ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2019-2022 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӨКПЕ ОБЫРЫНЫҢ ТАРГЕТТІ ТЕРАПИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Кіріспе: Өкпе обырымен ауыратын науқастарды емдеу қазіргі таңда медицинаның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Эпидермиялық өсу факторы рецепторы (EGFR-Epidermal Growth Factor Receptor) генінің мутациясын анықтау ұсақ жасушалы емес өкпе обырын емдеудегі маңызды қадам болып табылады, өйткені бұл тәсіл арнайы әзірленген таргетті терапия препараттарын қолдану клиникалық тиімді және науқастардың арнайы тобын анықтауға мүмкіндік береді. Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, ұсақ жасушалы емес өкпе обырының EGFR мутациясы бар науқастарда таргетті терапия препараттарын қолдануы клиникалық тиімділігі бар екенін айқындайды, өйткені бұл химиотерапия нәтижелерімен салыстырғанда объективті әсерлердің айтарлықтай жоғарылауына және үрдістің үдеусіз өміршеңдігінің жақсаруына әсер етеді.
Зерттеудің мақсаты - Түркістан облысында 2019-2022 жылдардағы өкпе обырындағы таргетті терапияның тиімділігін бағалау.
Материалдар мен әдістер: Зерттеу мақсатында Каплан-Мейер әдісімен және RECIST критерийлері бойынша емдеу нәтижелеріне ретроспективті статистикалық зерттеу жүргізілді. Науқастар минимизация процедурасын қолдана отырып рандомизацияланған (1:1) және EGFR мутация түріне сәйкес стратификацияланған. Бастапқы нәтиже зерттелетін препараттың кем дегенде бірнеше дозасын алған, расталған өкпе обыры бар науқастарда талданған үрдістің үдеусіз өміршеңдігін бағалау болды. Зерттеу кезеңінде Түркістан облысында өкпе обырының EGFR мутациясы бар 96 науқас қаралды, оның 48 – і таргеті терапия қабылдады (афатиниб – 28 (58%) науқас, эрлотиниб – 11(23%) науқас, осимертиниб - 9(19%) науқас), ал қалған 48-і химиотерапия қабылдады.Талданатын көрсеткіштер ретінде қарастырылды: науқастың жасы, жынысы, гистологиялық қорытындысы, диагнозы, сатысы, ем түрлері. Барлық статистикалық есептеулер SPSS бағдарламасының көмегімен жүргізілді (25.0 нұсқасы, IBM SPSS Inc., Чикаго, АҚШ). Деректер сипаттамалық статистика әдістерін қолдана отырып жинақталды.
Нәтижелер: Осылайша, афатанибпен үрдістің үдеусіз өміршеңдігі - 12,6 ай, химиотерапиямен - 5,8 айды құрайды. Афатиниб препаратын қабылдайтын науқастарда үрдістің үдеуі химиотерапия қабылдайтын науқастарға қарағанда 0,266667 есе аз байқалады, өйткені сенімділік интервалында 1 болмайды, афатинибті қабылдау мен үрдістің үдеуі басталу уақыты арасындағы байланыс статистикалық маңызды (p<0,05). Яғни, үрдістің үдеусіз өміршеңдік медианасы афатиниб қабылдаған науқастарда химиотерапия алған науқастарға қарағанда айтарлықтай жоғары болды (12,6 қарсы 5,8 ай; СТ=0,26667, 95% СИ 0,10088–0.703733; p< 0,05). Ал, Эрлотиниб қабылдаған кезде үрдістің үдеусіз өміршеңдігі - 13,8 ай, химиотерапия қабылдаған кезде – 4,8 ай. Эрлотиниб препаратын қабылдайтын науқастарда үрдістің үдеуі химиотерапия қабылдайтын науқастарға қарағанда 0,2223 есе аз байқалады, содан кейін эрлотинибті қабылдау мен үрдістің үдеуі басталу уақыты арасындағы байланыс статистикалық маңызды (p<0,05) Яғни, эрлотинибпен емделген науқастарда химиотерапиямен емделген науқастарға қарағанда үрдістің үдеусіз өміршеңдік медианасы айтарлықтай жоғары болды (13,8 қарсы 5,8 ай; СТ=0,2223, 95% СИ 0,187457–0.932733; p< 0,05). Сонымен қатар, Осимертинибпен үрдістің үдеуісіз өміршеңдігі - 10 ай, химиотерапиямен - 4,6 ай. Осимертиниб препаратын қабылдайтын науқастарда үрдістің үдеуі химиотерапия қабылдайтын науқастарға қарағанда 0,42857 есе аз байқалады, осимертинибті қабылдау мен үрдістің үдеуі басталу уақыты арасындағы байланыс статистикалық маңызды (p<0,05). Яғни, үрдістің үдеусіз өміршеңдік медианасы химиотерапиямен емделген науқастарға қарағанда осимертинибпен емделген науқастарда айтарлықтай жоғары болды (10 қарсы 4,6 ай; СТ=0,42857, 95% СИ 0,161232–0.737965; p< 0,05).
Қорытынды: Алғаш рет Түркістан облысында 2019-2022 жылдардағы өкпе обырының таргетті терапияның тиімділігі бағаланды. Таргетті терапиямен емделген науқастарда 6 (13%) – үрдістің үдеуі, науқастарда 33 (68%) - үрдістің тұрақтануы, науқастарда 9 (19%) - ішінара регрессия байқалды. Үрдістің тұрақтануы 68% құрады, яғни 12 айдан астам уақыт Үрдістің тұрақтануы сақталды. Осы зерттеудің нәтижелері, Lux-Lung 6 зерттеулеріне сәйкес келді. Стандартты химиотерапиямен салыстырғанда, таргетті терапия ұсақ жасушалы емес өкпе обырының EGFR мутациясы бар науқастарда үрдістің үдеусіз өміршеңдігі айтарлықтай жақсаруын қамтамасыз етті және жағымсыз әсерлердің төзімділігі артты.
Көрген адамдардың саны: 163
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Туменбаева Ж.С., Макишев А.К. Түркістан облысында 2019-2022 жылдардағы өкпе обырының таргетті терапияның тиімділігін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б.30-37. doi 10.34689/SH.2023.25.6.004Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА