ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН КЛИНИКАЛЫҚ СЫНАҚТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН АНЫҚТАЙТЫН ТАЛДАУ
Елдегі клиникалық зерттеулер (КЗ) туралы ақпараттың қолжетімділігі жеткілікті ашықтықтың және жүргізілетін КЗ сапасының маңызды шарты болып табылады. Осы зерттеудің мақсаты Қазақстанда КЗ туралы ақпараттың қолжетімділігін талдау болды. Негізгі әдісті интернетте жалпыға қол жетімді дереккөздермен іздеу болып табылады. Төрт дереккөз бойынша мәліметтер табылып талданды: екі орыс тілді-дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының КЗ ұлттық базасы, Қазақстандағы КЗ туралы деректермен бірге "дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі" ресейлік тіркелімі; екеуі ағылшын тілінде- ClinicalTrials.gov АҚШ Ұлттық медицина Кітапханасының халықаралық базасы және ДДҰ International Clinical Trials Registry Platform (ICTRP) клиникалық зерттеулер тізілімінің халықаралық платформасы. Сондай-ақ, жергілікті этикалық комиссиялардың деректері ескерілді. Талдау нәтижелері бойынша келесі негізгі тұжырымдар жасалды: ағылшын тіліндегі мәліметтер базасы қол жетімді және ақпараттар толық берілген; ақпарат мөлшері мен оның мазмұны әр түрлі; барлық ресурстарда мәліметтер аса жеткіліксіз. Осындай талдаулар негізінде Қазақстанда КЗ туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру үшін кейбір ұсыныстар берілді.
Көрген адамдардың саны: 264
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Сибагатова A., Кулкаева Г., Касиева Б., Авдеев A., Турар O., Албаев Р., Шаназаров Н., Нургожин T., Исабекова A. Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта жүргізілетін клиникалық сынақтар туралы ақпараттың қолжетімділігін анықтайтын талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б. 7-14. doi 10.34689/SH.2023.25.6.001Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА