Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
Фильтр
Автор(ы):
  
СУДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ, ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ
ШҚО, «Водный», «Шығыс» кенттерінің жер асты суларының органолептикалық қасиеттері: температура, мөлдірлік, түсі, иісі, тұнба және химиялық құрамы: рН, құрғақ қалдық, НСО3,-, Сl-, SO2-4, Са2+, Мg2+, Ғе3+ иондары теориялық мәліметтерге сүйене отырып, іс-тәжірибе жасалынып қарастырылған. Әр кенттерден он сынамадан алынып, зертханада титрлеу, аналитикалық, фотометрлік т.б. зерттеу әдістерін қолдана отырып анықтау жүргізілген.
Толығырақ
2013 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 68-70

МЕТАБОЛИКАЛЫҚ СИНДРОМЫ БАР НАУҚАСТАР ҚАНЫНЫҢ ЛИПИДТІК СПЕКТРІ ЖӘНЕ ЭРИТРОЦИТТЕР АГРЕГАЦИЯСЫ
Метаболикалық синдромы бар науқастарда Ашкинази әдісімен эритроциттердің агрегациялы қасиеттеріне лазер сәулелерінің әсерін зерттеу қанның реалогиялық қасиеттерінің жақсаруын көрсететін эритроциттер агрегациясы деңгейінің төмендеуін анықтады. Сонымен қатар, липидтік алмасу көрсеткіщтеріне лазердің жағымды әсері байқалды.
Толығырақ
2013 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 63-64

AGGREGATION OF ERYTHROCYTES AND BLOOD LIPID SPECTRUM IN PATIENTS WITH METABOLIC SYNDROME
Study influence of laser rays on aggregating properties of red corpuscles by the method of Ashkinazy for patients with a metabolic syndrome allowed reveal the decline of red corpuscles aggregating degree, that specifies on the improvement of reologic blood properties. In parallel with this the positive effect of laser is marked on the indexes of lipid exchange.
Толығырақ
2013 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 63-64

INFLUENCE OF ECONOMIC ACTIVITY TO UNDERGROUND WATERS
Автор (лар):
2013 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 65-66

СӘУЛЕЛЕНГЕН ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАР ЖІҢІШКЕ ІШЕГІНІҢ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Кіріспе. β– мен γ–сәулелеу әсеріне душар болғандардың көптеген бүліндіргіш салдарымен қоса асқорыту жүйесіне да ерекше мән бөлінеді. Жапон қалаларындағы атомдық бомбалаудың салдарын зерттеген ғалымдардың еңбектеріндегі нейтронды–белсенді Марганец–56 (56Mn) рaдионуклидінің басым рөлі заманауи жағдайда зор қызығушылық арттырады.

Зерттеу мақсаты. Шағын дозалы β– мен γ–сәулелеу әсеріне ұшыраған егеуқұйрықтардың жіңішке ішегіндегі морфометриялық көрсеткіштерді анықтау және салыстыру.


Толығырақ
2018 жыл | Шығарылым: 3 | Беттер: 5-19

ЖЕКЕ СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КЛИНИКАДА КҮТУ ДЕҢГЕЙІН ЖӘНЕ ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚАНАҒАТТАНДЫРУ ДЕҢГЕЙІН ТАЛДАУ

Кіріспе: Стоматология - ең алдымен, алғашқы медициналық-санитарлық көмек. Әлемдегі тіс дәрігерлік күтіміне ие болған барлық науқастар қауіпсіз және сапалы көмек алуға құқылы. Бүгінгі күні алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыруда стоматологиялық көмектің сапасын жақсарту туралы нақты түсінік бар. Сапаны қамтамасыз етуде және жетілдіруде стоматологиялық көмектің сапасын бақылау мен бағалау маңызды рөл атқарады. Бұл сапа кепілдігіне әсер ететін көрсеткіштер мен шаралардың айқын анықталуын талап етеді, яғни жоғары сапалы және қауіпсіз стоматологиялық көмек көрсетілетінін о...

Толығырақ
2018 жыл | Шығарылым: 2 | Беттер: 78-89

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ НАУҚАСТАРДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САРАЛАУ (TRIAGE) ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ
Жедел жәрдем бөлімі жедел медициналық көмек қызметі мен стационар арасындағы негізін қалаушы буын болып табылады. Жедел жәрдем бөлімінде медициналық сұрыптау науқас түскеннен кейін қысқа уақыт ішінде жарақаттың немесе аурудың ауырлық дәрежесін бағалауға, көмек көрсетудің приоритетін анықтауға және науқасты емдеу үшін қолайлы жерге тасымалдауға бағытталған.
Толығырақ
2018 жыл | Шығарылым: 2 | Беттер: 115-128

АНТРОПОГЕНДІ ХИМИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ҰРЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕЖЕЛУ СИНДРОМЫНА ӘСЕРІ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.

БДҰ мәліметтері бойынша ұрықтың жатыр ішілік дамуының тежелуімен туатын нәрестелердің кездесу жиілігі Орта Азияда 31,1 %-дан, Еуропа елдерінде 6,5%-ға дейін, ТМД елдерінде 2,4%-17%-ға дейін өзгереді. Бұл патологияның дамуына әсер ететін негізгі әлеуметтік-экономикалық факторлардың бірі, анасының шылым шегуі, экология деңгейі, өндірістік қалдықтардың әсері және олардың утилизация мәселелері екендігін әдебиет көздерінің талдауы растайды. Жалпы және соматикалық аурушаңдықтың жеке аурулар класстары бойынша 1,5-2,3 есе өсуі, асқынумен өтетін босанулардың жиілігінің өсуі, өндірісті...

Толығырақ
2018 жыл | Шығарылым: 2 | Беттер: 129-147

60 ЖАСТАН АСҚАН НАУҚАСТАРДАҒЫ ЖЕДЕЛ ХОЛЕЦИСТИТТІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН ЕМІНЕ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ

Шұғыл хирургияда егде және қарт жастағы адамдар арасында жедел холецистит (ЖХ) кездесу жиілігі бойынша алдыңғы орынды алады. Және бұл жас аралығында диагностика, емі және барлық мүмкін болатын асқынуларының профилактикасы туралы біржақты ұсыныстар жоқ.


Толығырақ
2018 жыл | Шығарылым: 2 | Беттер: 148-167