ТОҚПАН ЖІЛІКТІҢ ПРОКСИМАЛЬДЫ БӨЛІГІНІҢ СЫНЫҚТАРЫН ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫНЫ ӘЗІРЛЕУ. БИОМЕХАНИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ ӨТКІЗУ.
Өзектілігі. Тоқпан жіліктің проксимальды бөлігінің сынықтары тірек-қимыл жүйесінің барлық сынықтарынын 5-10% құрайды. Әлемдік әдебиеттерде жоғарыда аталған сынықтарды хирургиялық емдеудің көптеген әдістері сипатталған, бірақ әлі күнге дейін қабылданған стандарт жоқ. Осыған байланысты тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарынын хирургиялық оңалту нәтижелерін жақсарту үшін импланттардың жаңа түрлерін, әртүрлі хирургиялық әдістерді ойлап табу жұмыстары әлі де жалғасуда.
Зерттеудің мақсаты. Тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарының тұрақты-функционалды остеосинтезіне арналған жаңа құрылғы ойлап табу.
Материалдар мен әдістер. Тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарының отеосинтезіне арналған жаңа құрылғы жасалынды. Тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарының әзірленген құрылғымен остеосинтезінің тұрақтылығын тексеру үшін «сүйек – фиксатор – сүйек» жүйесінде биомеханикалық зерттеу жүргізілді. «Sawbones» фирмасында жасалған Humerus, 4th Gen. тоқпан жілік модельдерінің барлығы 4 данасы қолданылды. Хирургиялық мойынының сынығы модельденіп, статикалық жүктеме режимінде 5 мм/мин қысу және 50/мин бұралу сынақтары жүргізілді.
Нәтижелері. "Сүйек-фиксатор-сүйек" жүйесіндегі иық сүйегінің екі моделін қысу режимінде зерттеген кезде, шекті жүктеменің орташа мәні 1105,35 Ньютонды құрады, жоғарыда көрсетілген жүктеме кезінде сынық бөліктерінің жылжуының орташа мәні 1,61 мм құрады. "Сүйек-фиксатор-сүйек" жүйесіндегі иық сүйегінің екі моделін бұралу режимінде зерттеген кезде шекті жүктеменің орташа шамасы 16.22 Нм, ал жоғарыда көрсетілген жүктеме кезінде сынық бөліктерінің жылжуының орташа бұрышы 48.970 құрады.
Тұжырым. Жүргізілген биомеханикалық зерттеу тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарын әзірленген құрылғымен остеосинтезі тұрақты екенін дәлелдеді. Зерттеуге бақылау тобы енгізілмеген, осыған байланысты болашақта стандартты құлыптама пластина қолданылған бақылау тобын қоса отырып, ақырлы элементтер әдісімен компьютерлік модельдеу жүргізу қажет.
Көрген адамдардың саны: 178
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Мусабеков А.С., Жунусов Е.Т., Тлемисов А.С., Аубакирова С.К., Проказюк А.А., Болатұлы А., Азаматов Б.Н. Тоқпан жіліктің проксимальды бөлігінің сынықтарын хирургиялық емдеуге арналған құрылғыны әзірлеу. Биомеханикалық эксперимент өткізу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б.71-76. doi 10.34689/SH.2023.25.6.008Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА