БАЛАЛАРДА ХИМИЯЛЫҚ КҮЙІКТЕН КЕЙІНГІ ТЫРТЫҚТЫ ТАРЫЛҒАН ӨҢЕШКЕ ТӨС АСТЫЛЫҚ КОЛОЭЗОФАГОПЛАСТИКА ЖАСАУ
Балаларда өңештің химиялық күйіктерінен кейінгі емдік шаралар 3 - 20% жағдайда оң нәтиже бере бермейді, сондықтан өңеш тамақ өтпестей тыртықты тарылып қалады. Өңештің ондай тыртықты тарылуын емдеу үшін тек ащы ішек, тоқ ішек немесе асқазан бөліктерін пайдаланып ота жасайды. Одан басқа шара жоқ.
Бірақ бұл оталардың әрқайсысының өзінің тиімді және тиімсіз, артықшылықтары және кемшіліктері болады. Сондықтан балалар жасында ота тәсілімен өңешке пластика жасаудың тиімді түрін таңдау өте өзекті мәселе болып саналады. Сол себепті бұл мақалада өңештің химиялық күйіктен кейінгі басқа емдік шаралармен емделмейтін тыртықты тарылуын тоқ ішектің сол жақ бөлігін пайдаланып жасалған оталар нәтижесі талқыланған. Бұл жұмыстың ғылыми жаңалығы, балалар өңешінің химиялық күйіктен кейінгі басқа емдік шаралармен емделмейтін тыртықты тарылуын емдеудің ота жасалып ауруханада емделген және отадан кейінгі нәтижелері үлкен клиникалық жинақта көрсетілген, соның нәтижесінде бұл отаның балалардағы тиімділігі - мен ұтымдылығы көрсетілген.
Көрген адамдардың саны: 513
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Кұсайнов А.З., Тұрсынов Қ.Т., Мырзахмет С.А., Кұниязов Ж.К. Балаларда химиялық күйіктен кейінгі тыртықты тарылған өңешке төс астылық колоэзофагопластика жасау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б. 97-102. doi 10.34689/SH.2023.25.6.011Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА