Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚУЫҚ АСТЫ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРСІЗ ГИПЕРПЛАЗИЯСЫ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛҒАН НАУҚАСТАРДА УРЕТРА СТРИКТУРАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚУЫҚ СКЛЕРОЗЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫНЫҢ ҮЛЕСІН БАҒАЛАУ
Кіріспе. Үрпі стриктурасы мен қуық мойынының склерозы, көптеген елдерде ерлер урологиялық патологиясының жиі себептерінің бірі болып табылады. Стриктуралардың негізгі себептері жыныстық қатынаспен берілетін инфекцияның, жамбас жарақаттарының, операциялардың әсерінен үрпінің фиброзы. Зерттеу мақсаты қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясына байланысты операция жасалған науқастарда үрпі стриктурасы мен қуық склерозының дамуына әртүрлі қауіп факторлерінің әсерін зерттеу. Материалдар мен әдістер. Біз қауіп қатер факторының әрқайсысына мүмкіндіктер қатынасын есептеу арқылы үш жылда операция жасалған науқастар арасында – 2019 ж. 2021 жж. (барлығы 702 науқас) операциялық араласулардың кеш асқынуларының таралуын ретроспективті эпидемиологиялық зерттеу жүргіздік. Топтардың әртүрлі қажеттілігінің критикалық деңгейі р<0,05 болып қабылданды. Статистикалық сараптаманың барлық шаралары SPSS 20 бағдарламасы бойынша жасалды. Нәтижелер. Үрпі стриктуралары мен қуық мойын склерозы операциядан кейіңгі кезеңде 4,9 % науқастарда кездесті. Статистикалық нақты деңгейі бар негізгі қауіп факторлары, госпитализацияның жедел түрі (МҚ=0,015, р=0,006), операцияға дейіңгі инфекциялық қабыну (МҚ=0,624, р=0,042) және операцияға дейіңгі қалдық зәр мөлшері (МҚ=1,014, р=0,022). МҚ жоғарғы көрсеткіштері ҚТҮР-ға, артық салмақ және семіздік, бір жылдан аса созылмалы аурулар бар науқастарда болды. Қорытыңды. ҚБҚГ бойынша операциялық араласуларды жоспардау кезінде, сонымен қатар операциядан кейіңгі кезеңде науқастарды жүргізуде, үрпінің стриктурасы мен қуық мойын склерозының алдын алу шараларын құрастыру және еңгізу мақсатында оның дамуының қауіп қатер факторлерін ескеру керек.
Көрген адамдардың саны: 141

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Кайрамбаев Е.М., Сидехменов В.A., Майлыбаев А.C., Булегенов Т.А., Неймарк А.И., Ахметова А.К., Уразалина Ж.M., Пивин М.Р., Пивина Л.M. Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бойынша операция жасалған науқастарда уретра стриктурасының және қуық склерозының дамуына қауіп факторларының үлесін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б.91-96. doi 10.34689/SH.2023.25.6.010

Авторизируйтесь для отправки комментариев