаңа мыңжылдықтың басында денсаулық сақтаудың инфекциялық қауіпсіздігі мәселесі әлемнің барлық елдерінде олардың даму деңгейіне қарамастан жаһандық ауқымға ие болды. Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялармен (МККБИ) күресу мәселесі әлемнің барлық елдерінде өзекті, өйткені МККБИ-ның артуы өлім-жітімнің, ауру-сырқаудың және емдеу шығындарының артуына, сондай-ақ науқастар мен медициналық қызметкерлердің денсаулығына қауіп төндіреді. Медициналық сарапшылардың пікірінше, мұқият инфекциялық бақылау, оның ішінде қорғаныс шаралары мен жеке қорғаныс құралдарын қолдану сияқты әмбебап сақтық шаралары, АИТВ, қан арқылы жұғатын және басқа инфекциялардың таралуын болдырмау үшін, емделушілерді және медицина қызметкерлерін медициналық және стоматологиялық ұйымдарда инфекцияның ықтимал берілуінен қорғайды. Инфекциялардың таралу қауіпінің жоғары болуы стоматологиядағы күрделі мәселе болып табылады, өйткені стоматологиялық көмек халық арасында ең көп таралған медициналық қызмет болып табылады, сонымен бірге АИТВ-инфекциясына, В және С гепатиттеріне қатысты жағдай шиеленісуін жалғастыруда. Зерттеудің мақсаты: Нормативтік құжаттарға сәйкес стоматологиялық мекемелерде инфекциялық қауіпсіздікті сақтау шараларын зерделеу және бағалау. Материалдар мен әдістер: Медициналық процедуралардың қауіпсіз жүргізілуін бақылау үшін біз Шығыс Қазақстан облысы және Абай облысының стоматологиялық мекемелерінде (Өскемен, Семей, Зайсан, Аягөз, Күршім, Семей әскери госпиталь), халық арасында В және С гепатиті, COVID-19 және АИТВ-инфекциялық аурулардың жиілігін төмендету мақсатында мониторингтік зерттеулер жүргіздік. Зерттеу Шығыс Қазақстан облысы мен Абай ауданындағы 11 стоматологиялық мекеме базасында 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында жүргізілді. Бағалау парағын пайдалану арқылы стоматологиялық денсаулық сақтау ұйымдарындағы инфекциялық бақылаудың қолданыстағы тәжірибесін тікелей бақылау арқылы бағалау және мониторинг жүргізілді. Нәтижелер: Инфекциялық бақылау мен қауіпсіздікті, санитарлық-гигиеналық талаптарды, медициналық емшаралардың қауіпсіздігін, дезинфекциялау және зарарсыздандыру кезеңдерін, медициналық қалдықтармен жұмыс істеуді сақтамау, бір рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдармен және жеке қорғаныс құралдарымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, қан арқылы жұғатын инфекцияның таралу қауіпін тудырады. Барлық стоматологиялық ұйымдар халыққа медициналық стоматологиялық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу бойынша негізгі талаптар мен шараларды білудің және жүзеге асырудың маңыздылығын түсінбейді. Қорытынды: Зерттеу стоматологиялық мекемелерде инфекциялық қауіпсіздікті бақылау шараларын күшейту қажеттігін дәлелдейді. Стоматологиялық мекемелерде инфекцияны бақылау критерийлеріне сәйкестіктің орташа пайызы 50%-дан аз болды.
Жанна Ж. Төлегенова1, https://orcid.org/0000-0001-8174-2193 Шолпан Е. Токанова1, https://orcid.org/0000-0003-0304-4976 Асель Ж. Байбусинова1, http://orcid.org/0000-0003-3447-6245 Жанар М. Жуманбаева1, http://orcid.org/0000-0001-8941-862X Куралай Е. Калиханова1, https://orcid.org/0000-0002-5995-3362 Диана М.Токанова1, https://orcid.org/0000-0002-9171-8565 Сабина С. Сайлаугалиева1, https://orcid.org/0000-0002-0652-5719 1 КеАҚ «Семей медицина университеті», Семей қ, Қазақстан Республикасы.
1. Будняк М.А., Окунькова Е.В., Дмитриева Е.А. и др. Степень риска передачи инфекционного заболевания в условиях стоматологического приема // Современные проблемы науки и образования. 2015. № 3. С.16-20 https://science-education.ru/ru/article/view?id=17340. (Дата обращения: 26.06.2023) 2. Воробьев М.В. Проблема инфекционной безопасности при оказании стоматологической помощи // Здоровье, демография, экология финно-угорских народов. 2014. (1). С.6-10. 3. Джумалиева Г.А., Кравцов А.А., Соромбаева Н.О. и др. Руководство по эпидемиологическому надзору за вирусными гемоконтактными инфекциями в организациях здравоохранения Кыргызской Республики, Бишкек, 2014. 102 с. 4. Красильникова И.В., Ястребцев М.С. Профилактика ВИЧ-инфекции в стоматологической практике // Вестник совета молодых ученых и специалистов Челябинской области. 2016. Т.2. №3 (14). С.40-41. 5. Покровский В.И., Акимкин В.Г., Брико Н.И. и др. Национальная Концепция профилактики инфекций, связанных с оказанием медицинской помощи и информационный материал по ее положениям. - Н. Новгород: Ремедиум Приволжье, 2012. 84с. 6. Рабинович И.М., Голуисов А.А., Гуревич К.Г., Фабрикант Е.Г., Мартынов Ю.В. Профилактика ВИЧ/СПИДа в стоматологической практике : методические рекомендации. Роспотребнадзор. – М., 2006. 85 c. 7. Супатаева Н.У. Жылкыбаева Р.А., Жолдошбекова и др. Инфекционный контроль в стоматологии: учебное пособие: Изд-во КРСУ, 2018. 4-5 с. 8. Тутельян А.В., Акимкин В.Г., Марьин Г.Г. От внутрибольничных инфекций до инфекций, связанных с оказанием медицинской помощи: научное развитие проблемы // Эпидемиология и инфекционные болезни. Актуальные вопросы. 2019. Т. 9. №1. С. 14-22. 9. Al-Negrish A., Al Momani A.S., Sharafat F.Al. Compliance of Jordanian dentists with infection control strategies // International Dental Journal, 2008. vol. 58, no. 5, pp. 231–236, 10. Al-Omari M.A., Al-Dwairi Z.N. Compliance with infection control programs in private dental clinics in Jordan // Journal of Dental Education, 2005. vol. 69, no. 6, pp. 693–698, 11. Al-Rabeah G., Mohamed A.G. Infection control in the private dental sector in Riyadh // Annals of Saudi Medicine. 2002., vol. 22, pp. 13–17, 12. Bates D.W. Global priorities for patient safety research // British Medical Journal. 2009. Vol.338. P.1775. 13. Cronk R., Bartram J. Environmental conditions in health care facilities in low-and middle-income countries: coverage and inequalities // International Journal of Hygiene and Environmental Health, 2018. Vol. 221, no. 3, pp. 409–422, https://clck.ru/36gTHi (Accessed: 13.06.2023) 14. Djumalieva G., Toktobaev N., Schueth T., Eremin S. Experience with the National Programme for Infection Control in the Kyrgyz Republic // Int J Infect Control 2009, 5:10–11. 15. Reilly J. Results from the Scottish National HAI Prevalence Survey // Journal of Hospital Infection. 2008. Vol. 69. P.62-68. 16. Khader Y., Burgan S., Amarin Z. Self-reported needle-stick injuries among dentists in north Jordan // East Mediterr Health J. Jan-Feb. 2009. 15(1):185-9. 17. Kotsiomiti E., Tzialla A., Hatjivasiliou K. Accuracy and stability of impression materials subjected to chemical disinfection-a literature review // J Oral Rehabil. 2008. 35(4):291-9. https://doi. org/10.1111/j.1365-2842.2007.01771.x PMid:18321265. (Дата обращения: Accessed: 11.06.2023) 18. Reis R.K., Gir E., Canini S.R. Accidents with biological material among undergraduate nursing students in a public Brazilian university // Braz J Infect Dis. Fev 2004. 8(1):18-24. 19. Somasundram J., Geetha R.V. Disinfection of impression material-a review // Eur J Mol Clin Med. 2020. 7(1):2451-60. 20. Veronesi L., Bonanini M., Dall’Aglio P. et al. Health hazard evaluation in private dental practices: a survey in a province of northen Italy. Acta Biomed. Apr 2004. 75(1):50-5. 21. Vincent J.L. Nosocomial infections in adult intensive-care units // Lancet. 2003. Vol. 361. P.2068-2077. 22. World Health Organization. Report on the burden of endemic health care-associated infection worldwide. 2011. 34-40 p. References: [1-8] 1. Budnyak M.A., Okun'kova E.V., Dmitrieva E.A. i dr. Stepen' riska peredachi infektsionnogo zabolevaniya v usloviyakh stomatologicheskogo priema [Studying of level of knowledge and abilities of doctors of stomatologists concerning infectious safety]. Sovremennye problemy nauki i obrazovaniya [Modern problems of science and education]. 2015. № 3. pp.16-20. (Accessed: 26.06.2023) [in Russian] 2. Vorob'ev M.V. Problema infektsionnoi bezopasnosti pri okazanii stomatologicheskoi pomoshchi. [The problem of infection safety in the provision of dental care]. Zdorov'e, demografiya, ekologiya finno-ugorskikh. 2014. (1): p.6-10. 3. Dzhumalieva G.A., Kravtsov A.A., Sorombaeva N.O. i dr. Rukovodstvo po epidemiologicheskomu nadzoru za virusnymi gemokontaktnymi infektsiyami v organizatsiyakh zdravookhraneniya Kyrgyzskoi Respubliki [Tutorial for epidemiological surveillance of viral blood-borne infections in healthcare organizations of the Kyrgyz Republic], Bishkek, 2014. 102 p. [in Russian] 4. Krasil'nikova I.V., Yastrebtsev M.S. Profilaktika VICh-infektsii v stomatologicheskoi praktike [Prevention of HIV infection in dental practice]. Vestnik soveta molodykh uchenykh i spetsialistov Chelyabinskoi oblasti [Bulletin of the Council of Young Scientists and Specialists of the Chelyabinsk Region]. 2016. T.2. №3 (14). pp. 40-41. [in Russian] 5. Pokrovskii V.I., Akimkin V.G., Briko N.I. i dr. Natsional'naya Kontseptsiya profilaktiki infektsii, svyazannykh s okazaniem meditsinskoi pomoshchi i informatsionnyi material po ee polozheniyam [National concept for the prevention of infections associated with medical care and information material on its provisions]. N. Novgorod: Remedium Privolzh'e, 2012. p.84. [in Russian]. 6. Rabinovich I.M., Goluisov A.A., Gurevich K.G., Fabrikant E.G., Martynov Yu.V. Profilaktika VICh/SPIDa v stomatologicheskoi praktike : metodicheskie rekomendatsii [Prevention of HIV/AIDS in dental practice: guidelines]. Rospotrebnadzor. – M., 2006. 85 p. 7. Supataeva N.U. Zhylkybaeva R.A. Zholdoshbekova i dr. Infektsionnyi kontrol'' v stomatologii: uchebnoe posobie [Infection control in dentistry Training manual]. Bishkek: Izd-vo KRSU, 2018. pp. 4-5. [in Russian] 8. Tutel'yan A.V., Akimkin V.G., Mar'in G.G. Ot vnutribol'nichnykh infektsii do infektsii, svyazannykh s okazaniem meditsinskoi pomoshchi: nauchnoe razvitie problemy [From nosocomial infections to infections associated with medical care: scientific development of the problem]. Epidemiologiya i infektsionnye bolezni. Aktual'nye voprosy. [Epidemiology and infectious diseases. Current items]. 2019. T.9. №1. pp. 14-22. [in Russian]
Көрген адамдардың саны: 70

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Төлегенова Ж.Ж., Токанова Ш.Е., Байбусинова А.Ж., Жуманбаева Ж.М., Калиханова К.Е., Токанова Д.М., Сайлаугалиева С.С. Нормативтік құжаттарға сәйкес стоматологиялық көмек көрсету кезінде медициналық қызметкерлер мен науқастардың инфекциялық қауіпсіздігі бойынша шараларды зерделеу және бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б.113-121. doi 10.34689/SH.2023.25.6.013

Авторизируйтесь для отправки комментариев