Алдыңғы жылдардағы жарияланымдарды мына сілтеме бойынша көруге болады
Жариялымдар мұрағатта
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ БМСК ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ӘДЕБИЕТТІ ШОЛУ
Мақалада алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігерлерге арналған, жүйелі әдебиет бойынша басылымдардан іздестірумен алынған және қосымша білім беру жүйесінің жағдайын көрсететін басқа қол жетімді ақпараттардан алынған нәтижелер ұсынылды. Негізгі басылымдардың бөлігі PubMed, Medline, CINAHL, EMBASE, e-library, Google Scholar деректер қорында индекстелген. Іздеу кезеңі 30 жылдан астам болды.
Толығырақ
2015 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 33-42
ИНТРААБДОМИНАЛДЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ ЖӘНЕ КОМПАРТМЕНТ-СИНДРОМ: ӘДЕБИЕТТЕРДІ ШОЛУ
Мақалада интраабдоминалдық гипертензия және компартмент-синдромына арналған әдебиеттер ұсынылған. Қазіргі кітаптардың, басылымдардың, жарияланымдардың анализдары бойынша отандық және шетелдік ғалымдарының ой-пікірлері осы күнге дейін даулы сұрақтары болып табылады, олар: ішек қуыс қысым мөлшері, ішек қуыс қысымының өлшеуші құрылымы және әдісі, интраабдоминалды қысым және компартмент-синдром арасындағы теориялық және тәжірибелік «шекара», сондай-ақ осы екі күйінің даму себептері, классификациясы, патофизиологиялық тетіктері, клиникалық суреттері, емі және профилактикасы.
Толығырақ
2015 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 22-32
ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАЛҚАНША БЕЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ӘДЕБИЕТТЕРДІ ШОЛУ
Шолуда физиологиялық ағымдағы жүктілік процессінде, атап айтқанда оның жеке айы–күнінде қалқанша бездің функционалдық ерекшеліктері талқыланады. Жүкті әйелдер-дегі қалқанша бездің функционалды жағдай-ына йодты жетіспеушіліктің және радио-белсенді әсерлердің ықпалы. Жүктілікке, ұрыққа және жүкті әйелдің өзіне қалқанша без патологиясының әсері. Сол сияқты гестация кезіндегі қалқанша без қызметтерінің әртүрлі патологиялық өзгерістерін түзету әдістері талқыланады, өйткені олар жүктілікті аяғына дейін көтермеуге және ұрықтың және нәрестенің патологиясына әкелуі мүмкін. Йод жетіспеушілігі аумағында ...
Толығырақ
2015 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 13-21
ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Бұл мақалада оқушылардың денсаулық жағдайы динамикасының жағымсыз тенденциясы және өскелең ұрпақ денсаулығын сақтау және қалыптастырудағы білім беру жүйесінің рөлі жөніндегі мәліметтерге талдау жасалған.
Толығырақ
2015 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 55-59
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСIН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТIЛДIРУ ЖОЛДАРЫ ЖАҒДАЙЫНДА АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ: ӘДЕБИЕТТЕРДІ ШОЛУ
Бұл мақалада дансаулық сақтау саласындағы өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап алдын алу жұмыстарының ұйымдастырылуының ерекшелігі мен жетілдірілуіне арналған әдебиетке шолу жазылған.
Толығырақ
2015 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 43-54